Akorda.kz (KZ),
10 июня 2026
в 13:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
06 июня 2026
в 15:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
04 июня 2026
в 14:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
02 июня 2026
в 19:48
Семей қаласындағы көмір кенішінің аумағында салынып жатқан жерүсті көпірінің құрылысы заң талаптарын бұза отырып жүргізілгені анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай соттарына сілтеме жасап. Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген тексеру барысында жобалық-сметалық құжаттаманың міндетті сараптамадан өтпегені, авторлық және техникалық қадағалаудың болмағаны және құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы тиісті органдарға хабар берілмегені белгілі болды.Осыған байланысты сот акционерлік қоғамды уәкілетті органның нұсқамасын орындауға міндеттеді.
Arna Press,
29 мая 2026
в 13:28
Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді заңсыз рәсімдеу фактілері анықталуда, деп хабарлайды Arnapress.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘАСҚ) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қаражаттың заңды әрі мақсатты жұмсалуын бақылау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Arna Press,
29 мая 2026
в 12:28
Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. .Жоспардың негізгі мақсаты — мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасап, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту. Сонымен қатар халықты жануарлардан жұғатын қауіпті аурулардан қорғау көзделген.Алдағы жылдары: ▫️ ветеринар мамандардың жалақысы өседі; ▫️ зертханалар мен ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады; ▫️ аса қауіпті ауруларға қарсы бақылау күшейтіледі; ▫️ ветеринария саласы толық цифрландырылады; ▫️ экспорттық әлеует артады.Қазір елімізде ветеринариялық препарат шығаратын 21 зауыт жұмыс істейді.
Arna Press,
28 мая 2026
в 18:48
Мәжіліс жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы салаларын реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар ілеспе түзетулер енгізілді. Жаңа заң жобасы жануарлар дүниесін қорғау, оны көбейту және тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейді.
Arna Press,
28 мая 2026
в 13:48
Абай облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде күтпеген жағдайға тап болған. Ол мемлекеттік қызметтер порталы арқылы құжат рәсімдеуге өтініш берген сәтте психиатриялық есепте тұрғаны туралы мәлімет шыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыдан кейін азамат аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа беріп, өзін психиатриялық есепке қоюды заңсыз деп тануды және психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен мәліметтерін алып тастауды талап еткен.Іс барысында медициналық мекеме комиссиясы талап қоюшыны есепке қою туралы ақпараттың қате енгізілгенін анықтаған. Қорытындыға сәйкес, азамат тиісті медициналық куәландырусыз және диспансерлік бақылау тәртібін бұза отырып есепке алынған.Алайда уәкілетті орган аурухананың бұл мәліметтерді ақпараттық жүйеден жою туралы өтінішін қараусыз қалдырған.Медициналық мекеме өкілдері талап қоюшының амбулаториялық картасы сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты жойылғанын айтқанымен, оны растайтын құжат ұсынылмаған.Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәліметтерді тізілімнен алып тастау үшін азамат дәрігерлік-консультациялық комиссияның тексеруінен өтуі қажет екенін мәлімдеген.Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты іс материалдарын қарап, талап қоюшыны психиатриялық есепке қою заңсыз болған деген қорытындыға келген.Сот барысында жауапкерлер азаматтың психиатриялық көмекке жүгінгенін, медициналық куәландырудан өткенін, клиникалық бақылауда болғанын немесе медициналық көмек көрсетуге келісім бергенін дәлелдей алмаған.Нәтижесінде сот талап қоюды қанағаттандырып, аурухана мен денсаулық сақтау басқармасына азамат туралы мәліметтерді психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен алып тастауды міндеттеді.Фото: ЖИ
Akorda.kz (KZ),
27 мая 2026
в 22:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
26 мая 2026
в 19:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
26 мая 2026
в 17:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
25 мая 2026
в 13:18
Бүгін Абай облысындағы мыңдаған оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы өз мәресіне жетіп отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz білім басқармасына сілтеме жасап. Биыл өңірдегі 314 мектепте 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 15 мыңнан аса түлек үлкен өмірге қадам басқалы тұр.
Arna Press,
22 мая 2026
в 16:18
Абай облысының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет деңгейінде қолдау тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңа жобаларды іске асыру және инвестициялық әлеуетті кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі таныстырылды.2025 жылдың басынан бері облыста инвестициялық пулға енгізілген жобалар саны 29-дан 112-ге дейін өсіп, тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 4,3 трлн теңгеге жеткен.Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, 2026 жылы жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Arna Press,
22 мая 2026
в 14:58
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде құрылыс саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарау және негізгі нормаларды елемеу мемлекеттік саясат қағидаттарына қайшы екенін атап өтті.Оның айтуынша, қазіргі таңда құрылыс қарқыны күшейіп, маусым қызған кезеңге жеткендіктен, әрбір нысанда қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатаң бақылау қажет.Бұған дейін Мемлекет басшысы елордадағы құрылыс саласында өндірістік жарақаттану деңгейінің өсуіне назар аударып, жұмысшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын.Осыған байланысты еңбек қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі ретінде 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа конституциялық қағидаттар көрсетілді.
Arna Press,
22 мая 2026
в 12:48
19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық өзгерістерді қамтитын заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Осыған байланысты «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға толықтырулар әзірленді.
Arna Press,
22 мая 2026
в 11:28
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылындағы мектеп бітірушілерге арналған қорытынды аттестацияның мерзімдері анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
Akorda.kz (KZ),
21 мая 2026
в 20:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
21 мая 2026
в 16:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
21 мая 2026
в 15:48
21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Абай облысының әкімі Берік Уәли сала мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, жоғары кәсіби шеберлігімен көзге түскен бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар мен марапаттар табысталды.
Arna Press,
21 мая 2026
в 13:38
Абай облысында ауылдық ҮЕҰ-дарға арналған шағын гранттар байқауы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Енді ауылдағы бастамашыл ұйымдар өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік ала алады. Байқау ауылдық аумақтарды дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуге және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.Әр жобаға 500 мың теңгеге дейін грант қарастырылған.
Arna Press,
21 мая 2026
в 13:38
Қазақстанда балалар лагерьлеріне қойылатын талап күшейтілді. Енді еліміздегі балалар сауықтыру орталықтары бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап алғаш рет балалар лагерьлерін лицензиялау жүйесін енгізді.
Akorda.kz (KZ),
19 мая 2026
в 20:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
19 мая 2026
в 18:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
19 мая 2026
в 18:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
19 мая 2026
в 18:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
18 мая 2026
в 16:28
2026 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейін, яғни 1 730 000 теңге көлемінде 9 мың мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, бұл қолдау шарасы халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.
Arna Press,
18 мая 2026
в 15:08
18 мая по всему Казахстану проходит традиционная акция «Ночь в музее». В Семее в этом году свои двери для горожан и гостей города на этот праздник раскрывают три музея, передает Arnapress.kz.Среди участников – музей Достоевского, музей Абая и Краеведческий музей. А вот музей имени семьи Невзоровых в этом году не участвует в акции в связи с ремонтными работами.Представляем вашему вниманию программу проведения акции.
Arna Press,
13 мая 2026
в 16:58
Мәжіліс педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құжат Мемлекет басшысының педагогтердің құқықтарын заң жүзінде күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленген.Жаңа заңға сәйкес, педагогтердің оқушылар үшін жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана қарастырылады.
Arna Press,
06 мая 2026
в 14:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушыларға қатысты хабарлама беру ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnpress.kz министрлікке сілтеме жасап. Енді такси қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жұмысты бастамас бұрын міндетті түрде жергілікті атқарушы органға хабарлама жолдауы тиіс.Жаңартылған талаптарға сәйкес, тасымалдаушылар көлік құралдарына қатысты мәліметтерді нақты көрсетуге міндеттеледі.
Arna Press,
04 мая 2026
в 12:18
Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонның жасырын арнасын анықтап, оның жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Арнайы операция барысында мемлекеттік шекара арқылы адамдарды заңсыз транзитпен өткізу әрекеті тоқтатылды.Жедел іс-шаралар нәтижесінде көрші мемлекеттің азаматы ұсталды.