Популярные темы

ШҚО-да алғаш рет аймақтық тілшілер байықауы өтті

Дата: 04 ноября 2023 в 22:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО-да алғаш рет аймақтық тілшілер байықауы өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырған байқауды қорытындылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының құрылғанына бір жылдан астам уақыт өтсе де, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының филиалы мұнда кейіннен құрылды. Сондықтан екі облысқа бір байқау өтіп, аймақтық мәртебе ие болды.

Маусым айында жарияланған байқауға жалпы саны 60-қа жуық журналист қатысқан. Сарапшылар солардың ішінен үздік деп тапқан 20 жеңімпазды марапаттады.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы осы салада атқарылған жұмыстардың сапасын қадағлайды. Бұрын аймақтық зертханалар тек республикалық жолдардың сапасын тексеріп, ондағы кемшіліктерді анықтаумен ғана шектелетін. Ал бұл орталық барлық деңгейдегі жолдардың жағдайын тексереді.Түрлі сынамалар алып материалдың талапқа сай болуын арнайы зертханаларда сынайды. Орталық атқарған жұмыстарын үнемі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарлап отырады. Сондықтан БАҚ арасында жыл сайын байқау жариялайды.

Биыл қалам ұстаған қауым өкілдерінен 150-ден астам материал түскен. Ең мықтылары бірнеше номинация бойынша анықталды.

«Байқау бірнеше  аталым бойынша жарияланған. Ақпараттық сайттағы үздік жарияланым газеттегі мақала, үздік телевизиялық материалдар бойынша жекелеген авторлар марапатталды», делінген хабарламада. 

Биылдан бастап Абай облысында да жол активтері сапа орталығының филиалы ашылып жұмыс істей бастады. Жаңадан ашылған филиалдың жұмысын абайлық журналистер де үздіксіз насихаттап келеді.

Байқау барысында олардың жұмысы да сарапшылардың назарынан тыс қалған жоқ. Айта кетейік, орталық құрылған төрт жылдың ішінде 600-ге жуық материал бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған. Соның 50 пайызы республикалық, қалғаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шыққан.

Сурет: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями