Популярные темы

мемлекеттік: новости

«Қазақстан темір жолы» пойыздарында спутниктік интернет енгізілуде

Arna Press, 08 сентября 2026 в 17:48

«Қазақстан темір жолы» жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен жабдықтау жұмыстарын кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөзіне сілтеме жасап.8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Starlink интернеті 31 бағыттағы 59 пойыз құрамында, яғни 770-тен астам вагонда қолжетімді. Қыркүйек соңына дейін 50 бағыттағы 124 пойыз құрамын, немесе 1 235 вагонды интернетпен қамту жоспарланған.Спутниктік интернеттің жылдамдығы секундына 100 мегабитке дейін жетеді.

Астанада жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткен алаяқ сотталды

Arna Press, 08 сентября 2026 в 15:48

Астанада жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткен алаяқ сотталды
Астанада жүргізуші куәлігін таныстары арқылы жасап беруге уәде етіп, алты азаматты алдаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Баспрокуратураға сілтеме жасап. Ол азаматтардан жалпы сомасы 2,3 млн теңге алған. Алаяқ жүргізуші куәліктерін рәсімдеп беруге уәде еткенімен, өз міндеттемелерін орындамаған.

Абай облысында 74 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 16:18

Абай облысында 74 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды
4–6 қыркүйек аралығында Абай облысының аумағында мотоцикл, мопед және өзге де мотокөлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Іс-шараның негізгі мақсаты — екі дөңгелекті көлік құралдарын басқаратын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру.Полиция қызметкерлері мотокөлік құралдарының: тіркелуін және мемлекеттік нөмірінің болуын; қажетті құжаттарының болуын; жүргізушінің көлік басқару құқығын; техникалық жағдайын; мотошлем мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.Іс-шара қорытындысы бойынша 288 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Нөмірсіз әрі мас күйде: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 14:28

Нөмірсіз әрі мас күйде: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Абай облысының полицейлері жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушінің жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалып келе жатқан RECER маркалы мотоциклді тоқтатқан.Тексеру барысында 40 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.Осылайша, азамат бірден бірнеше талапты бұзған.

Павлодарда жалған анықтама үшін 6,6 млн теңге айыппұл салынды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 14:28

Павлодарда жалған анықтама үшін 6,6 млн теңге айыппұл салынды
Павлодар облысында жүктілік туралы жалған медициналық анықтаманы пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасап. Аталған құжат мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған әйелге әкімшілік қамақтан жалтаруға мүмкіндік берген.Прокуратура жүргізген тексеру барысында анықтаманың жалған екені анықталып, нәтижесінде сот әйелді 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.Жалған медициналық құжатты рәсімдеуге байланысты пара алу және дәлелдемелерді бұрмалау фактілері бойынша кінәлі тұлға сотталды.

Семейде «38. Соңғы нүкте» фильмінің премьерасы өтті

Arna Press, 04 сентября 2026 в 11:18

Семейде “38. Соңғы нүкте” фильмінің премьерасы өтті
Семейде «38. Соңғы нүкте» толықметражды отандық драма-катастрофасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Туындыға 2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған ауқымды өрт оқиғасы арқау болған.«38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кинематографияда драма мен апат жанрын ұштастырған туынды.

Абай облысында құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар: 93,7 млн теңге айыппұл өндірілді

Arna Press, 04 сентября 2026 в 11:18

Абай облысында құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар: 93,7 млн теңге айыппұл өндірілді
Абай облысында құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында өңірдегі құрылыс нысандарының қазіргі жай-күйі қаралып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының атқарған жұмысы сараланды.мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаровтың мәліметінше, 2025-2026 жылдары облыста 276 жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды

Arna Press, 03 сентября 2026 в 17:28

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды
Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясы мен «Росатомның» еншілес кәсіпорны — «Атомстройэкспорт» АҚ қол қойды.Келісімшарт АЭС құрылысы жобасының практикалық кезеңге өткенін білдіреді.

Алматыдағы «Абай ұлттық мектебінде» 10,8 млрд теңгеден астам бұзушылық анықталды

Arna Press, 02 сентября 2026 в 18:18

Алматыдағы “Абай ұлттық мектебінде” 10,8 млрд теңгеден астам бұзушылық анықталды
«Абай ұлттық мектебіне» қатысты жағдай Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің бақылауында, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.Министрлік мәліметінше, мектеп директорсыз қалған жоқ. Қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы тағайындалып, оқу процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етілген.2026 жылғы мамыр-маусым айларында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.

Тамыз айында шекарада 159 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз өткізілмек болған

Arna Press, 02 сентября 2026 в 16:38

Тамыз айында шекарада 159 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз өткізілмек болған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2026 жылғы тамыздағы қызметінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау барысында шекарашылар құзырлы органдармен бірлесіп, шекара кеңістігінде 5 588 заң бұзушыны ұстады.

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Arna Press, 02 сентября 2026 в 12:38

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Оның аясында қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, желтоқсанның соңына дейін шамамен 23 мың ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Семейліктерге сауда үйінде тегін құқықтық көмек көрсетіледі

Arna Press, 01 сентября 2026 в 14:58

Семейліктерге сауда үйінде тегін құқықтық көмек көрсетіледі
2026 жылғы 1 қыркүйекте Семей қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге бағытталған «Қолжетімді құқық аумағы» көшпелі консультациялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz «Соц.kz» қоғамдық қорына сілтеме жасап.Іс-шара сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін «Avenue» СО-да (Семей қ., М. Әуезов даңғылы, 5) ұйымдастырылады.Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Акцияға қатысатын серіктестер:* Абай облысының прокуратурасы; * ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті; * Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті; * Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті; * Абай облысының Полиция департаменті; * Абай облысының Әділет департаменті; * Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы; * Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы; * Абай облысының Білім басқармасы; * Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі; * Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі; * Семей қаласының Құрылыс бөлімі; * Семей қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі; * Семей қаласының Жер қатынастары бөлімі; * Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; * Семей қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.Фото: ЖИ

Семей көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Arna Press, 27 августа 2026 в 13:38

Семей көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Оқу-жаттығу өтетін нысандардың бірі – «Дана» сауда үйі (ЦУМ). Осыған байланысты қаланың жекелеген көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.Атап айтқанда, Найманбаев – Мұхамедханов, Қабанбай батыр – Мұхамедханов және Уәлиханов – Мұхамедханов көшелерінің қиылыстары аумағында қозғалыс уақытша шектелген.Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, оқу-жаттығу барысына түсіністікпен қарауды, расталмаған ақпаратты таратпауды және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұралады.

Семейде жүк көлігінен жалған мемлекеттік нөмір анықталды

Arna Press, 27 августа 2026 в 11:28

Семейде жүк көлігінен жалған мемлекеттік нөмір анықталды
Семей қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд кезінде полиция қызметкерлері жүк көлігін басқарған 61 жастағы жүргізушінің құжаттары мен көлік құралы тексерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру барысында жүк көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тағылғаны анықталды.Көлік арнайы тұраққа қойылдыҚұқық бұзушылықтың жолы кесіліп, көлік құралын әрі қарай пайдалануға тыйым салынды.

Қазақстанға 20 тонна тауық жұмыртқасын заңсыз кіргізу әрекетінің жолы кесілді

Arna Press, 25 августа 2026 в 13:58

Қазақстанға 20 тонна тауық жұмыртқасын заңсыз кіргізу әрекетінің жолы кесілді
Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінzде Қазақстан аумағына 20 тонна тағамдық тауық жұмыртқасын заңсыз кіргізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. Самара — Астана бағыты бойынша келе жатқан жүк көлігін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп тексерген.Тексеру барысында жүктің ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз тасымалданғаны анықталды.

1 қыркүйектен бастап шетелдегі қазақстандықтарға жаңа ереже қолданылады

Arna Press, 25 августа 2026 в 12:48

1 қыркүйектен бастап шетелдегі қазақстандықтарға жаңа ереже қолданылады
1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына төлқұжат рәсімдеудің жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Сыртқы істер министрлігі әзірлеген Эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.Жаңа талаптарға сәйкес, шетелде тұратын азаматтар, студенттер, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер, Қазақстаннан тыс жерде туған кәмелетке толмағандар және олардың отбасы мүшелері төлқұжатты шетелдегі Қазақстанның консулдық мекемелері арқылы рәсімдей алады.Сонымен қатар жаңа тәртіп егде жастағы азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақындарына күтім жасайтын тұлғаларға, сондай-ақ шетелде ұсталған, қамауда отырған немесе жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарына қатысты болады.Төлқұжат қанша уақытта дайындалады?Консулдықтың арнайы цифрлық жүйеге қолжетімділігі болған жағдайда, төлқұжат мемлекеттік қызмет аясында 40 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.Ал жүйеге қолжетімділік болмаған жағдайда құжатты дайындау мерзімі 90 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.Құжаттардың толық пакеті тапсырылғаннан кейін консулдық азаматтың мәліметтерін тексеріп, электрондық өтінім қалыптастырады.

Қазақстандықтар Кореяға қалай жұмысқа орналаса алады?

Arna Press, 21 августа 2026 в 14:28

Қазақстандықтар Кореяға қалай жұмысқа орналаса алады?
Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.

Мақаншы ауданында құрғақ шөптің жануы орын алды

Arna Press, 17 августа 2026 в 13:38

Мақаншы ауданында құрғақ шөптің жануы орын алды
16 тамыз күні Мақаншы ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округінің ашық аумағында құрғақ шөптің жануы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz ТЖД сілтеме жасап.Өртті жоюға ТЖД, Шекара қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және «Ауыл құтқарушылары» тартылды.Барлығы 77 адам және 10 техника жұмылдырылды.Жағдай бақылауда. Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Өрттің ҚР мемлекеттік шекарасына өту қаупі жоқ.Фото: ТЖД видеосынан скрин

Абай облысында түнгі рейд: бір түнде 233 жол ережесі бұзылды

Arna Press, 17 августа 2026 в 11:38

Абай облысында түнгі рейд: бір түнде 233 жол ережесі бұзылды
Демалыс күндері Абай облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Бір түннің ішінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 233 дерегін анықтап, жолын кесті. Олардың қатарында қауіпсіздік белдігін және мотошлемді пайдаланбау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану, қауіпті маневр жасау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу фактілері бар.Сонымен қатар көлік құралын жүргізу құқығынсыз, міндетті сақтандырусыз және техникалық байқаудан өткізбей басқарған жүргізушілер анықталды.Рейд барысында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

«Қасіретті оқиға бүкіл елдің жүрегіне ауыр тиді»: «38. Соңғы нүкте» фильмі қалай дүниеге келді?

Arna Press, 17 августа 2026 в 11:38

2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған алапат өрт ел жадында ауыр із қалдырғаны белгілі. Қызметтік міндетін атқару барысында 15 орман қызметкері қаза тапқан қайғылы оқиға табиғи апаттың ауқымын ғана емес, адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін де көрсетті. Осы қасіретті оқиға «38.

Абай облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

Arna Press, 13 августа 2026 в 11:08

Абай облысында “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантының жеңімпаздары марапатталды
Халықаралық жастар күніне орай Абай облысында талантты, бастамашыл және шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары»грантының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, грант иегерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар қатысты.Биыл байқау 7 бағыт бойынша өткізіліп, 74 өтінім қабылданды.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

Arna Press, 12 августа 2026 в 11:28

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады
ЬҚазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда. 2026–2027 оқу жылында 380 мыңнан астам баланың мектеп табалдырығын аттауы күтілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.Қазіргі таңда олардың 320 мыңға жуығы, яғни 84%-ы мектепке қабылданды.Қабылданғандардың: • 296 мыңға жуығы – мемлекеттік мектептерге • 23 мыңға жуығы – жекеменшік мектептерге • 191 мыңға жуығы – қалалық мектептерге • 128 мыңға жуығы – ауылдық мектептерге қабылданды.Оқушылардың 71%-дан астамы қазақ тілінде білім беретін сыныптарды таңдаған.

Семейдегі Восточный тұрғындарының жанайқайы: «Жөнделген жолымызды қайтадан қазбақшы»

Arna Press, 07 августа 2026 в 13:58

Семейдегі Восточный тұрғындарының жанайқайы: “Жөнделген жолымызды қайтадан қазбақшы”
Семей қаласындағы Восточный кентінің 2-саяжай тұрғындары жаңадан жөнделген жолдың қайта қазылуына қарсы екеніндерін айтуда, деп хабарлайды Arnapress.kzӨткен жылы Семей қаласындағы Восточный кентінің 2-саяжай аумағындағы бірқатар көшеге инертті материал төселіп, грейдерлеу жұмыстары жүргізілген болатын.

«Семей орманы» резерватына 3,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Arna Press, 07 августа 2026 в 13:58

“Семей орманы” резерватына 3,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар енді мүгедектік мәртебесінсіз-ақ есту аппараттарын ала алады

Arna Press, 07 августа 2026 в 13:58

Қазақстандықтар енді мүгедектік мәртебесінсіз-ақ есту аппараттарын ала алады
Қазақстанда есту қабілеті бұзылған азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігі кеңейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Енді медициналық көрсетілімдер болған жағдайда пациенттер мүгедектік мәртебесіне қарамастан есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

Ресейден Семейге әкелінген қарағайдан аса қауіпті зиянкес табылды

Arna Press, 07 августа 2026 в 11:48

Ресейден Семейге әкелінген қарағайдан аса қауіпті зиянкес табылды
Абай облысында Ресей Федерациясынан әкелінген карантиндік ағаш материалының еліміз аумағына өткізілуіне жол берілмеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ауыл шаруашылығы минстрлігіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы инспекторлары жүргізген карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында қауіпті карантиндік зиянкес анықталды.Қайталама тексеру кезінде Ресей Федерациясынан Семей қаласына жеткізілген көлемі 58,2 текше метр қылқан жапырақты дөңгелек ағаш материалынан (қарағай) қарағайдың қара мұртты қоңызының (Monochamus galloprovincialis) дернәсілдері табылды.
Показано 30 новостей из 625