Популярные темы

30 мамырдағы саудада доллар тағы қымбаттады

Дата: 30 мая 2024 в 19:18 Категория: Новости экономики


30 мамырдағы саудада доллар тағы қымбаттады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,83 теңгеге қымбаттап, 444,79 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп 61,19 теңгені (+0,30) құрады.

Ұлттық банк Еуро бағамын 480,32 теңге, рубль – 4,94 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444,7-446,3 теңгеге, еуро 480,5-484,5 теңгеге, ресей рублі 4,91-4,99 теңгеге сатылуда.

Сонымен қатар, 30 мамырдағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,25%-ға төмендеп, барреліне 83,2 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілде айындағы бағасы 0,2%-ға төмендеп, барреліне 79,06 долларды құрады.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также