Стоковые изображения от Depositphotos
Жыл басынан бері полицияға ойын-сауық орындарына қатысты 1818 шағым түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәліметтерге сәйкес, «102» арнасына түскен хабарламалар, сондай-ақ полицияға тіркелген өтініштер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде Абай облысындағы ең қауіпті мекемелердің рейтингі жасалды.
Тізімді «Рибай» ойын-сауық орны бастап тұр, «102«арнасына рекордтық өтініш саны түсті – 89 хабарлама. Екінші орынды 79 хабарламасы бар «Ассоль» ойын-сауық мекемесі. Үшінші орын «Анита» мейрамханасында. Бұл нысанға 65 хабарлама түсті. «Ника» дәмханасы орналасқан мекен-жай бойынша 42 хабарлама түсті. Бестікті «Мельница» ойын-сауық орны қорытындылайды. Бұл мекемеге қатысты 40 хабарлама түсті.
«Ең қауіпті 5 мекеменің әрқайсысы үшін көрсеткіштерге «102» арнасындағы хабарламалар саны, полицияға тіркелген өтініштер, қылмыстар, сондай – ақ, көрнекі салыстыру үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер кіреді», — делінген ПД хабарламасында.
Сурет: Абай облысы ПД
По сообщению сайта Arna Press