Tengrinews,
15 ноября 2023
в 09:33
Прогерия ауруына шалдыққан Қазақстандағы жалғыз адам Нұржан Өркешбаев емделуге ниеті болса да, ешқандай жеңілдіктер жоқтығына налиды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз. «Жағдайымды кімге барып, айта берейін? Мейлі облыстың дәрігерлері болсын, шенділері болсын, ешқайсысы денсаулық жағдайымды сұрап жатқан жоқ.
EKaraganda.kz,
14 ноября 2023
в 15:55
Начальник Генштаба ВС РК выразил уверенность в том, что полковник Ержан Ыбыраев с имеющимся опытом в совокупности с высокими профессиональными качествами сможет добиться эффективного выполнения поставленных перед войсками регионального командования задач и пожелал новому командующему настойчивости и успехов в их решении.Новый командующий войсками регионального командования «Астана» назначен на эту должность распоряжением Верховного Главнокомандующего Вооруженных Сил Республики Казахстан — Президента страны, сменив на этом посту генерал-майора Шайх-Хасана Жазыкбаева, который, в свою очередь, назначен заместителем начальника Генерального штаба ВС РК.Накануне, генерал-майор Шайх-Хасан Жазыкбаев в торжественной обстановке простился с Боевым знаменем РгК, являющимся особым символом воинской чести, доблести и славы.«Астана» Өңірлік қолбасшылығының жаңа командирі таныстырылды«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы полковник Ержан Ыбыраев қызметтік міндетін бастады. Қарағанды гарнизонына жұмыс сапары барысында оны жеке құраммен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов таныстырды.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өз сөзінде, полковник Ержан Ыбыраев өзінің бар тәжірибесімен және жоғары кәсіби қасиеттерімен ұштасып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлерінің алдына қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыруға қол жеткізе алатынына сенім білдірді.
Arna Press,
14 ноября 2023
в 12:38
Полицияға облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі телефонның ұрланғаны туралы хабарлаған. Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші гаджеттің өзі тұратын пәтерден жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция кешенді іс-шаралар өткізіп, соның ішінде бір күн бұрын пәтерге барған азаматтарды анықтады. Ұрлық жасауға қатысы бар деген күдікпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жәбірленушінің 29 жастағы танысы ұсталды, ол өзінің кінәсін мойындады.
Tengrinews,
13 ноября 2023
в 17:33
Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстыратын пошта қызметінің сапалы болуы аса маңызды. Бұл салада өз міндетін мінсіз атқарып жатқан қарапайым жандар аз емес. Соның бірі Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында тұратын Ольга Ділдебаева. Мамандығын жақсы көретін ол газет-журналдар мен сәлем-сауқаттарды электромопедпен тасиды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Магнолия,
13 ноября 2023
в 17:18
Азаматтық кодекске сәйкес шарт деп екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі танылады. Заң қызметтерін көрсетуге арналған шарт азаматтық — құқықтық жауапкершілік шарты болып табылады және тараптар — адвокат пен оған жүгінген тұлға (Клиент) арасында туындаған қатынастарды бекітеді. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес заң көмегін көрсетуге шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады(47-бап).
Arna Press,
09 ноября 2023
в 12:58
Полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан Семей қаласының 19 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпараттық кеңістіктің дамуымен бірге жыл сайын алаяқтар көбейіп келеді. Пайда табу үшін олар қарттар сияқты ең осал санаттағы адамдарды іздейді.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 10:28
Павлодар облысының даласынан жергілікті тұрғындар 50-ден астам жылқының өлексесін тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мамандар жылқы өліміне себеп болуы мүмкін бірқатар қауіпті ауруды бірден жоққа шығарды. Ветеринарлар жануарлар күздік қара бидайдан уланған болуы мүмкін деп болжап отыр.
Tengrinews,
09 ноября 2023
в 09:33
«3 күннен бері жарықсыз отырмыз». Алматы облысы Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындары осылай деп редакциямызға шағым түсірді. Айтуларынша 150-ге тарта үйдің электр қуаты жалғанған жекенің қолындағы трансформатр қысымды көтере алмай істен шыққан. Салдарынан үйлерінде электр қуатына байланған жылу жүйесі де, ауыз суда жоқ. Қара суықта жылусыз қалған жұрт жарықтың мәселесін әкімдік тезірек шешіп берсе дейді.
Tengrinews,
06 ноября 2023
в 09:33
Елімізде істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар жетерлік. Солардың бірі — Нұрбол Ержанұлы. Ол кәріс азаматынан кәдесый жасауды үйреніп, 9 жылдан бері өз өнімін өндіріп келеді. 50 мың теңге қарыз алып бастаған кәсібінің бүгінгі таңдағы жылдық айналымы 400 миллион теңгеге жеткен. Мемлекеттен мүлдем көмек алмай, кәсібімен шекараның сыртына дейін танымал болып отырған азаматпен Massaget.kz тілшісі тілдесіп қайтты.
Arna Press,
04 ноября 2023
в 22:48
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырған байқауды қорытындылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының құрылғанына бір жылдан астам уақыт өтсе де, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының филиалы мұнда кейіннен құрылды.
Arna Press,
04 ноября 2023
в 22:48
Қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіру тәртібі жеңілдетіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Басылым мәліметінше, қалаға кіреберісте бақылау-тексеру пункті тұр. Бұл бақылау бекетін айналып, ешкім қалаға кіріп немесе шыға алмайды. Әскерилер әрқайсының құжаттары мен рұқсаттамаларын мұқият тексереді.Байқоңырға кіру үшін кем дегенде 10 күн бұрын қалаға келу себебін көрсете отырып, өтінім беру қажет: қызметтік немесе жеке істер бойынша.
Tengrinews,
30 октября 2023
в 12:03
Қызылордалық тігінші Шайхы Өтепованың әр күні тігін машинасының алдында өтеді. Көптеген жыл базарда сауда жасаған ол 3 жыл бұрын кәсіп ауыстырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Шайхы Өтепова Қазалы ауданының орталығында тұрады. Бүкіл жұмыс үйінің бір бұрышында бітеді. 3 жылдан бері қанша сәбидің бесік жапқышын, қанша қыздың жасауын тіккені есінде жоқ.
Arna Press,
27 октября 2023
в 10:38
Қарағанды облысындағы Топар ауылының сібір жарасын жұқтырған бір тұрғыны жұқпалы аурулар орталығында көз жұмды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Дәрігерлер қабылдаған барлық шараларға қарамастан, сібір жарасын жұқтырғаннан кейін жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылы туылған науқас қайтыс болды.Өлім күйдіргінің ауыр кезеңіне және ауыр қатар жүретін аурулардың болуына байланысты болды», — деді ол.Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіСонымен қатар, департаменттегілер түсіндіргендей, медициналық көмекке жүгінудің кешігуі әсер етті.Қалған жұқтырған науқастардың жағдайы тұрақты, деп қосты ведомство.
Arna Press,
17 октября 2023
в 18:38
Бүгінде облыста 21 336 жұмыс орны құрылды, бұл жоспардың 86%-ын құрайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Барлық шаралар еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша бекітілген Жол картасы аясында жүйелі жүргізіледі.Өңірде жұмыс берушілерді тарта отырып, бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады.
Arna Press,
16 октября 2023
в 18:18
Энергетика министрлігі электр энергиясына бұрын бекітілген шекті тарифтерге өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, 2023 жылдың 1 қазанынан бастап электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі:Жалпы тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кіреді.
EKaraganda.kz,
13 октября 2023
в 11:35
Қарағанды облысының ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Арман Кайракбаевтың айтуынша, жәбірленушілерге аса ірі көлемде келтірілген залал тіркелген фактілердің саны 41%-ға азайған. -Бізде қазіргі заманғы зертхана, әртүрлі деректер базасы және қылмыстың осы түрін есептеуге және жолын кесуге мүмкіндік беретін қуатты технология бар — деді ол.Жақында интернетте 170-тен астам алаяқтық жасады деген күдікпен 40 адам ұсталды.