Популярные темы

Семей қаласы: новости — страница 3

Семейде «Баршаға арналған спорт» акциясы өтуде

Arna Press, 25 июля 2023 в 15:38

Семейде
Маусым айының соңынан бері Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Баршаға арналған спорт» акциясы өтуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы аптада өткен акцияға скандинавиялық серуендеу клубының ұжымдары, ұзақ өмір сүру орталығының және Семей қаласының бірқатар этно – мәдени орталықтарының және ардагерлер ұйымдарының, жекелеген қала тұрғындарының өкілдері қатысты.Скандинавиялық серуендеуге жалпы саны 50-ден астам адамды қатысты.

Абай облысында есірткі қойып кетуші топ құрықталды

Arna Press, 24 июля 2023 в 17:18

Абай облысында  есірткі қойып кетуші топ құрықталды
Семейде ұзақ мерзімді жедел әзірлеуді жүргізу нәтижесінде, Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Семей қаласы ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу барысында синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері интернет-дүкеннің қатысушыларын анықтады.

Абай облысының полицейлеріне екі күннің ішінде 300-ден астам сұрақ түсті

Arna Press, 17 июля 2023 в 15:38

Абай облысының полицейлеріне екі күннің ішінде 300-ден астам сұрақ түсті
Абай облысында 14 және 15 шілдеде Абай облысының аумағында кең ауқымды республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сітеме жасап.«Акцияның мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру», — делінген хабарламада.Әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері азаматтардың көлік құралдарын тіркеу мен қайта жабдықтауға, жүргізуші куәліктерін беруге, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларға ақы төлеу тәсілдеріне, әкімшілік учаскелердегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты сұрақтары мен өтініштеріне жауап берді, жол қозғалысы ережелеріне, көші-қон заңнамасына түсініктемелер берілді.Сонымен қатар, облыстың полиция басқармалары мен бөлімдерінің бірінші басшыларының қатысуымен әлеуметтік желілерде «тікелей эфирлер» өткізілді, ең көп сұрақтар Семей қаласы мен облыстың қала маңындағы трассаларында жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болды.Акцияның екі күнінде азаматтардан 300-ден астам сұрақ түсті.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Показано 3 новости из 63