Популярные темы

Үкімет ветеринарияны дамытудың жоспарын бекітті

Дата: вчера в 12:28


Үкімет ветеринарияны дамытудың жоспарын бекітті

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. .

Жоспардың негізгі мақсаты — мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасап, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту. Сонымен қатар халықты жануарлардан жұғатын қауіпті аурулардан қорғау көзделген.

Алдағы жылдары:
▫️ ветеринар мамандардың жалақысы өседі;
▫️ зертханалар мен ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады;
▫️ аса қауіпті ауруларға қарсы бақылау күшейтіледі;
▫️ ветеринария саласы толық цифрландырылады;
▫️ экспорттық әлеует артады.

Қазір елімізде ветеринариялық препарат шығаратын 21 зауыт жұмыс істейді. Сондай-ақ шекара маңында 67 ветеринариялық бақылау бекеті бар.

2025 жылы мемлекеттік инспекторлар 700 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімін тасымалдаған 60 мыңға жуық көлікті тексерген. Сонымен бірге «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша өнімді бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйелер енгізіліп жатыр.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями