Популярные темы

депо: новости — страница 65

Семейде мешіт қызметкерлері «Тегін такси» іс-шарасын ұйымдастырды

Arna Press, 16 января 2023 в 17:38

Семейде мешіт қызметкерлері
Дін қызметкерлері қытымыр қыста көшеде қоғамдық көлікті күтіп тұрған Семейліктер үшін такси қызметін тегін ұсынды, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісіІс-шара «Жылулық сыйла» акциясы аясында өтуде. Оған тек қана дін қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ ниет білдірген кез келген азамат қатыса алады. Жалпы, өткен демалыста 50-ге жуық арнайы белгісі бар көлік шаһар көшелерінде жүрді.

Семейде футбол ардагерлері мен сала мамандары марапатталды

Arna Press, 16 января 2023 в 14:08

Семейде футбол ардагерлері мен сала мамандары марапатталды
Жақында Қазақстан футбол федерациясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өткен. Атаулы датаға орай, Қазақстан футбол федерациясының өңірлік филиалының басшылары футболдың дамуына еңбек сіңірген әріптестеріне арнайы жасалған «Қазақстан футбол федерациясына 30 жыл» белгісін табыстады, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сала мамандарын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев марапаттады.Семей Қазақстан футболының Отаны екені белгілі.

ШҚО-да халықаралық іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды

Arna Press, 16 января 2023 в 13:08

ШҚО-да халықаралық іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды
ШҚО-да халықаралық іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері ШҚО ПД ЭҚІҚБ бірлесіп Өскемен қаласының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт жасырынған қылмыскерді ұстаған.«27 жастағы ер адам алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған.

Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстанды Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді

Arna Press, 16 января 2023 в 12:08

Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстанды Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді
2022 жылдың мамыр айында елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте оқу жылын аяқтаған ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Arnapress.kz мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онлайн рекордты тіркеу туралы ақпарат Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметіNIS-тегі домбыра сабағы – бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындаған әлемдегі тұңғыш оқиға.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 16 января 2023 в 11:21

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
План работ Костанайской Горэлектросети ТОО «ЭПК-forfait» (ТОО «ЭПК-форфайт») г. Костанай с 16 по 20 января 2023 года с отключением потребителей частного сектора и спальных районов. 16 января с 10:00 до 18:00 Колония поселения № 40, ИП Стецюк, ТОО «Агропромтрейд», ТПК «МонолитСтрой». 16 января с 10:00 до 17:00 магазин «Каприз», «На Здоровье», «Престиж».

2022 жылы Қазақстанда әскерге шақырылғандар саны артты

Arna Press, 16 января 2023 в 11:08

2022 жылы Қазақстанда әскерге шақырылғандар саны артты
2022 жылы қанша қазақстандық әскерге шақырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Жалпы, 2022 жылы 35 мыңға жуық мерзімді сарбаз шақырылған.«Арнайы кезек бар, яғни бірінші шекарашылар шақырылады, сосын Қарулы Күштерге, одан кейін Мемлекеттік күзет қызметі, ТЖМ және Ұлттық ұлан.

Абай облысының жеңіл атлеттері республика чемпионатының жүлдегерлері атанды

Arna Press, 13 января 2023 в 15:58

Абай облысының жеңіл атлеттері республика чемпионатының жүлдегерлері атанды
Астанада жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жақсы нәтиже көрсеткен Абай облысының спортшылары 3 жүлделі орынға ие болды.Мәди Төкенов 400 м қашықтықта 1-орынға ие болып, жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды.

Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты

Arna Press, 13 января 2023 в 11:48

Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты
Алматының бірнеше көшесін су басты, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Басқарма мәліметінше, Мыңбаев көшесінде су құбырының жарылуына байланысты сағат 3:40-тан бастап солтүстік бағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басқан. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден мүмкіндігінше арық желісіне бұрылып жатыр.«Көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті.

Семей қаласының әкімі 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды

Arna Press, 12 января 2023 в 17:58

Семей қаласының әкімі 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаланың экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік, өнеркәсіп салаларына жалпы бюджеттен 84 млрд қаржы бөлінді.

Абай облысында қару мен оқ-дәрілер табылды

Arna Press, 12 января 2023 в 16:48

Абай облысында қару мен оқ-дәрілер табылды
Абай облысында екі ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында Ақсуат ауданы ПБ қызметкерлері ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған қаруды тәркіледі. Құмкөл ауылдық округінің 29 жастағы тұрғынының үйіне кідіріссіз тінту жүргізу кезінде ТОЗ-8 бір ұңғылы мылтық пен төрт патрон табылып, тәркіленді.

Көктайғақ салдарынан 40-тан астам семейлік жарақат алған

Arna Press, 12 января 2023 в 14:48

Көктайғақ салдарынан 40-тан астам семейлік жарақат алған
Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі көктайғаққа байланысты жарақаттану бойынша деректерді жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz.«10 қаңтарда Абай облысы бойынша көшеде тайғақ салдарынан құлап, жарақат алдық деп жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне 30 қоңырау түсті, ал облыстың травматологиялық пункттеріне 26 адам жеткізілді, олардың ішінде үш бала бар.

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

Arna Press, 12 января 2023 в 14:08

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz «Болашақ» халықаралық бағдарламасының ресми сайтына сілтеме жасап.Өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Германиядан көлік алып беремін деп Жамбыл тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды

Arna Press, 11 января 2023 в 18:18

Германиядан көлік алып беремін деп Жамбыл тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды
Германиядан көлік алып беремін деп Жамбыл тұрғынын 7,5 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Меркі аудандық полиция бөліміне Аққайнар ауылының 44 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз шағымында Германия мемлекетінде жүрген 32 жастағы танысының MINI Cooper жеңіл автокөлігін қолжетімді бағада жеткізіп беремін деп жалпы құны 7,5 млн теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын, сондай-ақ көлікті әкелмегенін, не қаражатын қайтармағанын көрсетті.«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Меркі ауылының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Абай ауданында азық-түлік бағаларының мониторингі бойынша 227 рейд жүргізілді

Arna Press, 11 января 2023 в 15:28

Абай ауданында азық-түлік бағаларының мониторингі бойынша 227 рейд жүргізілді
Абай облысының Абай ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасынның мониторингі бойынша жұмыс тұрақты бақылауда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бақылау жүргізетін жұмыс тобының құрамында Абай ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары бар.

Өскемен тұрғындары баспана сатып аламыз деп алаяққа алданды

Arna Press, 11 января 2023 в 12:18

Өскемен тұрғындары баспана сатып аламыз деп алаяққа алданды
Өскемен тұрғындары баспана сатып аламыз деп ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жастағы азамат жүгінген, бейтаныс әйелдің пәтерді тез сатып алуға көмектесуге уәде бергені туралы хабарлаған. Өз қызметі үшін ол жәбірленушіден 7 млн теңге алған.

Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталды

Arna Press, 10 января 2023 в 18:48

Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталды
Бүгін қаңтар айындағы ҰБТ басталды. Ол 10 ақпанға дейін өткізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түсті. Өтініштерді қабылдау ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін жүргізілді.Қаңтардағы ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер, шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-дан басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген ЖОО білім алушылары, ️ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ қалауы бойынша ЖОО ақылы негізде оқуға қабылданғысы келетін мектеп түлектері қатысады.Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.

«Абай жастары» бағдарламасына кім қатыса алады

Arna Press, 10 января 2023 в 13:48

Абай облысының әкімдігі «Абай жастары» бағдарламасына кімдер қатыса алатының айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.18 жастан 35 жасқа дейінгі қоса алғанда журналистер (тұрақты БАҚ қызметкерлері). Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт қызметкерлері (18 жастан 35 жасты қоса алғанда).

Абай облысында волонтерлер жалғызбасты қарттарға қол ұшын берді

Arna Press, 09 января 2023 в 18:08

Абай облысында волонтерлер жалғызбасты қарттарға қол ұшын берді
Абай облысында волонтерлер жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазалап, қол ұшын берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Айта кетейік, кейбір ауылдарда жауған қардың қалыңдығы 2 метрден асты.Абай облысының Үржар ауданында қалың қар жауып, еріктілер, белсенділер қарттарға, жалғызбасты адамдарға аулаларын тазалауға көмек көрсетті.Мысалы, Уржар ауданы бойынша 53 елді мекенің 51-де жол ашық.

Түркістан облысында жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды

Arna Press, 09 января 2023 в 14:48

Түркістан облысында жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды
Түркістан облысында жоғалған қарияның мәйіті егістіктен табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Айта кетсек, бұған дейін Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны, 1946 жылы туған Молдабек Игенбаев 05.01.2023 жылы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлаған болатын.

Обзор лаборатории северной ходьбы Максима Прощенко

ProСпорт, 07 января 2023 в 14:10

Обзор лаборатории северной ходьбы Максима Прощенко
Nordic walking переводится с английского, как «Скандинавская ходьба», а нордиками называют спортсменов, которые занимаются этим видом спорта.В нашей стране набирает популярность скандинавская ходьба и поэтому сегодня Катерина Кан, PR-директор «Другой ты» посетила «Лабораторию северной ходьбы», а также поговорила с Максимом Прощенко, основателем школы скандинавской ходьбы «Евразия» о пользе и преимуществах этого необычного вида спорта.Максим рассказал о необходимом инвентаре для скандинавской ходьбы, его полезности для организма и о том, что северной ходьбой могут заниматься даже дети.Nordic walking ағылшын тілінен «Скандинав жүрісі» деп аталады, ал осы спорт түрімен айналысатындарды нордик деп атайды.Біздің елімізде скандинав жүрісі кеңінен таралып келеді, сондықтан бүгін «Другой ты» ұйымының PR-директоры Катерина Кан «Солтүстік жүріс зертханасына» барып, «Евразия» скандинав жүрісі мектебінің құрылтайшысы Максим Прощенкомен кездесіп, осы бір қызық спорт түрінің пайдасы мен артықшылығы туралы сұхбаттасты.Максим скандинав жүрісіне қажетті құрал туралы, оның ағзаға пайдасы туралы және солтүстік жүріспен балалар да айналыса алатыны туралы айтып берді.Christmas RunBike 2022Международный день волонтера

Алматыда McDonald's маңдайшалары алынып жатыр

Arna Press, 06 января 2023 в 17:58

Алматыда McDonald's маңдайшалары алынып жатыр
Алматыда McDonald's мейрамханалар желісінің маңдайшалары алынып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kzTengrinews-kе сілтеме жасап.Әлеуметтік желіде осы сәттің видеосы пайда болды. Кадрлардан Алматыдағы Төле би көшесінде орналасқан мейрамхананы көруге болады.Публикация от Danny Y (@danny_y_danil) Қазақстан ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев McDonald's неге жұмысын жалғастыра алмағанын толығырақ айтып берді.«Макдональдс» — өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы бірінші орында тұратын халықаралық компания.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 06 января 2023 в 14:21

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Создание нового подразделения пожарных обеспечит дополнительной противопожарной защитой сразу четыре отдаленных села: Асенкритовка, Кызылжар, Майлин и Николаевка. Численность населения этих населенных пунктов в общем составляет 1 867 человек. В штате пожарной команды состоит 3 человека. Дежурить будут круглосуточно.

Өскеменде ер адамнан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Arna Press, 06 января 2023 в 12:48

Өскеменде ер адамнан есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Өскеменде есірткі сатушыдан марихуана мен гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу фактісін анықтады. 31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 мың теңгеге сатқаны белгілі болған.

ШҚО-да Ресейдің 12 азаматы қар құрсауынан құтқарылды

Arna Press, 06 января 2023 в 11:18

ШҚО-да Ресейдің 12 азаматы қар құрсауынан құтқарылды
ШҚО-да құтқарушылар Ресей Федерациясының 12 азаматын қар құрсауынан эвакуациялады, деп хабарлайды Arnapress.kz.Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd) Шемонаиха ауданында «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолда қалған 12 адам қолайсыз ауа-райының кепіліне алынды.

Өскемен тұрғыны зейнеткердің ақшасын алып, алдап кетті

Arna Press, 05 января 2023 в 14:38

Өскемен тұрғыны зейнеткердің ақшасын алып, алдап кетті
Өскемен тұрғыны тауар жеткіземін деп зейнеткердің ақшасын алып, алдап кетті, деп хабарлайды Arnapress.kzPolisia.kz-ке сілтеме жасап. Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына алаяқтық әрекетінен зардап шеккен Катонқарағай ауданының 72 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түскен.«Бейтаныс адам қозғалтқышты Жапониядан Новосибирскіге автокөлікпен жеткізу сылтауымен оның 235 мың теңгеге жуық ақшалай қаражатын иемденіп алғаны белгілі болған. Өтінішті алғаннан кейін тәртіп сақшылары қаскөйді дереу ұстауға кіріскен.

Риддер жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды

Arna Press, 05 января 2023 в 11:18

Риддер жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды, деп хабарлайды Arnapress.kz.«Риддер жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болғаны мәлім. Мердігер ұйымдардың күш-жігерімен біз мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірдік.

БҚО-да көлік су арнасына түсіп кетіп, 2 адам қаза болды

Arna Press, 04 января 2023 в 11:38

БҚО-да көлік су арнасына түсіп кетіп, 2 адам қаза болды
Батыс Қазақстан облысында автокөлік су арнасына түсіп кетіп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Басылым мәліметінше, оқиға 2 қаңтарда Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі аумағында болған.«Сағат шамамен 15.30-да Тоған ауылынан 3 шақырым жерде 1962 жылғы жүргізуші көктайғаққа байланысты Lada Vesta көлігінің тізгініне ие бола алмай, Бударин арнасына түсіп кетті.

Новогоднее обращение Токаева к казахстанцам

EKaraganda.kz, 01 января 2023 в 10:55

Новогоднее обращение Токаева к казахстанцам
«Құрметті отандастар! Міне, біз қазір бір ел болып, Жаңа жылды қарсы аламыз. Оны бәріміз ізгі ниетпен күтіп отырмыз. Осы сәтте мерекелік көңіл-күймен бір-бірімізге ақ тілек айтамыз. Болашаққа сеніммен қарап, жоспар құрамыз. Миллиондаған азаматтарымыз сияқты мен жаңа жыл жарылқасын деп келешекке үмітпен қараймын. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін оңай болған жоқ, күрделі болды. Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық.

Ақмола тұрғыны OLX алаяғына алданып қалды

Arna Press, 30 декабря 2022 в 18:08

Ақмола тұрғыны OLX алаяғына алданып қалды
Ақмола тұрғыны OLX алаяғына алданып қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.27 желтоқсанда Ақкөл ауданының полиция бөліміне 57 жастағы жергілікті тұрғын ағымдағы жылдың 18 маусымында белгісіз адам 21 мың теңгені иемденгені туралы арызбен жүгінді.«Арызданушының айтуынша, OLX хабарландыру сайтында ол спутниктік антенналарды орнатумен және баптаумен айналысатын шебердің хабарландыруын тапқан.

Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Arna Press, 30 декабря 2022 в 13:48

Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде
Бүгін жақын маңдағы аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орындары:Қала тұрғындарын, қонақтарын және кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлерін жәрмеңкеге қатысуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз қолжетімді бағамен сатып алуға шақырады.Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі
Показано 30 новостей из 2 618