Популярные темы

Алаяқ қарағандылық тұрғындардан 86 млн теңгеге жуық қаражатты иемденіп, бәстен ұтылып қалды

Дата: 24 ноября 2023 в 19:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алаяқ қарағандылық тұрғындардан 86 млн теңгеге жуық қаражатты иемденіп, бәстен ұтылып қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Алаяқ қарағандылық тұрғындардан 86 млн теңгеге жуық қаражатты иемденіп, бәстен ұтылып қалды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық полиция департаментіне қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші жеке кәсіппен айналысып, компьютер құралдары үшін тиімді бағаға тендер болып жатқаны туралы білген.

Бұндай ақпаратты өзін кәсіпкермін деп таныстырған азамат бірнеше жерде жариялаған. Сондықтан оның ұсынысы жәбірленушіні де қызықтырған. Алайда тендерге қатысу үшін сатып алушы хабарлама берген адамның есеп-шотына ақша аудару қажет болған. Жәбірленуші көрсетілген есеп-шотқа 41 миллион 500 мың теңге ақша аударған.

Ақшаны алғаннан кейін, серіктес байланысқа шықпай, барлық байланыс нөмірлерін өшіріп тастаған. Алданғанын түсінген, жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.


– Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті алаяқтың жеке басын анықтады. Ол 23 жастағы Қарағандыдағы мекемелердің бірінің заңгері екені белгілі болды. Ол жәбірленушіні алдағаны туралы толық мойындау көрсетпе белгілерін берді. Жәбірленушіден алған ақшаларды күдікті букмекерлік кеңседе ақша тігуге салып жіберген, – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 86 миллион 400 мың теңгені құрап отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями