Arna Press,
21 августа 2026
в 14:28
Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.
Arna Press,
19 августа 2026
в 14:38
Елорда тұрғыны 2023–2025 жылдары қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған 6,2 мыңнан астам адамды тартқан, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Нәтижесінде оның заңсыз табысы 337 млн теңгені құраған. Сот оған мүлкін тәркілемей, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.Бас прокуратура сот белгілеген жазаны тым жеңіл деп танып, кассациялық наразылық келтірді.Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырып, бұған дейінгі сот актілерінің күшін жойды. Іс жаңа сот талқылауына жіберілді.Қаржы пирамидасына қатысу азаматтарды қомақты қаржылық шығынға ұшыратуы мүмкін.
Arna Press,
17 августа 2026
в 11:38
2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған алапат өрт ел жадында ауыр із қалдырғаны белгілі. Қызметтік міндетін атқару барысында 15 орман қызметкері қаза тапқан қайғылы оқиға табиғи апаттың ауқымын ғана емес, адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін де көрсетті. Осы қасіретті оқиға «38.
Arna Press,
07 августа 2026
в 13:58
Семей қаласындағы Восточный кентінің 2-саяжай тұрғындары жаңадан жөнделген жолдың қайта қазылуына қарсы екеніндерін айтуда, деп хабарлайды Arnapress.kzӨткен жылы Семей қаласындағы Восточный кентінің 2-саяжай аумағындағы бірқатар көшеге инертті материал төселіп, грейдерлеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Arna Press,
27 июля 2026
в 11:58
Міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік толық көлемде сақталады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл норма Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген және оған ешқандай өзгеріс енгізілмейді.2027 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктің өзі емес, заңнамада көзделген өтемақы төлеу тетігі өзгереді. Өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге және азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.Қазіргі таңда азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады.
SportInfo,
20 июля 2026
в 14:36
Венгрия астанасында 15-19 шілде аралығында өткен Имре Поляк, Янош Варга және Иштван Козма мемориалы мәресіне жетті. United World Wrestling күнтізбесіне енген маусымның қорытынды рейтингтік турнирінде Қазақстан құрамасы еркін, әйелдер және грек-рим күресінен барлығы 12 медаль – 2 алтын, 3 күміс және 7 қола жүлде иеленді.
Arna Press,
13 июля 2026
в 16:48
Әр баланың бойындағы талантты дер кезінде байқап, оны шыңдау — ең алдымен ата-ананың қолдауынан басталады. Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектептің 5 «В» сынып оқушысы Азиза Касенова – жастығына қарамастан халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда топ жарып жүрген дарынды оқушылардың бірі. Оның шығармашылық жолы, жетістіктері мен армандары туралы анасы Айнұр Касымжанова Arnapress.kz тілшісіне әңгімелеп берді.Айнұрдың айтуынша, Азиза кішкентай кезінен өнерге жақын болып өскен. Ән айтуға, музыка тыңдауға ерекше қызығушылық танытып, кейін жетіген аспабын меңгеруге бел буған.
Arna Press,
07 июля 2026
в 14:18
Семей қаласында полиция қызметкерлері Восточный кенті аумағында жасалған бірнеше мүліктік қылмысты ашты, деп хабарлайды Arnapress.kz департаментке сілтеме жасап.Тергеу барысында сегіз ұрлық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды.Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдарына тұрғындардан жеке үйлерден, шаруашылық құрылыстарынан, гараждардан, салынып жатқан үйден, кілем жуу цехынан мүліктің ұрланғаны, сондай-ақ тұрғын үй ауласынан велосипедтің қолды болғаны туралы сегіз арыз түскен.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті анықталып, ұсталған.
SportInfo,
04 июля 2026
в 10:06
8 шілде күні сағат 20:00-де Алматының Орталық стадионында «Қайрат» черногориялық «Сутьескаға» қарсы матчпен жаңа еурокубок маусымын бастайды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайраттың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Дәл бір жыл бұрын бізге жарқын естелік сыйлаған еурокубок жолы басталған еді.
SportInfo,
05 июня 2026
в 10:46
Отандасымыз Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті.
Arna Press,
26 мая 2026
в 16:58
Шымкенттік ең кішкентай барабаншысы 7 жасар Әли әлеуметтік желіде танымал. Табиғи талант тұнып тұрған. Көрсең көз тояды. Әлидің анасы Шынар Өтепбергенқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, ұлының музыкалық қабілеті мен қызығушылығы туралы біліп көрді.«Ұлымның толық аты-жөні Әбсейіт Әли Бекнұрұлы. Әкесі — Әбсейіт Бекнұр Серікұлы. Әлидің барабанға деген қызығушылығы 1,5–2 жасынан басталды. Әкесі кішкентай кезінен өлең айтып, үстелді тарсылдатып ырғақ шығаратын.
SportInfo,
25 мая 2026
в 12:07
Теннистен Қазақстанның 16 жастағы өкілі Даниель Юрекли Чолпон-Ата қаласында (Қырғызстан) мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30) сериясындағы халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталған жарыста отандасымыз бірінші нөмірлі фаворит ретінде өнер көрсетті.
SportInfo,
22 мая 2026
в 10:56
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.
SportInfo,
22 мая 2026
в 10:26
Теннистен Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup жарысының финалдық кезеңіне жолдама алды. Шымкентте өтіп жатқан Азия/Мұхит жағалауы аймақтық іріктеу турнирінің жартылай финалына жолдама алған отандастарымыз әлемдік біріншіліктің шешуші сатысына мерзімінен бұрын өтті.
Arna Press,
15 мая 2026
в 16:18
Өскеменде Халықаралық отбасы күніне орай бұрын-соңды болмаған ауқымды мәдени жоба басталды. Елдің 17 облысынан келген құрақшылар «Шығыс Алтай» стадионында ұзындығы екі шақырымнан асатын алып құрақ көрпе тігіп, оны халықаралық рекордтар кітабына енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz altainews.kz-ке сілтеме жасапАлтайдың әсем табиғатымен астасқан екі шақырымдық алып құрақ көрпе жасыл түспен көмкеріліп, өңір келбетін көркем өрнекке айналдырғандай әсер қалдырды.
Arna Press,
14 мая 2026
в 12:58
Семейде жеті жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Қала тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына қаржылай қолдау көрсетпей, он жыл ішінде бес миллион теңгеден астам қарыз жинаған.Сот шешімімен 38 жастағы азамат кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің есебіне қойылды.Пробация қызметінде сотталған азаматқа жазаны өтеу тәртібі, сот белгілеген шектеулер және оларды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік түсіндірілген.Ер адамның айтуынша, ол өз әрекетінің салдарын енді түсінген. Қазір ұлы 15 жаста, ал осы уақыт ішінде әке баласының өміріне араласпағанын және қажетті қолдау көрсетпегенін мойындады.«Бұрын алимент төлемдерін кейінге қалдырып, жауапкершіліктен қашуға болады деп ойлайтынмын.
Arna Press,
14 мая 2026
в 11:38
Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, 8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірген. Олардың арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінді.
SportInfo,
14 мая 2026
в 10:36
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (16 жасқа дейінгілер) Шымкентте өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетуде. Шешуші матчта Тайланд командасын тізе бүктірген Ярослава Шведованың шәкірттері турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
13 мая 2026
в 14:16
12 мамырда Астанада классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы аяқталды. Чемпиондар — 15 жастағы Сауат Нұрғалиев және 16 жастағы Зарина Нұрғалиева. Регламент бойынша чемпионаттың жүлдегерлері олимпиадалық құрамаларға қабылданады. Сауат 15 жасында елдің негізгі құрамына енеді — қазақстандық құрамаларда мұндай жас ойыншылар әлі болмаған.
Arna Press,
06 мая 2026
в 14:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушыларға қатысты хабарлама беру ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnpress.kz министрлікке сілтеме жасап. Енді такси қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жұмысты бастамас бұрын міндетті түрде жергілікті атқарушы органға хабарлама жолдауы тиіс.Жаңартылған талаптарға сәйкес, тасымалдаушылар көлік құралдарына қатысты мәліметтерді нақты көрсетуге міндеттеледі.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 19:48
Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осыған байланысты орындалмайтын рейстердің жолаушыларына әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады.
SportInfo,
21 апреля 2026
в 12:26
Әр алтын медаль — бөлек спортшыға тиесілі. Бірде-бір қайталау, тоғыз түрлі есім, бір құрамада тоғыз әлем чемпионы. Міне, сербиялық Врнячка-Баня қаласында өткен рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдердің көрсеткен нәтижесі осындай. Бұл — осындай турнирлер тарихындағы еліміздің ең үздік медальдық көрсеткіші.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдалану тәртібіне жаңа өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы «Отбасы банкке» сілтеме жасап Arnapress.kz хабарлайды.«Отбасы банк» баспасөз қызметі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен қағидаларға өзгерістер енгізілгенін еске салды.2026 жылдың 17 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының артық бөлігін пайдалану арқылы екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық қарызды ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды жабуға рұқсат етіледі.
SportInfo,
08 апреля 2026
в 18:16
Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионаты аясында әйелдер күресінен алғашқы жартылай финалдық белдесулер өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін, 8 сәуірде бұл кезеңге дейін Қазақстан құрамасының екі өкілі жетті. 50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова Олимпиада чемпионы Юи Сусаки (Жапония) қарсы белдесуде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.
Arna Press,
10 марта 2026
в 20:08
Әлеуметтік желілерде Семей қаласында су басу жағдайына қатысты тұрғындардың шағымдары көбейіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kzЖеліде тараған жазбалардың бірінде қала тұрғыны өзі тұратын үйдің шатыры ағып, пәтерін су басып жатқанын айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, ол Дулата Бабатайұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің 10-қабатында тұрады. Қазіргі уақытта төбеден су ағып, пәтердің бірнеше бөлмесіне — ванна, зал және дәлізге су кетіп жатқанын жеткізген.Сондай-ақ тұрғын үйінде кішкентай екі баласы бар екенін айтқан.
Arna Press,
09 марта 2026
в 15:08
Семейде қаржы пирамидасына сеніп, ақшасынан айырылғандардың саны 140-тан асты. Жәбірленушілер арасында көпбалалы отбасылар да бар. Кейбір тұрғындар алаяқтарға ондаған, тіпті жүздеген миллион теңге берген, деп хабарлайды Arnapress.kz. Жетінші арнаға сілтеме жасапҚазіргі мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын 1 миллиард теңгеден асқан.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 19:18
Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның түсіндіруінше, аталған өзгерістер қаңтар айында қабылданған Цифрлық кодекс аясында енгізілген.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 14:18
Отбасы банк тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтінім қабылдауды қайта бастайды деп хабарлайды Аrnapress.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәліметке сәйкес, өтінімдер 2 наурыз, дүйсенбіден бастап қабылдана бастайды.Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында банк БЗТ қаражатын несие бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге пайдалану өтінімдерін уақытша тоқтатқан болатын.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 20:38
Алматы облысының тумасы, бүгінде 87 жасқа келген Алтыншаш Сариева — тағдырлы ғұмыр кешкен, тәубесі мен төзімі қатар өрілген ерекше жанмен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, тілдесті.Ол 1940 жылы Алматы облысы, Горный Гигант ауылында дүниеге келген. Бала күнгі естеліктері де ерекше. Айтуынша, кішкентай кезінде тілі шықпаса да, жүріп-тұратын болған. Үйде жалғыз қалып, есікті сыртынан тіреп кеткен сәттерде өзін бір тылсым күш қорғаштап жүргенін сезінгенін айтады. «Анам емшілік қасиеті бар кісі болған.
SportInfo,
23 февраля 2026
в 12:36
Жезқазғанда Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы шахматтан чемпионаты өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясы сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс үш түрден тұрды: классика, рапид және блиц. Жас жігіттер мен қыздар бөлек сайысты.