Популярные темы

Абай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді

Дата: 30 мая 2024 в 20:08


Абай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау жағдайын тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі. 

Омбы-Майқапшағай тас жолында жедел ақпарат бойынша полицейлер «ВАЗ 21060» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшыларымен тінту барысында артқы орындықта ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар екі полимерлі пакет, сондай-ақ өсімдік тектес жасыл түсті ұнтақты заты бар полимерлі пакеті бар сөмке табылып, тәркіленді.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, көлік құралын тінту кезінде алынған есірткі құралдары — 2 кг.006 гр, ал «кептірілген марихуана» — 23 кг. 497 гр. 
«ВАЗ» жүргізушісі Абай облысының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Күдіктінің өзі айтқандай, ол тыйым салынған тауарды Шу қаласынан алып келген. 

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу«бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Қазіргі уақытта  есірткі заттарын жеткізу арналарын анықтаудамыз», — деп қорытындылады Абай облысы ПД бастығының орынбасары  Нариман Күлдіков.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями