Популярные темы

Енді Kaspi.kz-те мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады

Дата: 28 ноября 2023 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Енді Kaspi.kz-те мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Енді ең танымал мобильді қосымшада көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға және жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдерге өтінім беруге болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры берген мәліметке сай, ЕДБ мобильді қосымшаларында қолжетімді әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерінің ауқымы кеңеюде.

«Жалпы азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Мысалы, 2021 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы қызмет көрсете бастадық бұл бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем болды. Содан бері ЕДБ-мен ынтымақтастығымыз жалғасып келеді. Бүгінгі таңда министрліктің тоғыз қызметі ЕДБ қосымшаларында азаматтар үшін қолжетімді. 2023 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша министрлік қызметінің 43,6% (6,7 млн) ЕДБ арқылы көрсетілген».Әлихан Әбілғазиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры

Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Айнұр Юсупованың сөзінше мемлекеттік қызметтерді алу үшін әртүрлі платформаларды таңдау мүмкіндігімен азаматтар үшін қолайлылықты арттыру, қызмет көрсетудің бірыңғай нүктесіне тәуелділікті жою, сондай-ақ халықтың арасында мемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, танымал мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Әлеуметтік маңызды қызметтерге басты назар аударылады, бүгінгі таңда бұл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдер. Басқа қызметтер де жоспарланған. Аталған шаралар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.«Айнұр Юсупова, Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары

Сурет: Kaspi.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также