Популярные темы

астанада: новости — страница 4

Алкогольсіз сусындар өндірісі 7% өсіп, 2,2 миллиард литрден асқан

Arna Press, 28 сентября 2023 в 12:28

Алкогольсіз сусындар өндірісі 7% өсіп, 2,2 миллиард литрден асқан
Елімізде алкогольсіз сусындар өндірісі былтырмен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мысалы, 2023 жылғы қаңтар-тамызда минералды және газдалған қантсыз және хош иістендірілмеген су өндірісі 493,4 млн литр болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,2% артық.

Қыркүйекте пәтер жалдау бағасы қалай өзгерді

Крыша, 27 сентября 2023 в 10:47

Қыркүйекте пәтер жалдау бағасы қалай өзгерді
Елімізде қыркүйек айында тамызбен салыстырғанда жалға беру құны орташа есеппен 2.7 % өсті. 1 кв. м 3 372 теңгеден келеді.Krisha.kz мәліметіне сүйенсек, қыркүйекте баға бірқалыпты көтерілді. Негізгі өсім шілде-тамыз айларына (4–7 %) тиесілі.Krisha.kz баға мөлшерлемесін жүргізетін 13 қаланың 9-ында өсім тіркеліпті.Жалға беру құны төмендегідей: — Өскеменде: +10 %; — Петропавл, Шымкентте: +8 %; — Ақтөбе, Қарағандыда: +4 %; — Қостанайда: +3 %. — Алматы, Ақтау, Павлодарда: +1 %.Оралда баға 3 %, ал Астанада 1 % кеміді.Атырау және Көкшетау қалаларында орташа көрсеткіш өзгеріссіз қалды.Қаңтармен салыстырсақ, жалға беру құны 12.8 % өсіп, барлық қалада мөлшерлеме сомасы артқан.Ең жоғары көрсеткіш — Павлодар қаласында тіркелді (+23 %), Ақтөбе (+22 %), Қостанай (+21 %).Астана, Алматы, Шымкент шаһарларында — сәйкесінше 6, 9, 11 %. ҚалаҚыркүйек, тг/кв. мТамызбен салыстырғанда, %Қаңтармен салыстырғанда, %Алматы6 2221.09.0Астана4 058–1.06.0Ақтау2 7781.011.0Ақтөбе2 9344.022.0Атырау3 07703.0Қарағанды3 4614.015.0Қостанай3 5003.021.0Павлодар3 1581.023.0Петропавл2 9418.018.0Орал2 800–3.010.0Өскемен3 01510.06.0Шымкент2 7088.011.0Көкшетау3 188013.026 қыркүйектегі көрсеткіштер мынадай: — бір бөлмелі пәтерлер— 144 мың тг; — екі бөлмелі пәтерлер— 194 мың тг; — үш бөлмелі пәтерлер — 232 мың тг. Қала1 бөлмелі2 бөлмелі3 бөлмеліАлматы250 000380 000500 000Астана175 000250 000350000Ақтау120 000150 000200 000Ақтөбе147 500250 000250 000Атырау150 000190 000200 000Қарағанды140 000250 000220 000Қостанай150 000180 000220 000Павлодар120 000170 000200 000Петропавл120 000130 000150 000Орал130 000130 000190 000Өскемен120 000150 000195 000Шымкент120 000150 000180 000Көкшетау140 000180 000215 000Қонаев130 000160 000170 000

Жаңа кешендегі пәтер бағасында қандай өзгеріс бар

Крыша, 26 сентября 2023 в 14:17

Жаңа кешендегі пәтер бағасында қандай өзгеріс бар
Жаңа құрылыстың құны бір деңгейде тұрғанына бірнеше ай болды.Бірінші нарықта баға бірқалыпты күйін сақтап тұр: көп аймақта өсім де, баға түскені де байқалмайды. Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша жаздың соңғы айында шілдемен салыстырғанда пәтер құнында мүлде өзгеріс болмаған.Бір айда бірінші нарықтағы жылжымайтын мүліктің орташа бағасы тек Алматы,.

Астанада «Міржақып, оян, қазақ!» фильмінің премьерасы болды

Arna Press, 21 сентября 2023 в 22:28

Астанада
Бүгін Қазмедиа орталығының кинозалында «Міржақып, оян, қазақ!» фильмінің премьерасы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz сайтының тілшісі.«Qazaqstan» Ұлттық арнасы туындысының тұсаукесері Astana Media Week форумының екінші күнінде кесілді.Ұлттық арна ұсынған ақпарат бойынша фильмде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады.

Алматыда заңсыз бой көтерген қанша ғимарат бар

Крыша, 18 сентября 2023 в 17:57

Алматыда заңсыз бой көтерген қанша ғимарат бар
Жыл басынан бері алып шаһардың барлық ауданындағы құрылыс алаңдарында 740 жоспарсыз тексеру жүрді. Мамандар оларды сүру туралы 53 талап жолдаған, сот 17-сін мақұлдады. Бұл жөнінде Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев брифингте айтты.Оның сөзінше былтыр сот шешімімен заңсыз салған 19 нысан сүрілді.Баум тоғайының маңында іргетасы қаланып жатқан аты шулы Family кешені де ескерусіз қалмайды.

Қазақстанда автокөлік саны бес миллионнан асты

Arna Press, 15 сентября 2023 в 17:38

Қазақстанда автокөлік саны бес миллионнан асты
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 миллионнан асты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 1,8 есе көп. 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 миллион 15 200 көлік тіркелген. Оның 87,9%-ы жеңіл, 10%-ы жүк көлігі, 2,1%-ы автобустар.Бір жылда республикадағы автомобильдердің жалпы саны 15% өсті. Қазақстанда ең көбі қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см³ (45,1%) жеңіл автомобильдер болса, ең азы қозғалтқыш көлемі 4000 см³ (1,9%) жоғары автомобильдер.«Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында: 223 мың бірлік.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі террористік актінің алдын алды

Arna Press, 08 сентября 2023 в 17:58

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі террористік актінің алдын алды
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі шабуылдың алдын алды. Олар Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі шабуылдың алдын алынатынын айтты.«Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жасалатын жарылыстың, сондай-ақ, Астанадағы жұрт жиналатын орындарындағы қарулы шабуыл тоқтатылды», — деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында.Сурет: Tengrinews.kz

Астанада ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітапты тәркіледі

Arna Press, 28 августа 2023 в 17:18

Астанада ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітапты тәркіледі
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында араздық тудырды деген күдікпен пансионат қызметкерін әшкереледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Аталған пансионатпен тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде 31 жастағы азаматтан 400-ден астам діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Показано 8 новостей из 98