Популярные темы

депо: новости — страница 63

Алматыда шетелдік жөзекшелер ұсталды

Arna Press, 06 октября 2023 в 14:28

Алматыда шетелдік жөзекшелер ұсталды
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды «Заңсыз келуші» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.– Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақ үйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа қоғамдық орындарда рейдтер жүргізілді.

Жаңаөзенде қоқыс жәшігінен «Қызыл кітапқа» енген жануардың өлексесі табылды

Arna Press, 06 октября 2023 в 13:58

Жаңаөзенде қоқыс жәшігінен
Белгілі ақтаулық белсенді және блогер Азамат Сәрсенбаев 5 қазанда Жаңаөзенде «Қызыл кітапқа» енген арқар өлексесі қоқыс жәшігінен табылғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сөзін дәлелдеу үшін ол Instagram-дағы парақшасына видео жариялады. Блогердің айтуынша, «Қызыл кітапқа» енген жануарды атқан браконьерлер немесе бақылаушылар оны «қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген».«Осы оқиғаға қатысты жергілікті эколог Әділбек Қозыбақов «мамандармен» ақылдаса келе, бұл жай ғана ешкі екен» деген қорытындыға келгенін айтты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше облыста ауқымды арнайы операция жүргізді

Arna Press, 06 октября 2023 в 13:58

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше облыста ауқымды арнайы операция жүргізді
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірден еліміздің бірнеше облысында ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, 2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.«Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.

Қазақстанның 10 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Arna Press, 06 октября 2023 в 09:48

Қазақстанның 10 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
6 қазанда Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Синоптиктер болжамы бойынша, жұмада Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы, Астана қалаларында және түнде Ақтауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі.

Операция жасалды — ДСМ басшысы зорлық көрген балалардың жағдайы туралы айтты

Arna Press, 05 октября 2023 в 19:58

Операция жасалды - ДСМ басшысы зорлық көрген балалардың жағдайы туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы мен Алматы облысында зорланған үш жасар қыз бен жеті жасар баланың жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Балалардың жағдайы орташа ауыр. Олар медицина қызметкерлерінің бақылауында. Бұл балаларды қабылдау кезінде біздің медицина қызметкерлері ересектер тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері болғанын анықтады. Қабылдау бөлімінде балалар дер кезінде толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына хабарланды.

Нұржан Батырбеков Қазақстанға 7-алтынды сыйлады

Arna Press, 05 октября 2023 в 15:18

Нұржан Батырбеков Қазақстанға 7-алтынды сыйлады
Джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.69 кг дейінгі салмақтағы қазақ спортшысы финалда Мұхаммед әл Суваидиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті жұлып әкетті.

Семейде ЖЭО-3 құрылысы басталады

Arna Press, 05 октября 2023 в 13:18

Семейде ЖЭО-3 құрылысы басталады
Бүгін Семейде БАҚ өкілдеріне арналған жылжымалы брифинг өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Онда журналистерге қалада іске асып жатқан жұмыс баяндалып қана қоймай, көрсетілді. Ең алғашқы нысан, ЖЭО-1 болды. Белгілі болғандай мұнда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС мердігерлік ұйымымен №5 су жылыту қазандығын жөндеуге шарт жасалды.Облыс әкімінің айтуы бойынша өңір жылу маусымына 99% дайын.«Әлеуметтік нысандарға, яғни мектептерге, балабақшаларға жылуды келесі апта бере бастаймыз.

ШҚО-дағы мектептердің бірінде қазандық апаттық жағдайда тұр 05 октября 2023, 09:03

Tengrinews, 05 октября 2023 в 09:13

ШҚО-дағы мектептердің бірінде қазандық апаттық жағдайда тұр
                05 октября 2023, 09:03
ШҚО-дағы Мариногорка орта мектебінде жылыту маусымы кезінде тұрғындарды алаңдатқан бірнеше жағдай байқалды. Салынғанына жарты ғасырға жуықтаған мектеп қазандығы төтенше жағдай мамандарының ұйғарымымен апаттық жағдайда деп танылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мұнымен қатар, қазандық тұрған нысанның ішінде қауіпсіздік талаптары да сақталмаған.

Астанада қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 80-нен астам адамды алдап кетті

Arna Press, 04 октября 2023 в 13:58

Астанада қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 80-нен астам адамды алдап кетті
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 80-нен астам адамды алдап кетті деп Sterling Invest» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды.Инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 000 теңге.

Елдегі үй кезегі: сұрақтарға жауап

Крыша, 04 октября 2023 в 12:47

Елдегі үй кезегі: сұрақтарға жауап
Ел тұрғындары қашан, қалай және қандай жағдайда кезекке тұра алатынын түсіндіреміз.Ол үшін арнайы Kezekte.kz сайтын қолдану қажет. Жүйеге тек ЭЦҚ көмегімен кіруге болады.Өтінім беру жеткілікті. Түрлі куәлік, анықтама сұрамайды. Өйткені барлық құжат базада бар. Кейде ақпарат болмай қалуы мүмкін. Ондай кезде қажет құжаттардың сканерден өткен нұсқасын қосу керек. Өз күшіңізбен кезекке тұра алмасаңыз, кеңес алу үшін қаладағы тұрғын үй басқармасына жүгінген жөн.

Семейде «Теплокоммунэнергоның» жаңа басшысы тағайындалды

Arna Press, 04 октября 2023 в 11:48

Семейде “Теплокоммунэнергоның” жаңа басшысы тағайындалды
Конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы лауазымына Еркен Заманбекұлы Сағандықов тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еркен Заманбекұлы Сағандықов — 1968 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген.

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан

Arna Press, 04 октября 2023 в 11:48

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан
Көпбалалы ананың айтуынша, білім ордасының мұғалімдері мен психологы бірінші сыныпта оқитын қызды өгей әкесі зорлады деп топшылап, жедел жәрдем шақыртқан деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.Ал аурухананың гинекологы қызды ата-ананың қатысуынсыз қарап, жатырына зақым келді деген диагноз қойыпты.

Қазақстанның үш қаласында ауаның ластануы артады

Arna Press, 04 октября 2023 в 09:48

Қазақстанның үш қаласында ауаның ластануы артады
Синоптиктер сәрсенбі күні Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп уәде бергенін хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазгидромедтің ақпараты бойынша, қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).Қолайсыз ауа-райында ұсынылады:Бір күн бұрын елорда мен Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланғаны белгілі болды.Сурет: Zakon.kz

Абай облысында күнбағыс арасында қарасора бұталары анықталды

Arna Press, 03 октября 2023 в 17:48

Абай облысында күнбағыс арасында қарасора бұталары анықталды
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді Абай облысының орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Шүлбі кентінің ауданында есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бұталар дронмен жергілікті аумаққа мониторинг жүргізу кезінде анықталды.

Биыл Семейде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 5 құрылғы орнатылады

Arna Press, 03 октября 2023 в 14:18

Биыл Семейде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 5 құрылғы орнатылады
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз баяндамасында өңірдегі жол-көлік оқиғаларының көбеюіне ықпал ететін факторларға тоқталып, оларды азайту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы құрылуымен облыс орталығы Семей қаласында, көлік құралдарының ағыны күрт артқан.

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды

Arna Press, 03 октября 2023 в 14:18

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды
ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Шығыс Қазақстанда Өзбекстан азаматтары еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған. ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 13 азаматын анықтаған, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз Өскеменде ғимаратты жөндеумен айналысқан.

Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан неге 1155 миллион доллар сатты

Arna Press, 03 октября 2023 в 11:48

Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан неге 1155 миллион доллар сатты
Банк жариялаған мәліметке сүйенсек, қыркүйек айының қорытындысы бойынша, теңге бағамының 1 АҚШ долларына қатынасы 474,99 теңгеге дейін 3,4%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 158 млн-нан 162 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

СІМ өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты

Arna Press, 03 октября 2023 в 11:08

СІМ өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты
Сыртқы істер министрлігі өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Соғыс басталғаннан бері (Ресей мен Украина. — еск.) СІМ Қазақстан туралы теріс пікір білдірген және Украинамен арада қандай да бір келеңсіздік тудырғысы келген адамдардың тізілімін жасап жатқан жоқ па?», — деп сұрады журналист СІМ брифингінде.«Әрине, біз бұл тізімді жүргіземіз, бірақ оны ашық жарияламаймыз.

Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Arna Press, 03 октября 2023 в 09:48

Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстанның бірнеше облысында жылыту маусымы ресми түрде басталды. Жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға, содан кейін ғана тұрғын үйлерге беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы Қазақстанның бірқатар өңірінде басталып кетті:Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% — ы қосылған.

Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды

Arna Press, 30 сентября 2023 в 14:28

Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды
Шығыс Қазақстан полицейлері ауыр қылмысы үшін халықаралық іздестіруде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құқық қорғау органдары Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шетелдік қылмыскерді ұстаған.39 жастағы өзбекстандық бір жылдан астам уақыт бойы ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда ірі көлемде мүлік ұрлағаны үшін халықаралық іздестіруде болған.

Правовой статус и особенности общественных объединений

Магнолия, 29 сентября 2023 в 15:58

Правовой статус и особенности общественных объединений
Право на свободу объединений представляет собой одно из важнейших и конституционных прав человека и гражданина, реализация которого отвечает интересам общества и находится под защитой государства В соответствии со ст. 2 Закона Республики Казахстан от 31 мая 1996 г. № 3 «Об общественных объединениях», общественными объединениями в Республике Казахстан признаются политические партии, профессиональные союзы и другие объединения граждан, созданные на добровольной основе для достижения ими общих целей, не противоречащих законодательству.

Жыл басынан бері Абай облысында 182 орман өрті тіркелді

Arna Press, 29 сентября 2023 в 11:58

Жыл басынан бері Абай облысында 182 орман өрті тіркелді
1 млрд 350 мың теңгеден аса шығын келтірілген. Биыл «Семей орманы» табиғи резерватындағы болған ауқымды өрттен кейін азаматтық қорғаныс пен жергілікті полиция қауіпсіздікті күшейткен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мамандар 15 мобильдік топ құрып, 360 рет рейд ұйымдастырды.

Пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендері

Крыша, 29 сентября 2023 в 11:47

Пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендері
Елімізде заңсыз пәтер саудалап жүрген 254 тұрғын үй бар. Бұл мәлімет «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» порталында жарияланған.Салымшы тартуға кепілдігі немесе рұқсаты жоқ нысандар Астанада көп, бас қалада 172 тұрғын үй заңсыз бой көтерген.Алматыда мұндай тұрғын үйдің саны — 31. Тізімді осы жерден көре аласыз.Алматыда қанша тұрғын үйді заңсыз салғанҮшінші орын Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына тиесілі (15 тұрғын үй кешені).Қалған тұрғын үйлерді кему ретімен тізіп шығайық:— Атырау облысында — 8; — Ақтөбе облысында — 5; — Шымкент — 5; — Ақмола облысында — 1; — Қостанай облысында — 1.Компанияның үлескер тартуға рұқсаты жоқ.

Темиртауский историко-краеведческий музей приглашает на выставку «Смотрящие в будущее»

EKaraganda.kz, 28 сентября 2023 в 19:55

Темиртауский историко-краеведческий музей приглашает на выставку «Смотрящие в будущее»
В экспозиции представлены уникальные документы учёных: фрагменты рабочего блокнота Василия Курдюкова с записями об экспедиции по Нуре, докладные записки Каныша Сатпаева с экономическим обоснованием строительства металлургического комбината, документы из личного дела Ибрагима Тажиева, который возглавлял строительство КарГРЭС-1, завода СК, Казахского металлургического завода.Экспозиция дополнена объёмными экспонатами из фондов музея.

Абай облысында салынып жатқан «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тас жолы талапқа сай келмейді

Arna Press, 28 сентября 2023 в 18:28

Абай облысында салынып жатқан
«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тас жолы талапқа сай келмейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары ондағы төселген 363 шақырым жолдың 254 шақырымына сараптама жүргізген.

Абай облысында инклюзивті білім беру ресурстық орталық кабинеті ашылды

Arna Press, 28 сентября 2023 в 15:08

Абай облысында инклюзивті білім беру ресурстық орталық кабинеті ашылды
Абай облысы Семей қаласындағы Мектеп жанындағы интернаты бар №42 мектепте инклюзивті білім беру ресурстық орталық кабинетінің ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Инклюзивті білім беру ресурстық орталық кабинетін ашу мақсаты — білім беруді жүзеге асыруда педагогтердің қызметін үйлестіру және психологиялық-педагогикалық қолдауда әдістемелік көмек көрсету.

Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді

Arna Press, 28 сентября 2023 в 13:28

Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады.«Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ.«Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359,«Астана – Павлодар» бағытына 456 және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітілді.Ал «Щучинск – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау, 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.Сурет: Zakon.kz

Абай облысының мемлекеттік қызмет департаментіне жаңа басшысы тағайындалды

Arna Press, 28 сентября 2023 в 13:28

Абай облысының мемлекеттік қызмет департаментіне жаңа басшысы тағайындалды
Облыс активімен кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар, мемлекеттік орган жұмысындағы рәсімдерді жеңілдету, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді және мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге ерекше назар аударылды.

Ұлттық банк теңгенің күрт әлсіреу себептерін атады

Arna Press, 28 сентября 2023 в 13:28

Ұлттық банк теңгенің күрт әлсіреу себептерін атады
Жаһандық инвесторлармен кездесу барысында Тимур Сүлейменов соңғы екі аптада теңгенің әлсіреу себептері туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оның айтуынша, бұл тенденция бірнеше фактор жиынтығына байланысты қалыптасқан:Мұның бәрі қысқа мерзімді әлсіреуге ықпал етті, дегенмен Сүлейменовтің пікірінше, іргелі факторлар тұрғысынан мұнай бағасының көтерілуі және төлем балансының жалпы жағдайы теңгені тұрақтандырушы әсерге ие болады.Сурет: Tengrinews.kz

Алкогольсіз сусындар өндірісі 7% өсіп, 2,2 миллиард литрден асқан

Arna Press, 28 сентября 2023 в 12:28

Алкогольсіз сусындар өндірісі 7% өсіп, 2,2 миллиард литрден асқан
Елімізде алкогольсіз сусындар өндірісі былтырмен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мысалы, 2023 жылғы қаңтар-тамызда минералды және газдалған қантсыз және хош иістендірілмеген су өндірісі 493,4 млн литр болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,2% артық.
Показано 30 новостей из 2 330