Arna Press,
05 декабря 2023
в 13:18
Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семейдегі қоғамдық көлік жүйесіне 4 автобус паркі қызмет көрсетеді. Семейліктер автобустардың санитарлық жағдайына жиі шағымданады. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушылардың санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауын бақылауды күшейттік.
Магнолия,
30 ноября 2023
в 17:38
Жекеше айыптаушы — жекеше айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленуші. Жекеше айыптаушы оған тиесілі құқықтарды пайдаланады және өзіне жүктелген міндеттерді жеке немесе, егер ол құқықтар мен міндеттердің сипатына сәйкес келсе, өкіл арқылы атқарады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстерге жататын жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу, 47 тарауда белгiленген алып қоюларды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.
Магнолия,
30 ноября 2023
в 17:28
«Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
Arna Press,
30 ноября 2023
в 16:28
Негізгі заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжатта журналистердің мәртебесін көтеру, құқықтарын нығайту, сондай-ақ олардың міндеттерін кеңейту бойынша жағдай жасау қарастырылған.
Arna Press,
24 ноября 2023
в 16:08
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мұндай шешімге келуге Ұлттық банктің болжамдарды жаңартуы, деректерді талдауы және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалауы негіз болды.Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция белсенді түрде баяулап келеді.
Arna Press,
21 ноября 2023
в 20:08
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өлтірді деп айыпталған Салтанат Нүкенованың ісі туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жақындағы Нүкенованың өлімі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. Қазірдің өзінде 150 мыңға жуық қазақстандық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды.Сонымен қатар, бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп жатыр.
Arna Press,
20 ноября 2023
в 19:18
Абай облысында батыр аналарды марапаттау мақсатында кезекті жиын өтті. «Алтын алқа» иегерлерінің арасында полиция майоры Райхан Ешимова да бар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Салтанатты кездесу Достық үйінде өтті. Абай облысының түкпір-түкпірінен көпбалалы аналар күміс және алтын алқа алуға келді.
Магнолия,
16 ноября 2023
в 14:18
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып, бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды.
Arna Press,
13 ноября 2023
в 14:48
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 172,3 мың адам болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Бұл ретте биыл 166,3 мың азаматқа төлем тағайындалып, жалпы төлем сомасы 37,8 млрд теңге болды», — делінген хабарламада.Қолданыстағы заңнамаға сай, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер алады.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 16:19
Абай облысында мемлекеттік мекемеде «өлі жандар» жұмыс істеген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудан прокуратурасы жүргізген талдаумен 2015-2023 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі ретінде адамды жалған жұмысқа орналастыру фактісі анықталды.«15.08.2023 жылы аудан прокуратурасы бұл фактіні СДТТБТ-де тіркеп, қылмыстық істі тергеу бойынша Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырды», — делінген хабарламада.Тергеу аяқталғаннан кейін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша бухгалтерге қатысты қылмыстық іс (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау) сотқа жіберілді.«Істі қарау аудан орталығының мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлерін шақыра отырып, ашық көрсетілімдік сот отырысында өткізілді, онда сотталушы «К.Н.» өз кінәсін мойындап, мемлекетке 5 млн. теңге көлемінде залал тергеу сатысында өтелгенін түсіндірді.
Костанайские Новости,
07 ноября 2023
в 11:11
2023 жылғы наурызда күшіне енген банкроттық туралы заңға сәйкес азаматтар өздерін банкрот деп тануға өтінімдер берілген соң, қыркүйек айынан бастап банкрот деп таныла бастады. Алғашқы банкроттық туралы деректерге сүйенетін болсақ, өтініш берушілердің қарыз сомасы мен оны алу шарттары түрлі. Кейбір азаматтар 3-4 миллион теңгені бірнеше кредиторлардан, тағы біреулері қарызды бір ғана ұйымнан және шағын сомаға алғандығын байқауға болады. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар банкроттық рәсімін амнистия және қарыздан құтылудың оңай тәсілі деп ойлап, оның салдарлары туралы мүлдем ойланбайды деген тұжырым жасауға болады.
Крыша,
01 ноября 2023
в 16:57
«7-20-25» жеңілдікті бағдарламасы келер жылы ғана емес, 2029 жылға дейін жұмысын жалғастырады. Бірақ мемлекет бір жылда 100 млрд теңгеден артық ақша бермейді. Мұны Krisha.kz-ке «Қазақстанның орнықтылық қоры» Сыртқы коммуникация қызметінің менеджері Айбар Олжаев айтты.Қор өкілдері өтініш қабылдау процедурасы келер жылы да өзгермейтінін атап өтті.
Arna Press,
01 ноября 2023
в 12:08
Түркістан облысында ағайынды екі бала суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл жағдай14 қазан күні болған. Балалардың сөзінше, сол күні өзен жағасында жүргенде олардың бірі судағы әйелді байқап қалып, екіншісін көмекке шақырады.
Arna Press,
31 октября 2023
в 14:48
Уәкілетті және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру нәтижесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын Алматы қаласында сату мақсатында АҚШ-тан тапсырыс берген 7 тұлғаға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.«Тергеу барысында аталған тұлғалардың есірткі заттарын сатудағы сыбайластығы, қылмыс жасаудағы ролі, сақтау қоймасы (3,5 келі тәркіленді) және әлеуметтік желілерді қолдану арқылы байланыссыз сату жөніндегі мән-жайлар анықталып, сот үкімімен әрқайсысы 10 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылды», — делінген хабараламада.Өз кезегінде, прокуратурамен есірткіні тұтынушылар ретінде 18-23 жас аралығындағы жастардың көптеп кездесетіндігі анықталып, ата-аналар мен жоғарғы буын өкілдеріне жастардың әлеуметтік желідегі өміріне бей-жай қарамауға шақырады.«Әрбір есірткі-психотропты заттарын және оның аналогтарына әрі қарай сату мақсатында заңсыз жарналамалау, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау және тасымалдау үшін тапсырыс бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін хабарлаймыз.
Крыша,
31 октября 2023
в 10:17
Қазақстанда жалға берілетін пәтер арзандады. Қазан айында баға қыркүйекпен салыстырғанда 2.2 % түскен.Krisha.kz-тің аналитика бөлімі хабарлағандай, пәтерақы сомасы мониторинг жүргізген 13 қаланың 8-інде азайған. Қазан айында баға жаз басталғалы алғаш түскені тіркелді. Шілде мен тамызда ұзақ уақытқа жалға берілетін пәтер құны 4–7 % өскен болатын.
Arna Press,
31 октября 2023
в 10:08
Астанаға кіре берісте жеті бекет қойылып, барлық көліктер тексерілуде, полицейлер кезекшіліктің күшейтілген нұсқасына көшті., деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 31 қазанда Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елордалық полицейлер күшейтілген кезекшілікке көшірілді.
Крыша,
26 октября 2023
в 16:47
1 ақпанда Ұлттық қордан балалардың шотына ақша түсе бастайды. 18-ге толған азамат оны алуға құқылы. Баланың ата-анасы шоттағы соманы БЖЗҚ не eGov арқылы тексеріп отырса болады. Бұл жөнінде брифингте қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.«Ұлттық қор — балаларға» жобасы елдің кішкентай тұрғындарының арнайы жинақ қорына Ұлттық қорға түскен инвестициялық кірістің 50 %-ын аударуды мақсат етеді.
Tengrinews,
24 октября 2023
в 17:03
Алматыда заңсыз құрылыстың салдарынан 80-нен аса баспана сүрілуі мүмкін. Жер алып, үй салу үшін аэропорттан рұқсат алған Қонаев тұтыну кооперативіндегі бұқара бас жоспардың өзгеріп кеткеніне наразы. Тұрғындардың сөзінше, қайта жоспарлау кезінде баспаналары қызыл сызық бойына өтіп кеткен. Әкімдік пен қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан мардымды жауап ала алмаған бұқараның базынасын Massaget.kz тілшісі біліп қайтты.
Arna Press,
19 октября 2023
в 11:28
Олжас Мұхтаров Абай облысы ТЖД 1-ші Мамандандылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Кәсіби мерекенің қарсаңында Arnapress.kz тілшісіне жұмысының қызығы мен ерекшелігі жайлы айтып берді.Олжас Мұхтаров бұл салаға 2015 жылы келді. Әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келген жігіт, полиция қызметкері боламын деген арман қуып құжаттарын жинай бастаған.
Arna Press,
17 октября 2023
в 15:08
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет үйінде өткен брифингте «Міржақып. Оян қазақ!» фильмінің прокаты туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Барлық дистрибьюторлық ұйымдардың өз кестесі бар. Біз мұндай көп көрермен болады деп ойлаған жоқпыз және шынымен де бір уақытты таңдаған едік.