Популярные темы

Абай облысында танысының телефонын үйінен ұрлап кеткен азамат ұсталды

Дата: 14 ноября 2023 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында танысының телефонын үйінен ұрлап кеткен азамат ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

​Полицияға облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі телефонның ұрланғаны туралы хабарлаған. ​Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші гаджеттің өзі тұратын пәтерден жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция кешенді іс-шаралар өткізіп, соның ішінде бір күн бұрын пәтерге барған азаматтарды анықтады. Ұрлық жасауға қатысы бар деген күдікпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жәбірленушінің 29 жастағы танысы ұсталды, ол өзінің кінәсін мойындады.

Күдікті жәбірленушіге қонаққа келіп, телефонын ұрлап кеткені анықталды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлімінде (Ұрлық) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.​ Күдіктіге келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды», — делінген хабарламада. ​


Полиция қызметкерлері қаскүнемнің өзге мүліктік қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Сонымен қатар, хабарламада Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады, деп жазылған.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями