Популярные темы

депо: новости — страница 51

Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қаза болды

Arna Press, 10 мая 2023 в 10:48

Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қаза болды
Алматы облысында көп балалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 4 мамырда Көліащы ауылында болған. Сағат 16:04-те Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көліащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адам (екі ересек және төрт бала) алдын ала белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті, — делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.«Нәтижесінде 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза болды.

Семейліктер 1500 шам жағып, соғыс кезінде қайтыс болғандарды еске алды

Arna Press, 10 мая 2023 в 09:58

Семейліктер 1500 шам жағып, соғыс кезінде қайтыс болғандарды еске алды
Жеңіс саябағына жиналған қала тұрғындары Мәңгілік алау айналысына шамдар арқылы «78» санын бейнелейтін сурет жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіЕкінші дүниежүзілік соғысы майданында қаза тапқан сарбаздарды еске алу үшін қала тұрғындары Жеңіс саябағына жиналды.Семейліктер үшін «Шам жағу» акциясы дәстүрге айналды.

Семейлік өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Arna Press, 06 мая 2023 в 11:38

Семейлік өрт сөндіруші
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 5 мамыр күні өртті сөндіру кезінде көрсеткен қызметтік борышын орындағаны, батырлық пен жанқиярлығы үшін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ Семей қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі ИСҚАҚОВ Ермек Ержанұлы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

Arna Press, 06 мая 2023 в 00:18

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы тұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 4,6 миллиард теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр.

COVID-19 пандемиясы ресми түрде аяқталды

Arna Press, 05 мая 2023 в 23:18

COVID-19 пандемиясы ресми түрде аяқталды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) COVID-19 пандемиясы мәртебесінің күшін жойды. Бұл туралы ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«ДДҰ-ның GOVID-19 бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшылар комитеті маған COVID-19 халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай мәртебесін (PHEIC) алып тастауды ұсынды.

Орал тұрғынына жолдағы шұңқырды айналып өткені үшін айыппұл салынған

Arna Press, 05 мая 2023 в 17:58

Орал тұрғынына жолдағы шұңқырды айналып өткені үшін айыппұл салынған
14 сәуірде басылым редакциясына Орал қаласының тұрғыны Дамира Сманқұлова хабарласты. Ол жолдағы терең шұңқырды айналып өткені үшін айыппұл салғанына ашулы. Содан кейін әйел хаттамаға қол қоюдан бас тартқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын түсіндірді.

Аягөзде көлік жүргізуге құқығынан айырылған жүргізуші есірткіге масаң күйінде ұсталды

Arna Press, 05 мая 2023 в 16:48

Аягөзде көлік жүргізуге құқығынан айырылған жүргізуші есірткіге масаң күйінде ұсталды
Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында Аягөз қаласының көшелерінің бірінде «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында полиция қызметкерлері «ВАЗ -210» маркалы автокөлікті тоқтатты.ҚР ІІМ арнайы базалары бойынша тексеру барысында, 44 жастағы жүргізуші 2022 жылдың көктемінде Аягөз аудандық сотының шешіміен 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.«Сөйлесу барысында жүргізушінің өзін ұстауы тәртіп сақшыларының күдігін тудырған.

Абай облысында Отан қорғаушылар күні қалай атап өтіледі

Arna Press, 05 мая 2023 в 15:08

Абай облысында Отан қорғаушылар күні қалай атап өтіледі
Мереке құрметіне Абай облысының барлық аудандарында мәдениет мекемелері бірқатар іс – шаралар дайындады. Олардың қатарында концерттер, көрмелер, патриоттық әндердің байқаулары мен шерулері, конкурстар, танымдық шолулар, кездесулер және тағы басқалар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 7 мамырда сағат 11:00-де орталық алаңда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Абай облысы әкімі Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді

Arna Press, 05 мая 2023 в 13:08

Абай облысы әкімі Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстанның 25 қаласы арасында өмір сүру сапасы жөнінен Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.«Біріншіден, қандай критерийлер бойынша есептеулер жүргізілгенін және бұл қалай анықталғанын білмеймін.

Семейде «пәтер алуға көмектесемін» деген алаяқ қолға түсті

Arna Press, 04 мая 2023 в 16:58

Семейде
Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында Әуезов полиция бөліміне 23 жастағы қыз келіп, бейтаныс жігіт нарықтық бағадан төмен пәтерді сатып алуға көмектесуге уәде бергенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көп ойланбастан қажетті соманы қыз апарып бергеннен соң, қала тұрғыны уәде етілген пәтердің кілтіне қолы жетпегендіктен, алаяқтықтың арбауына түскенін түсініп, полицияға жүгінген.Абай облысының полицейлері аталған іс бойынша күдікті болып танылған облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді.

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады

Arna Press, 04 мая 2023 в 16:58

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады
Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол бастауыш сынып оқушыларынан бөлек, 350 балабақшада көпбалалы отбасылардан 5 700 бала тегін тамақтана алатынын атап өтті.«Осы санаттағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін барады. Қамқоршыларға 600 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеуге 200 млн теңге қарастырылған», — деді Шалқар Байбеков.Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады.

Отдых на Алаколе: новые маршруты к озеру запускают в этом году

Arna Press, 04 мая 2023 в 15:08

Отдых на Алаколе: новые маршруты к озеру запускают в этом году
Для привлечения туристов и повышения уровня обслуживания разрабатывается дорожная карта развития побережья озера Алаколь. Ведь уже сейчас Алаколь стал точкой притяжения туристов и своеобразной визитной карточкой области, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу акимата области Абай.Как отметил первый заместитель акима области Абай Айдын Каримов, дорожная карта предусматривает 40 мероприятий по поэтапному решению проблем инфраструктуры, экологии, безопасности отдыхающих и других проблем, доставляющих неудобства туристам.«Завершается реконструкция системы светосигнального оборудования, видеонаблюдения, наружного освещения аэропорта Урджар.

Семейде қарақшы үш мың теңге үшін зейнеткерді тонады

Arna Press, 03 мая 2023 в 17:18

Семейде қарақшы үш мың теңге үшін зейнеткерді тонады
Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны тонап кеткені туралы арызбен жүгінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жеткен. Ер адам жәбірленушінің басынан балғамен ұрып жіберіп, оның 3 мың теңге көлеміндегі қаражатын, алтын сырғасы мен ұялы телефонын ұрлап алғанын айтқан.«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсірді.

Семейдегі «Жас Ұлан» ерлер лицейінің түлектері білім ордасына құрмет көрсетті

Arna Press, 03 мая 2023 в 16:18

Семейдегі
Семей қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицейін 2003 және 2008 жылдары бітірген түлектер білім ордасында кездесу ұйымдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тағылымды кешке еліміздің әр өңірінде алуан түрлі салада қарқынды қызмет етіп жүрген түлектер қауымы қатысты.«Лицей менің жүрегімде» атты салтанаты шарасына білім ошағының ұжымы тиянақтылық танытқан. Өйткені алғаш рет бастау алған игі іс — аса үлкен жауапкершілікке толы.

Абай облысында 116 нысан ауаны ластап отыр

Arna Press, 03 мая 2023 в 15:38

Абай облысында 116 нысан ауаны ластап отыр
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы Абай облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Данияр Тоқтыбаев айтып берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ӨКҚ-не сілтеме жасап.Оның айтуынша, облыста кәсіпорындарға талдау жүргізілді, ол қоршаған ортаға ең көп шығарындылар санатына жататын 116 нысанды анықтады.

Жигули Дайрабаев айналасындағы жанжалдарға қатысты пікір білдірді

Arna Press, 03 мая 2023 в 15:38

Жигули Дайрабаев айналасындағы жанжалдарға қатысты пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев өзінің төңірегінде неліктен келеңсіздіктер көп болып кеткенін түсіндірді.Мәжілістің жалпы отырысында журналистер депутаттан соңғы уақытта жылжымайтын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттерге қатысты тағылған айыптар туралы сұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Меркен ауданында жеке менің меншігімде бір метр жер жоқ, ол кезде жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істедік.

Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жетілдірілмек

Arna Press, 03 мая 2023 в 14:38

Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жетілдірілмек
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына түзетулер қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдық-құқықтық негіздерін анықтауды, оның ішінде адам саудасына қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдарды құруды, олардың құқығы мен міндетін, оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жаңа ұғымдарды енгізу және заң нормалары қолданылатын тұлғалар шеңберін, адам саудасына қарсы күрес субъектілері мен олардың құзыретін анықтау, адам саудасының тәуекелдерін бағалауды көздейді», — деді Снежанна Имашева.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы «Неке және отбасы туралы» кодекске, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заң қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, прокуратура органдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға балаларды қабылдау фактілері туралы хабарлау міндетін енгізуге, сонымен қатар адам саудасымен байланысты қылмыстардың тізбесі, құрбандарды арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығын хабардар етуді міндеттейді.«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасында медициналық ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестеден бас тарту фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу және баланың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделген.Сурет: Zakon.kz

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Arna Press, 03 мая 2023 в 12:48

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?
2023 жылдың басынан бері алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 6144 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Семейде учаскелік инспекторлар 20 жыл бойы шығарылмаған тұрмыстық қалдықтан үй маңын тазартты

Arna Press, 03 мая 2023 в 12:48

Семейде учаскелік инспекторлар 20 жыл бойы шығарылмаған тұрмыстық қалдықтан үй маңын тазартты
Семей қаласының Затон Полиция басқармасының қызметкерлері үй маңдарын аралаған кезде Силикат кентінде 20 жыл бойы үйілген тұрмыстық қалдықтар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Учаскелік инспекторлар үй тұрғындарының жалпы сенбілігін өткізу үшін тұрғындарды жинау мақсатында аталған үйлерді аралау жұмыстарын жүргізді.

Сот орындаушылар онлайн форматта автокөлік құралдарына тыйым салып немесе оны алып тастай алады

Arna Press, 02 мая 2023 в 17:38

Сот орындаушылар онлайн форматта автокөлік құралдарына тыйым салып немесе оны алып тастай алады
2023 жылдың 2 мамырынан бастап сот орындаушылары автокөлік құралдарына бірнеше минут ішінде электрондық тәсілмен тыйым салып немесе оны алып тастай алатын болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады, — дейді Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаны Әділет министрлігі, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бірлесіп әзірледі.Талғат Уәлидің айтуынша, осы жобаны енгізудің арқасында сот орындаушылары мен ішкі істер органдары арасындағы қағаз құжат айналымы қысқартылды.«Автокөлік құралдарынан тыйым салуды алу онлайн төлемнен кейін автоматты түрде жүргізіледі.

Индустрия министрі жеңілдетілген автонесиедегі жаңалықтар туралы айтты

Arna Press, 02 мая 2023 в 15:48

Индустрия министрі жеңілдетілген автонесиедегі жаңалықтар туралы айтты
Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты. Ол бұл процесс қоғам талап еткендей ашық жүріп жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Автосалондар мен банктерде кезек тұрғанда қоғам талап етті.

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 18 пайызға қымбаттады

Arna Press, 02 мая 2023 в 14:58

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 18 пайызға қымбаттады
Жылдық мәнде инфляция екінші ай қатарынан баяулауда: 2023 жылғы сәуірде – 16,8%, 2023 жылғы наурызда – 18,1%, 2023 жылғы ақпанда – 21,3%. Азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 17,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,2%-ға өсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Кір сабын – 59,3%-ға, тазартылған қант – 51,7%-ға, ыдыс жууға арналған ұнтақ – 51,6%-ға, қияр – 50,9%-ға, балалар сабын – 49,6%-ға, күріш – 43,9%-ға, кір жуғыш ұнтақ – 43%-ға, дәретхана қағазы қымбаттады.

Абай облысында ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден алады

Arna Press, 02 мая 2023 в 14:58

Абай облысында ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден алады
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай Абай облысының 2 692 тұрғыны біржолғы төлем алады. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, концлагерьлердің бұрынғы тұтқындары, тыл еңбеккерлері және т. б. бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәселен, облыста тұратын Ұлы Отан соғысының 12 қатысушысына Жеңіс күніне 1,5 миллион теңгеден төленеді.Облыста Ленинградты қоршау кезеңінде қала кәсіпорнында жұмыс істеген және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған бір адам қалды.

Бесқарағай ауданында көне құран кітап табылды

Arna Press, 02 мая 2023 в 14:58

Бесқарағай ауданында көне құран кітап табылды
Абай облысы Бесқарағай ауданына қарасты Қоянды ауылында жергілікті тұрғын көне құран кітабын тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап.Ол шарбақ орнату үшін шұңқыр қазғанда әбден ескірген құранды көрді.Кітаптың біраз бөлігі күрек тигеннен бүлінді, алайда қалғаны тұтас күйінде.Жәдігер шыққан маңда ертеде мешіт болған деген болжам бар.

Абай облысында қызметтік ит есірткі жасырынған орынды тапты

Arna Press, 02 мая 2023 в 14:08

Абай облысында қызметтік ит есірткі жасырынған орынды тапты
Бородулиха ауданының полицейлері жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде есірткі заттарын сақтау туралы жедел ақпарат алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел-тергеу тобы құрамындағы полиция-кинолог пен қызметтік-іздестіру иті күдіктінің тұрғынжайын дереу тексеруге кіріскен.Нәтижесінде «Арчи» атты қызметтік ит иіс ізін тауып, қосалқы бөлменің біріндегі жастыққа белсенді белгі берген жерден полицейлер 2 медициналық шприц тәркілеген.

Бомбоубежища Алматы вернут в госсобственность

Крыша, 02 мая 2023 в 12:17

Бомбоубежища Алматы вернут в госсобственность
Вернуть защитные сооружения в коммунальную собственность поручил аким Алматы во время рабочей поездки по объектам гражданской обороны. В течение месяца районные акиматы и управление госактивов должны внести свои предложения. Сегодня многие убежища абсолютно непригодны для приёма населения в случае ЧС.К примеру, одно из таких сооружений расположено в Алатауском районе.

Алматыда ҚР ҰҚК Академиясының курсанты суицид жасады

Arna Press, 01 мая 2023 в 14:18

Алматыда ҚР ҰҚК Академиясының курсанты суицид жасады
2023 жылғы 1 мамырда әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Академия жатақханасында 3-оқу жылы курсантының денесі табылды.«Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру.

Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдерінің саны қанша

Arna Press, 01 мая 2023 в 14:18

Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдерінің саны қанша
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның ішінде 70,6% – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа этнос өкілдері», — делінген хабарламада.Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн.

Ақтөбеде қанды қылмыс жасаған адам изоляторда асылып қалған

Arna Press, 01 мая 2023 в 14:18

Ақтөбеде қанды қылмыс жасаған адам изоляторда асылып қалған
Ақтөбеде 35 жастағы әйел адам мен 16 жастағы баласын аяусыз өлтірген күдікті тергеу изоляторының әжетханасында асылып қалған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Жантүршігерлік оқиға 29 мамырда Ақтөбеде болған еді. Оқиға қаладағы Жеңіс даңғылында № 30 үйде болған. Күдікті 35 жастағы әйел адам мен 16 жастағы баласын аяусыз өлтірген.

Екібастұзда ер мен әйел полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен

Arna Press, 01 мая 2023 в 13:18

Екібастұзда ер мен әйел полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен
22 сәуір күні сағат 17:20-да Екібастұз полициясына Пішенбаев көшесіндегі дүкеннің жанында мас адамдар ішімдік ішіп жүргені туралы хабарлама келіп түскен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.Полицейлер оқиға орнына барған кезде дерек расталған. Шынымен де дүкен маңында 34 жастағы ер мен 32 жастағы әйел адам болған.
Показано 30 новостей из 2 619