Популярные темы

«АрселорМиттал Теміртау» ресми түрде QARMET-ке айналды

Дата: 08 декабря 2023 в 18:58



Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылғы 8 желтоқсанда Андрей Лаврентьев «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарының жаңа инвесторы атанғаны белгілі болды. Ол Қарағандыға аттанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың еңбек ұжымына QARMET-тің жаңа инвесторын таныстырғаны жазылған.

Сондай-ақ Талғат Темірханов QARMET-тегі Qazaqstan Steel Group акционерінің ресми өкілі болып тағайындалғаны айтылған.

Еске салсақ, қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittal Temirtau кәсіпорындарының инвесторы болды.

2023 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталғаны белгілі болды.

Сурет: Telegram/qarmet_news

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями