Популярные темы

Жөзекшелер, араққа салынғандар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар. Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасы қорытындыланды

Дата: 07 декабря 2023 в 20:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жөзекшелер, араққа салынғандар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар. Абай облысында
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының полицейлері республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Он күн бойы тәртіп сақшылары қызметін күшейтілген режимде атқарды. Жедел алдын-алу іс шарасына «Ұлттық ұлан», «Amanat» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар да белсене қатысты. Олар қоғамдық орындарды, түңгі уақытта ойын-сауық мекемелерді аралап, профилактикалық шаралар жүргізді.

Ал, бөтелкеге құмарланған жандарға полиция қызметкерлері көмек қолын созып, тәуелдігінен емделуге ұсыныс білдірді. Тіпті медициналық мекемеге орналасуға да көмектесеміз деді. Десе де, біреуі өмірін қайта бастауға бел буып, көмек қолын алса, тағы біреуі бұдан басын ала қашты.

Мысалы, бұл азаматпен бір-неше мәрте әңгіме жүргізілсе де, толыққанды азматтар қатарына қосылуға өзі де ниеттенбейтін көрінеді.

Жалпы рейд уақытында облыстың 502 тұрғыны алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы кездері, отбасылық жанжал туралы хабарлама жиі келіп түсетіні баршаға мәлім. 10 күннің ішінде 111 адам отбасының тыныштығын бұзып, құқыққа қайшы әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы бойынша жаупкершілікке тартылды. Арасында қорғау нұсқамасын бұзғандар да болды.

Рейд барысында біз ойын-сауық орындарында, оның ішінде компьютерлік клубтарда, түңгі сағат 23:00-ден кейін дәмханаларда болдық. Бізбен болған қызметкерлер балаларды кездестірмесек те, басқа тәртіп сақшылары, өкінішке қарай бұндай фактілерде анықтады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, 6 заңды өкіл кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін тартылды.

Облыс бойынша барлығы 700-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 76 бейне хабарлама жарияланды, жалпы білім беру мекемелерінде 180-ден астам дәріс ұйымдастырылды. Жедел-профилактикалық іс-шараның 10 күнінде 5 090 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деді Абай облысы Полиция Департаменті ішкі және сырты коммуникация басқармасының бастығы Дина Амренова.

Мұнымен қоса, жөзекшілікпен және жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Полицейлері үй-жайларды притон ретінде жалға бергені үшін екі миллион теңгеден астам айыппұлды өндіріп алады.

Алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде монша кешендерін пысықтау барысында жеті қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Бүгінде олардың бесеуі сотқа жолданды, ал екі қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі, автордікі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями