Arna Press,
13 июня 2023
в 13:28
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысындағы ірі табиғи өрттерге қатысты ахуал қаралды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.Министрлер кабинетінің басшысы өңірде өрт басталғалы оның ауданы тез ұлғайып, бірқатар елді мекенге қауіп төнгенін атап өтті.
Arna Press,
11 июня 2023
в 14:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап. – Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет.
Arna Press,
05 июня 2023
в 11:48
Жаз мезгілінің аптап ыстығы басталысымен, семейліктер суға шомылуға асық. Алғашы демалыс күндері адамдардың суға батып кете жаздаған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2023 жылғы 3 маусымда сағат 11:20-да 112 пультіне Солнечная долина алқабында ер адам судан құтқарылды деген хабарлама түсті.«Ақпарат жинау барысында 1978 жылғы ер адам отбасымен Ертіс өзенінің жағалауында демалу кезінде батып бара жатқан адамды көріп, содан кейін дереу көмекке асығып, судан шығарған.
Arna Press,
01 июня 2023
в 11:38
Астанада Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөздері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Халықтар арасындағы байланыстардың маңыздылығын ескере отырып, министр Пак Чжин екеуміз екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, әсіресе Қазақстанды «Кореяның» жұмысқа рұқсат беру жүйесіне қосу біздің еліміз үшін өте маңызды екеніне назар аудардым», — деді Мұрат Нұртілеу брифинг барысында.Еске салайық, Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстанға ресми сапары 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жалғасады.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
31 мая 2023
в 12:48
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 миллиард теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Еңбек министрлігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.«2003-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 588 теңге мен (3/4 АЕК) 345 000 теңге (100 АЕК) аралығында.
Arna Press,
29 мая 2023
в 16:18
Шымкентте сот нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында онлайн трансляция жасайтын порностудияны анықтаған болатын.
Arna Press,
29 мая 2023
в 14:18
Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алу үшін ала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсау құқығы берілгені хабарланды.«Былтырғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған қаражатқа жүгіне алады.Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін жоғарыда аталған интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ғана жүгіну қажет», — делінген хабарламада.Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделіп, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығын берді.Бұл құқықты келесі санаттағылар пайдалана алады:Бұл ереже жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
25 мая 2023
в 19:38
Үш күн ішінде ШҚО ПД процессингтік орталығына 226 автокөлік иесі конструктор — автокөліктерді заңдастыруға өтінімдермен жүгінген, оның ішінде 29 көлік иесі өз көлік құралдарын сәтті заңдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осындай үлгідегі автокөлікті алғашқылардың бірі болып заңдастырған Самар ауданың тұрғыны Хайруллин Рафхат Рашатұлы.«Мен барлық қажетті құжаттарды жинап, заңдастыруға өтініш бердім, өтінішім мақұлданды.
Arna Press,
25 мая 2023
в 18:28
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің астанасы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.Отандық спортшы 8-турда Грузия өкілі Белла Хотенашвилимен ойнады. Тартысты ойында Бибісара Асаубаева қарсыласынан басым түсті.
Arna Press,
25 мая 2023
в 12:58
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі таңда жағдай ерекше бақылауға алынып, өртті сөндіру үшін жедел штаб жұмылдырылғанын хабарлады.
Arna Press,
24 мая 2023
в 11:48
Талдықорған соты пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облысы білім басқармасының бір топ қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төрт айыпталушыға сот үкімі шығарылған, олардың арасында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова да бар.
Arna Press,
22 мая 2023
в 11:58
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке мәліметіне сілтеме жасап.«Агенттік биыл 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунттар бұғатталды.
EKaraganda.kz,
19 мая 2023
в 08:35
Что интересного произошло 19 мая Сегодня день рождения кубика Рубика. Его изобрел венгерский архитектор Эрне Рубик. Уже несколько десятилетий это уникальное изобретение считается любимой игрушкой не только детей, но и взрослых, так как отлично тренирует логику, память и мышление, ведь число его комбинаций превышает 43 квинтиллиона (десять в 18-й степени).В Турции сегодня отмечают День памяти Ататюрка, молодежи и спорта.
Arna Press,
18 мая 2023
в 17:48
18 мамыр күні түскі бірде Шәкәрім даңғылында өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде мейрамхана ауласында дизельдік генератордың жанғыш бөлшектері өртеніп, одан әрі шатырдың ағаш құрылымдарына таралғаны анықталды. Өрттің ауданы 24 шаршы метрді құрады.
Arna Press,
17 мая 2023
в 16:18
Шымкентте жылан қаладағы тұрғын үйлерге, тіпті балабақшаларға да өрмелеп кеткен. Мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар бауырымен жорғалаушыларды ұстауға тоғыз рет шыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Олардың белсенділігі жаз маусымының басталуымен байланысты.
Arna Press,
15 мая 2023
в 18:18
Әлеуметтік желіде Шәкәрім университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы мен студенттер жазған бейнеүндеу таралуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Үндеуде университеттің ректоры Бауыржан Ердембековты орнынан босату туралы министрдің бұйрығын қайта қарауды сұрайды. Ұжым бір ауыздар бұйрыққа қарсы екенін айтты.Екі жыл үш ай ішінде, ондаған жылдар бойы атқарылмаған істерді атқарғанын ұжымның көзі көріп отыр.
Arna Press,
15 мая 2023
в 11:28
Полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.Polisia.kz сайтында шыққан ақпарат бойынша Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады.«Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда», — делінген хабарламада.Еске салайық, 11 мамырға қараған түні журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кеткен болатын.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
12 мая 2023
в 02:18
28 мамыр күні «Семей аруы -2023» байқауына іріктеу кезеңі өткізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Қазақстан аруы» республикалық байқауының өңірлік өкілі Асем Садвакасованың айтуынша, іріктеуге қатысқысы келетіндер арнайы бірдей киім киіп келулері қажет. Шарт бойынша бұл қара футболка немесе топ, қара джинсы не болмаса фигура бойынша шалбар және міндетті түрде өкшелі аяқ киім.«Семей аруы -2023» байқауының іріктеу кезеңіне 17 мен 25 жас аралығындағы қыздар қатыса алады. Қойылатын негізгі талаптар: бойы 170-183 см, тұрмысқа шықпаған, сымбатында мін жоқ, ақылына көркі сай болу керек, — дейді Асем Садвакасова.Кастинг 28 мамыр күні сағат 12:00 Семей қалалық мәдениет сарайының 306 кабинетінде өтеді.
Arna Press,
11 мая 2023
в 12:18
Астанада 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.КПБ қызметкерлері мен Степногорск қаласының ӨҚБ жедел уәкілдері арнайы операция жүргізіп, зергерлік дүкеннің батыл және мұқият жоспарланған тонауын әшкереледі.Еске салайық, 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөлені ойып, дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен болатын.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.ПД басшылығының нұсқауымен бірнеше жедел топтар құрылып, Ақмола аумағында да, көрші облыстарда да бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.Сонымен, елордада екі күдікті ұсталды: 1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары.
Arna Press,
11 мая 2023
в 11:48
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза журналистерді қолтырауынға теңегені үшін кешірім сұрап, мұны болмашы әзіл деді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында журналистерді қолтырауынға теңегенін, себебі БАҚ өкілдерінің кейбір депутаттардан сұхбат алуға ұмтылатынын, ал кейбіреулері оларға қызық емес екенін түсінбейтінін атап өтті.
Arna Press,
11 мая 2023
в 11:48
Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) — шамамен 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады.
Arna Press,
10 мая 2023
в 09:58
Жеңіс саябағына жиналған қала тұрғындары Мәңгілік алау айналысына шамдар арқылы «78» санын бейнелейтін сурет жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіЕкінші дүниежүзілік соғысы майданында қаза тапқан сарбаздарды еске алу үшін қала тұрғындары Жеңіс саябағына жиналды.Семейліктер үшін «Шам жағу» акциясы дәстүрге айналды.
Arna Press,
05 мая 2023
в 13:08
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстанның 25 қаласы арасында өмір сүру сапасы жөнінен Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.«Біріншіден, қандай критерийлер бойынша есептеулер жүргізілгенін және бұл қалай анықталғанын білмеймін.
Arna Press,
25 апреля 2023
в 12:18
Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жеке құрамның қатысуымен 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жедел кеңесі кезінде, облыс бойынша алдын алу шараларын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі төмендегенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция департаменті бастығының айтуынша, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты.
Arna Press,
24 апреля 2023
в 13:58
Жыл басталғалы қазақстандықтарға базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам.2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды.
Arna Press,
24 апреля 2023
в 13:58
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға арналған үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар екенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сәтқалиевтің айтуынша, дизель отынының жалпы қоры 370 мың тоннаға дейін ұлғайған, бұл елдің 21 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті.
Arna Press,
17 апреля 2023
в 13:08
Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сот отырысы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысады.«Бүгін сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады, кейін офлайн режимде қатысады», — деді судья Бағлан Ыдырысов.Еске салайық, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны белгілі болды.
Arna Press,
12 апреля 2023
в 16:58
Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев қашқын полиция генералы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып, істі Бас прокуратура өз бақылауына алды. Іздеу жұмыстарына ең тәжірибелі қызметкерлер тартылған. Қырғызстанға сұраныс жібердік, енді бірлескен іздестіру шараларын жүргіземіз. Қырғызстандық әріптестеріміздің мәліметінше, Күдебаев оларға жетіп, Манас әуежайы арқылы Ыстамбұлға ұшып кеткен.
Arna Press,
04 апреля 2023
в 11:38
ҰЭМ міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровтың «Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына сәйкес тарифтік саясатты реформалау шеңберінде электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын төмендетуге көзделген жұмыс басталғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қуантыровтың үкіметте сөйлеген сөзінше, бұл авариялардың санын азайтуға және осы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Arna Press,
30 марта 2023
в 17:58
Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«2023 жылғы 30 наурызда сағат 10:10-да Арыс-Түркістан суару каналынанда оқиға орнынан 11 шақырым жерде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалып кеткен қыздың мәйітін судан тауып алып шығарды», — делінген хабарламада.Еске салайық, 2023 жылғы 25 наурызда сағат 17:00 шамасында кәмелетке толмаған қыз үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.Іздестіру-құтқару жұмыстарына 139 адам мен 16 техника, оның ішінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің квадрокоптері мен жүзу қайығы, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.