Популярные темы

Жарқын ауылы Жаңасемей ауданының құрамына енгізіледі

Дата: сегодня в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жарқын ауылы Жаңасемей ауданының құрамына енгізіледі

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімовпен бірге Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді деп хабарлайды Аrnapress.kz Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуде негізгі назар ауылдың аумақтық шекарасына аударылды. Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, Жарқын ауылын Жаңасемей ауданының құрамына қосу бойынша жұмыстар жүргізілетін болды. Бұл процесс қолданыстағы заңнама талаптарына сай жүзеге асырылады.

Сонымен қатар кездесуде бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, көлік қолжетімділігі, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымды дамыту бағыттары сөз болды.

«Ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдай келе, облыс әкімінің тапсырмасымен Жарқын ауылы Жаңасемей ауданының құрамына енетін болады. Бүгінде заңнама аясында жұмыстар басталып кетті. Сонымен қатар тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету тоқтамайды. Қазіргі уақытта тәулігіне 5 рейске дейін қоғамдық көлік қатынасын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда», — деді Әділет Нұрсағатұлы. 

Қала әкімі тұрғындардың барлық өтініштері мен ұсыныстары мұқият қаралатынын және оларды шешу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті.

Жалпы, Жарқын ауылын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады.

Фото: Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями