SportInfo,
20 августа 2026
в 11:47
Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы командалық Қазақстан Кубогы жалғасуда. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған мерейтойлық жарыс Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында өтіп жатыр және 22 тамызда аяқталады. Турнирге еліміздің 16 өңірінің құрамалары қатысуда. Әр команданың құрамында үш ұл, үш қыз және екі капитан бар.
Arna Press,
13 августа 2026
в 11:08
Қазақстанда электронды тұтыну жүйелерінің айналымына тыйым салынғанына қарамастан, оларды заңсыз әкелу, сақтау және сату фактілері әлі де анықталуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМА сілтеме жасап. Әсіресе бұл өнімдердің жастар мен кәмелетке толмағандар арасында таралуы алаңдатады.Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптердің заңсыз айналымына қатысты 25 деректі тоқтатты. Қазіргі таңда 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Arna Press,
03 августа 2026
в 13:38
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМА баспасөзіне сілтеме жасап.Тергеу барысында шамамен 140 мың азаматтың медициналық ұйымдарға жалған тіркелгені және көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәліметтердің енгізілгені белгілі болды.Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергелуде.
Arna Press,
30 июля 2026
в 16:28
Астанада Креативті индустрияларды дамыту қорының бастамасымен «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Жоба балалар мен жастар арасында қазақтың дәстүрлі қолөнерін дәріптеп, ұлттық мәдени мұраны сақтауға бағытталған.Бағдарлама аясында еліміздің әр өңірінен іріктелген 208 оқушы танымал қолөнер шеберлерінен тегін білім алады.
SportInfo,
22 июля 2026
в 10:56
29 шілдеден бастап Астана бірнеше күнге әлемдік киберспорттың басты орталықтарының біріне айналады. Елордаға өнерін миллиондаған жанкүйерлер осы уақытқа дейін тек ірі халықаралық турнирлердің тікелей эфирлері арқылы ғана тамашалап келген әлемнің үздік командалары келеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қазспортинвест» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
16 июля 2026
в 13:28
Астанада базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылып, соның салдарынан жарылыс орын алған.
SportInfo,
14 июля 2026
в 08:36
Астанада Ұлттық теннис орталығының Beeline Arena ашық хард корттарында өткен World Tennis W15 санатындағы халықаралық турнирдің алғашқы жарыс аптасы өз мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыстар 6–12 шілде аралығында өтті. Жекелей сында 64 теннисші (32-сі негізгі кезеңде, 32-сі іріктеу кезеңінде) бақ сынаса, жұптық сында 16 жұп чемпиондық атақ үшін таласты. Қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік нәтиже Аружан Сағандықованың финалға дейін жетуі болды.
SportInfo,
27 июня 2026
в 09:36
Астанада таеквондодан Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирінің екінші жарыс күні өтті. Бұл жолы бәсеке жастар арасында жалғасты. Қазақстан құрамасы 27 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
26 июня 2026
в 09:56
Астанада таеквондодан Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирінің алғашқы жарыс күні өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды: 3 алтын, 3 күміс және 7 қола. Сондай-ақ ұлттық құрама ересектер арасындағы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
16 июня 2026
в 12:56
Бүгін елордалық «Дәулет» теннис орталығында арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шараға Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысып, жарысқа келген спортшыларға сәттілік тіледі.
SportInfo,
05 июня 2026
в 13:36
6 маусымнан бастап елордада салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және жасөспірімдер мен жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған «Өзіңнен баста» атты жыл сайынғы тегін әлеуметтік-спорттық жоба бастау алады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
22 мая 2026
в 10:56
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.
SportInfo,
13 мая 2026
в 14:16
12 мамырда Астанада классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы аяқталды. Чемпиондар — 15 жастағы Сауат Нұрғалиев және 16 жастағы Зарина Нұрғалиева. Регламент бойынша чемпионаттың жүлдегерлері олимпиадалық құрамаларға қабылданады. Сауат 15 жасында елдің негізгі құрамына енеді — қазақстандық құрамаларда мұндай жас ойыншылар әлі болмаған.
SportInfo,
21 апреля 2026
в 12:26
Әр алтын медаль — бөлек спортшыға тиесілі. Бірде-бір қайталау, тоғыз түрлі есім, бір құрамада тоғыз әлем чемпионы. Міне, сербиялық Врнячка-Баня қаласында өткен рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдердің көрсеткен нәтижесі осындай. Бұл — осындай турнирлер тарихындағы еліміздің ең үздік медальдық көрсеткіші.
Arna Press,
19 марта 2026
в 14:08
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz. комитетке сілтеме жасапВедомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектеп қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу барысында заңсыз сыйақы алу мен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері тіркелген.Атап айтқанда, Астанада Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға және емтиханнан өтуге көмектесу үшін жүйелі түрде пара алып отырған.
Arna Press,
17 марта 2026
в 16:18
Астана қаласында Ұлттық спорт күніне орай ерекше ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігіне сілтеме жасапБір уақытта 18 мыңнан астам бала қазақтың көне ұлттық ойыны — асық ойнауға қатысты.Іс-шара Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды. Мәдени-спорттық бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.Шара аясында 3000 бала «Алтын сақа» атты флешмобқа қатысып, арнайы композиция құрып, асықтың «алшы» түсу бейнесі мен «Алтын сақа» жазуын сомдады.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 17:38
Елімізде жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ведомствоның хабарлауынша, қалалық мобильдік пен логистика саласында бірқатар инновациялық жобалар жүзеге асырылмақ.
Arna Press,
28 января 2026
в 17:08
Астанада Instagram әлеуметтік желісі арқылы азаматтарды алдаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аrnapress.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасапТергеу мәліметінше, 2021–2025 жылдар аралығында 30 жастағы ер адам өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген.
Arna Press,
23 января 2026
в 15:59
Абай жері, Абай елі атанған өңірде талантты жастардың көп болуы заңдылық. Солардың бірі – ақын, бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы Азамат Серікұлы. Осы орайда Arnapress.kz тілшісі жас қаламгермен арнайы сұхбаттасып, шығармашылық жолы мен жетістіктері жайлы тілдесті.Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылының тумасы Азамат Серікұлы әдеби ортада өзіндік қолтаңбасымен танылып келеді.
SportInfo,
28 октября 2025
в 12:06
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 2-ші шахмат Олимпиадасы FIDE-1 командасының жеңісімен аяқталды. Күміс медаль – алғашқы Олимпиаданың жеңімпазы Польша құрамасына, ал қола – Израиль командасына бұйырды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 2-ші шахмат Олимпиадасының (2nd Chess Olympiad for People with Disabilities) соңғы, 6-шы туры 25 қазанда өтті.
SportInfo,
22 октября 2025
в 19:26
Қазақстан таеквондодан (WT) 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу орны ретінде ресми түрде таңдалды. Бұл шешім Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) жиынында қабылданды. Дүниежүзілік федерацияға мүше елдердің өкілдері бірауыздан Қазақстанның кандидатурасын қолдады.
SportInfo,
14 октября 2025
в 12:56
Скопье қаласында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары кездесті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Қос құрама арасындағы алғашқы тайм тең дәрежеде өтіп, гол соғылмады. Ал екінші таймда Дінмұхамед Қараман есепті ашып, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
SportInfo,
10 октября 2025
в 18:06
2025 жылғы 12 қазанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында «UNI Football League» жобасы аясындағы командалар арасында алғашқы Инклюзивті футболдан республикалық турнир өтеді. Турнирге аутизм, Даун синдромы, ДЦП және басқа да ерекшеліктері бар 90-ға жуық бала мен жасөспірім, сондай-ақ олардың ата-аналары мен жаттықтырушылары қатысады. Қатысушылар Қазақстанның 10 қаласынан, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды және басқа да өңірлерден келеді. «UNI Football League» жобасы 2023 жылдан бастап «Bolashak Charity» қоғамдық қоры, Қазақстан футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының серіктестігімен жүзеге асып келеді.
Arna Press,
19 августа 2025
в 13:58
Астанада мәслихат депутаттары жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының ресми атауларын бекітті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Астана мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар қаладағы жеңіл рельсті көлік станцияларына атау беру мәселесін қарастырды.Мынадай атаулар бекітілді:Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды
Arna Press,
19 августа 2025
в 12:28
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомство ақпаратынша, бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.«Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен – 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады», — деп мәлімдеді ведомство.Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді.
Arna Press,
26 мая 2025
в 12:18
Биыл Астанада алғаш рет қазақтың асыл сусыны қымызға арналып, «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» атты ірі көлемдегі мәдени-аграрлық іс-шараның өтуі жоспарлануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Аталған фестиваль халқымыздың дәстүрлі тағам мәдениетін, соның ішінде қымыз өндіру дәстүрін жаңғырту мен халықаралық деңгейге ілгерілетуге бағытталған.Шараға 50-60 мың адам келуі жоспарлануда. Әр өңірден 50-ге жуық қымыз өндіруші қатысады.
Arna Press,
21 мая 2025
в 12:18
Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған WorldSkillsAbai – 2025 өңірлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Чемпионат мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастар арасында кәсіби шеберлікті насихаттау және еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау.12 мамырда басталған чемпионатқа Абай облысының 215 студенті қатысты.
Arna Press,
16 апреля 2025
в 15:18
Облыс әкімі Берік Уәли Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгінде Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жылдан асты.
Arna Press,
12 марта 2025
в 11:48
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр», — деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті.«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 20:48
Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жеделсаты ішінде бес жасар балаға медициналық бетперде таққан белгісіз адамның пышақпен шабуылдағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті растады.«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған анықталды.