Arna Press,
12 июня 2023
в 14:58
11 маусым күні Түркістан облысы Сарыағаш полиция бөлімшесінен күдікті қашып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қашып кеткен азаматты іздеуге Түркістан облысы ПД бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. «Ұстау» жоспары жарияланды.«Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шығатын жерлеріне бекеттер қойылды.
Tengrinews,
12 июня 2023
в 14:43
Биыл сәуірде банкке берешегін өтей алмай жүрген 2 мыңнан аса адам бары айтылды. Ал маусымда банкроттыққа 54 мың арыз қабылданғаны белгілі болды. Банкроттық бойынша қай өңір көш бастап тұр? Банкрот деп тануға өтінім бергенде қандай құжат дайындап, қайда жүгінуі керек? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтарға қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сауал жолдады.
Arna Press,
12 июня 2023
в 13:08
Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елді мекендерге қауіп жоқ.Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет жалпы көлемі 2000 астам тонна су төгілді.Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағына шығып, сөндірілді.
Arna Press,
12 июня 2023
в 12:18
Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды», — делінген Жарлықта.Аружан Саин Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып 2019 жылы тағайындалған болатын.Оның орнына президент өкімімен Зәкиева Динара Болатқызы тағайындалды.Динара Зәкиева 1982 жылы дүниеге келген.Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001 жылы), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 жылы), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жылы); MBA Hult international business school (Дубай 2013 жылы) бітірген.2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.Сурет: zakon.kz
Arna Press,
11 июня 2023
в 21:48
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.Президенттің арнайы Жарлығы шықты. 1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;2.
Arna Press,
11 июня 2023
в 18:58
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.«Қателік көп. Шұғыл әрекеттің жетіспеуі, мәселеден сырт қалуыңыз осы апатқа әкелді. Өзіңіз де оқиға орнына кеш жеткеніңізді маған баяндадыңыз.
Arna Press,
11 июня 2023
в 14:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап. – Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет.
Arna Press,
11 июня 2023
в 14:38
Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.Сурет: aqorda_resmi
Arna Press,
11 июня 2023
в 12:38
Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi сілтеме жасап. Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездесуі жоспарланған.Сурет: aqorda_resmi
Arna Press,
11 июня 2023
в 12:38
ҚР Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суреттерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«8 маусымда сағат 22:00-де «Семей Орманы» МОТР Жаңашүлбі филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілді.
Arna Press,
09 июня 2023
в 18:08
9 маусымда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Ахуалдық орталығының базасында Жедел Республикалық штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков баяндама жасады.9 маусым күні сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылған.Авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылды.Қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілген.
Arna Press,
09 июня 2023
в 18:08
Абай облысында ауа температурасы шамамен 30 градусты құрайды. Бұл өртті сөндіруді айтарлықтай қиындатады, жел бағытының өзгеруі және өрттің жайылып, таралуы барлық бағытта жұмысты қиындатуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан.
Arna Press,
09 июня 2023
в 12:48
Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған «қылмыстық төрттік» ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болғандығы белгілі болды. – Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Tengrinews,
09 июня 2023
в 12:33
Қаланың ажарын ашып, сәнін келтіретін сәулет өнерінің бір түрі — муралдар. Бір қарағанда қабырғаға салынған бейне ғана болып көрінгенімен, белгілі бір идеяға негізделетіні жасырын емес. Алматыдағы муралдардың астарында қандай сыр жатыр? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. Муралдар — қаланың бет-бейнесін қалыптастыратын өнер түрі.
Arna Press,
09 июня 2023
в 11:58
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсетуді тоқтататынын хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ішкі істер министрлігі жағындағы техникалық жұмыстарға байланысты 9 және 10 маусымда еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталығында мынадай қызметтерге өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатады:Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
09 июня 2023
в 10:58
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылды. 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда.
Arna Press,
08 июня 2023
в 21:08
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтықты ресімдеу кезінде анықталған бұзушылықтар үшін 20 азамат жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның ішінде шетел азаматтығын алғаннан кейін құжаттарды уақтылы тапсырмағаны үшін 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың үшеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды.«Ағымдағы жылдың мамыр айында Көші-қон қызметінің қызметкерлері өткен жылдың шілде айында басқа елдің азаматтығын алған Риддер қаласының тұрғынын анықтады, алайда ол туралы ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын мемлекеттік органдарға тапсырмаған», деді Полиция Департаментінде.
Arna Press,
08 июня 2023
в 21:08
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, бұл тізбекте «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ға қарасты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан көлік алып келуді жолға қойған К. есімді азамат күдікті деп танылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«К. есімді азамат мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен қылмыстық келісімге келіп, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын тіркеуге негіз болатын құжаттарға жалған мәліметтер енгізгені белгілі болды.
Arna Press,
08 июня 2023
в 21:08
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл Қазақстанда қандай шетелдік университеттер өз филиалдарын ашатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Биыл біз алты филиалды ашамыз. Ең жоғары көрсеткіште — Ақтөбедегі Жұбанов жоғары оқу орнының базасында орналасқан Heriot-Watt университетінің филиалы.
Arna Press,
08 июня 2023
в 16:38
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қандай жалақы алатыны белглі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.YouTube желісінде журналист Асхат Ниязов Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай шыққан материалында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтан сұхбат алды. Бір жылдың ішінде қалада өткізілген жұмыс туралы сұрап, шаһар басшысының жалақысын да тілге тиек етті.«Менің жалақым барлығындай (әкімдердей — авт.сөз).
Arna Press,
08 июня 2023
в 15:38
Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштардың жануы орын алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған.Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды.Елді мекендерге қауіп жоқ.
Arna Press,
08 июня 2023
в 15:08
6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жасар жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бұл жағдайға қатысты Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.Тексеру барысында жасөспірімдер арасында болған ауызша жанжалдың арты төбелеске айналғаны анықталды.
Arna Press,
07 июня 2023
в 18:18
Парламенттің төменгі палатасы «Массмедиа туралы» заң жобасын қарауға қабылдады. Тіпті қоғамдық талқылау кезеңінде оның кейбір тұсы журналистік ортада теріс реакция тудырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, журналистік қоғамдастықта оңай аккредитациядан өтуді қамтамасыз етуге арналған пресс-карталар енгізу жоспары көптеген сұрақтар, тіпті алаңдаушылық тудырды.
Arna Press,
07 июня 2023
в 17:28
Абай облысында ауыр науқаспын деген желеумен таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.26 мамыр күні Семей қаласы ПБ орталық полиция бөліміне облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны жүгініп, бейтаныс адамның алдау және сенімін асыра пайдаланып, қаржылық мәселелерді шешемін деген сылтауымен 2 млн теңгесін иемденгенін айтты.Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде істің мән-жайын анықтау үшін жедел уәкілдер қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтап ПБ-ға жеткізді.Жауап алу барысында жәбірленуші күдіктінің өтініші бойынша қаржылық мәселелерін шешу үшін банктен несие алып беруді өтінгені анықталды.Күдіктіге қатысты 21 жастағы студент арыз жазған.
Arna Press,
07 июня 2023
в 16:28
Тбилисиде (Грузия) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында ITF Juniors J60 сериясының халықаралық турнирі өтіп, онда қазақстандық Әмір Омарханов екі номинация бойынша жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Қарағанды теннис мектебінің 15 жасар оқушысы Әмір Омарханов жеке және жұптық сында турнир жеңімпазы атанды.
Arna Press,
07 июня 2023
в 15:48
Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Аудиторлар дерегіне сәйкес, былтыр қаржылық заңбұзушылықтардың ең көп көлемі әкімдіктердің республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтар болған.
Arna Press,
07 июня 2023
в 14:38
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізілуде, құрылысқа қажетті қоршаулар орнатылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қыметіне сілтеме жасап.Оқушы орындарының тапшылығын одан әрі шешу үшін «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Семей қаласында 2023-2025 жылдары 5 мектеп салу жоспарланған.
Arna Press,
07 июня 2023
в 12:38
«Ұлы дода» деп аталатын ішкі біріншілік аясында бірнеше лига жасақталмақ, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәселен, жоғары лигада ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. Олар әр турда өзінің және қарсыласының алаңында ойнайды.Сәйкесінше, көрермендер 30-ға жуық матч тамашалай алады.
Arna Press,
07 июня 2023
в 11:58
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 26 мамырдағы қаулысымен Ұлттық банктің «Микрокредит беру шарты бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Түзетулерге сәйкес, азаматтармен 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге кепілсіз микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшері:Қаулы 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.Сурет: freepik
Arna Press,
07 июня 2023
в 10:48
Іс-шара 8 маусым күні сағат 18:00-де Ертістің оң жағалауында өтеді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында жергілікті өнерпаздардың концерті, бейнероликтер, флешмоб болады. Сондай-ақ, мерекелік шараға жиналған халық бір мезетте Абай облысының эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындайды.Сурет: tengritravel.kz