EKaraganda.kz,
16 ноября 2023
в 16:15
В мероприятии приняли участие командование и военнослужащие Регионального командования «Астана», Департамента по делам обороны Карагандинской области, ветераны ВС РК и боевых действий на территории других государств, представители Акимата Карагандинской области, а также учителя и родители юных патриотов. — Сегодня я дал клятву и получил удостоверение.
Arna Press,
16 ноября 2023
в 15:28
Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 02.10.20 жылы 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кезде тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды», — делінген хабарламада. Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қараша күні қызмет атқару барысында аудан кентінде 35 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы Audi 100 автокөлігін тоқтатқан.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Магнолия,
16 ноября 2023
в 14:18
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып, бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды.
Arna Press,
16 ноября 2023
в 12:18
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893 теңге, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді.«Оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды», делінген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан хабарында.
Arna Press,
16 ноября 2023
в 11:28
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың саны 20 миллионға жеткенін Х парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді».Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
16 ноября 2023
в 10:38
Елімізде соңғы жылдары оқушы қыздардың босануы жиілеген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ranking.kz-тің мәліметінше, пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсармаған.«Бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады.
Arna Press,
15 ноября 2023
в 15:48
«AMANAT» Фракциясының депутатары әйелдерге қарсы жасалған қылмыс үшін жазаны күшейтуді талап етті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Депутаттың сөзінше, «жемқорлықпен сотталып, рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді» деген жантүршіктірер ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті.
Arna Press,
15 ноября 2023
в 13:08
Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, бүгін, 15 қарашада эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асып, нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан дипломаттары отандастарымызға барлық қажет консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті.
Arna Press,
15 ноября 2023
в 11:18
Прокурорлармен кездесу барысында мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелеріне қолжетімділіктің жоқтығы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.ЕДБ мүгедектігі бар адамдар қаржылық қызмет алуға жиі келетін орындардың бірі болып табылатыны белгілі.Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ.Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығын қоса алғанда, барлық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына ие.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаментімен 13 ЕДБ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауаптылыққа тартылды», делінген хабарламада.Уәкілетті орган барлық банктерге бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау қажеттігі туралы ұйғарымдар берді.Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерді, қалғандары тиісті шаралар қабылдауда.Сурет: Tengrinews.kz
Tengrinews,
15 ноября 2023
в 10:23
Қайғыдан қан жұтқан әке ұлы мен қызының өліміне кінәлі көршінің бостандықта тайраңдап жүргеніне және тергеудің өте баяу жүріп жатқанына шағымданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. 4 баланың әкесі Жанболат Келмегенов қас қағым сәтте-ақ, 2 жарым жастағы қызы Мәриям мен 10 айлық ұлы Берекеттен айрылып қалды.
Arna Press,
15 ноября 2023
в 10:18
Бүгін, яғни 2023 жылғы 15 қараша күні Қазақстанның ұлттық валютасының айналымға енгеніне 30 жыл толды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ортағасырлық түркі күміс монеталардың «денге» немесе «танга» деген тарихи атауы болған. Атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Жүз есе бөлігін «тиын» деп атады.1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты.
Tengrinews,
15 ноября 2023
в 09:33
Прогерия ауруына шалдыққан Қазақстандағы жалғыз адам Нұржан Өркешбаев емделуге ниеті болса да, ешқандай жеңілдіктер жоқтығына налиды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз. «Жағдайымды кімге барып, айта берейін? Мейлі облыстың дәрігерлері болсын, шенділері болсын, ешқайсысы денсаулық жағдайымды сұрап жатқан жоқ.
Arna Press,
14 ноября 2023
в 14:38
Қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулаларына салынған балалар ойын алаңдарына көңідері толмайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңіріміз облыс мәртебесін алғаннан бері қалада көптеген оң өзгерістер орын алуда. Қала көркейіп, жаңа нысандар бөй көтеріп, қоғамдық орындар жөнделіп, ал кейбіреулері жаңадан салынып жатыр.
Arna Press,
14 ноября 2023
в 12:38
Полицияға облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі телефонның ұрланғаны туралы хабарлаған. Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші гаджеттің өзі тұратын пәтерден жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция кешенді іс-шаралар өткізіп, соның ішінде бір күн бұрын пәтерге барған азаматтарды анықтады. Ұрлық жасауға қатысы бар деген күдікпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жәбірленушінің 29 жастағы танысы ұсталды, ол өзінің кінәсін мойындады.
Arna Press,
14 ноября 2023
в 12:38
2024 жылы зейнетақының қандай түрлерін және қаншаға арттыру жоспарланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде көтерілетні айтылған.«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2024 жылға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізде көзделетінін ескере отырып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерінің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсуін ескере отырып көзделеді», — делінген министрлік хабарламасында.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға өседі.«Бұдан басқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 60 пайыздан 65 пайызға дейін, ал ең жоғары мөлшері – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан 105 пайызға дейін артады», — деп толықтырды Еңбек министрлігі.Сондай-ақ, министрліктен 2024 жылы Қазақстандағы зейнетақының ең жоғары және ең төменгі мөлшерін ақшалай түрде жариялау сұралды.Жауапта бюджет туралы заң жобасында 2024 жылы ең төменгі зейнетақы 57 853 теңге, ал базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңге болады деп көзделгені айтылған.2024 жылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 152 295 теңгеге жетеді.«Бұған қосымша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі ұсынылады, оның ең жоғарғы мөлшері 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызын, яғни 45 578 теңге болады.
Arna Press,
14 ноября 2023
в 10:58
Қазақстан 2024 жылы алдын ала болжам бойынша қанша кандас пен қоныс аударушыларды қабылдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатқа сәйкес 2024 жылға өңірлік қабылдау квотасы белгіленеді:Жоба 2023 жылғы 27 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Туризм және спорт министрлігі этникалық қазақтардың «қандас» мәртебесін алуға өтініш беру процесін жеңілдету үшін «eQonaq» ақпараттық жүйесі негізінде құрылған «Kutty meken» бірлескен жобасын іске қосты.Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Tengrinews,
14 ноября 2023
в 09:43
Алматы облысы Қоянқұс ауылындағы №47 мектеп 7 жылдан бері орталықтындырылған жылу жүйесіне қосыла алмай отыр. 2017-2018 оқу жылында пайдалануға берілген білім ошағы әлі күнге дейін дизельдік отынмен жылытылып келеді. Жылытылады деген аты ғана. Қыс бойы балалар көрпеше тасып, сабақта күрте киіп отыруға мәжбүр.
Arna Press,
13 ноября 2023
в 19:08
Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің ғимараты салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Автокөлік паркін жаңарту қосымша өрт сөндіру бекеттерін құру және шалғай елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Tengrinews,
13 ноября 2023
в 17:33
Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстыратын пошта қызметінің сапалы болуы аса маңызды. Бұл салада өз міндетін мінсіз атқарып жатқан қарапайым жандар аз емес. Соның бірі Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында тұратын Ольга Ділдебаева. Мамандығын жақсы көретін ол газет-журналдар мен сәлем-сауқаттарды электромопедпен тасиды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Магнолия,
13 ноября 2023
в 17:18
Азаматтық кодекске сәйкес шарт деп екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі танылады. Заң қызметтерін көрсетуге арналған шарт азаматтық — құқықтық жауапкершілік шарты болып табылады және тараптар — адвокат пен оған жүгінген тұлға (Клиент) арасында туындаған қатынастарды бекітеді. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес заң көмегін көрсетуге шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады(47-бап).
Arna Press,
13 ноября 2023
в 14:48
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 172,3 мың адам болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Бұл ретте биыл 166,3 мың азаматқа төлем тағайындалып, жалпы төлем сомасы 37,8 млрд теңге болды», — делінген хабарламада.Қолданыстағы заңнамаға сай, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер алады.
Arna Press,
13 ноября 2023
в 13:28
Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн.теңге айыппұл тағайындалды.Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізді.Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн.теңге төленді.Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасты.Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Arna Press,
13 ноября 2023
в 10:38
11 жасар қазақстандық әлемдегі ең үздік баяншы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Астаналық жас музыкант баянистердің халықаралық байқауына онлайн қатысты. Ол ата-анасымен бірге өзі ойнаған пьесалардың жазбасын Францияға жіберген. Ал қазылар алқасы басқа қатысушылардың арасынан 11 жасар Радмир Хайбуллинді таңдады.
Arna Press,
11 ноября 2023
в 18:38
Абай облысында ОЛХ.kz интернет-дүкенінде діни заттарды сатқан азаматтар жауапкершілікке тартылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Облыстық Қоғамдық даму басқармасы Дін істері бөлімі мамандарының айтуы бойынша «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы осы бағыттағы әдебиет пен атрибутиканы сатуға қатысты бірқатар нормаларды көздейді.
Arna Press,
10 ноября 2023
в 18:49
ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 10 қараша күні Астана полиция департаменті баспасөз қызметі былай деп хабарлады:«Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр».ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде «Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады» делінген.Сурет: ortcom.kz
Arna Press,
10 ноября 2023
в 16:48
Абай облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданының криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп, Жыланды кентінің 32 жастағы тұрғынын ұстады.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 16:19
Абай облысында мемлекеттік мекемеде «өлі жандар» жұмыс істеген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудан прокуратурасы жүргізген талдаумен 2015-2023 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі ретінде адамды жалған жұмысқа орналастыру фактісі анықталды.«15.08.2023 жылы аудан прокуратурасы бұл фактіні СДТТБТ-де тіркеп, қылмыстық істі тергеу бойынша Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырды», — делінген хабарламада.Тергеу аяқталғаннан кейін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша бухгалтерге қатысты қылмыстық іс (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау) сотқа жіберілді.«Істі қарау аудан орталығының мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлерін шақыра отырып, ашық көрсетілімдік сот отырысында өткізілді, онда сотталушы «К.Н.» өз кінәсін мойындап, мемлекетке 5 млн. теңге көлемінде залал тергеу сатысында өтелгенін түсіндірді.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 12:58
Полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан Семей қаласының 19 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпараттық кеңістіктің дамуымен бірге жыл сайын алаяқтар көбейіп келеді. Пайда табу үшін олар қарттар сияқты ең осал санаттағы адамдарды іздейді.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 12:08
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 10:28
Павлодар облысының даласынан жергілікті тұрғындар 50-ден астам жылқының өлексесін тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мамандар жылқы өліміне себеп болуы мүмкін бірқатар қауіпті ауруды бірден жоққа шығарды. Ветеринарлар жануарлар күздік қара бидайдан уланған болуы мүмкін деп болжап отыр.