Популярные темы

Қазақстанда утиль алым бойынша петицияны кім қарайды

Дата: 04 июня 2024 в 17:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда утиль алым бойынша петицияны кім қарайды
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР ӨҚМ утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті.

«Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар, топ құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.«ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Министрліктің баспасөз қызметі жұмыс тобының қызметі туралы ресми сайты мен t.me/minpromstroykz телеграм-каналында хабарлайды.

Еске салайық, Қазақстанда утиль алым төлемін алып тастау туралы петиция құрылып, оны қарау үшін қажетті қолдар жинаған болатын. 2024 жылғы 24 мамырда Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алым төлемін алып тастау туралы айтты.

Сурет: pexels

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями