Популярные темы

Семейде 100-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады

Дата: 26 мая 2025 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде 100-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласындағы Жеңіс саябағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметін бастаған 139 жас сарбаздың әскери ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға сарбаздардың ата-аналары мен жақындары, достары және әскери бөлім командирлері қатысты. Әскери тәртіпке сай сарбаздар Мемлекеттік Тудың алдында сап түзеп, Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

Бұл – әрбір жауынгердің жүрегінде мәңгі сақталатын тарихи сәт. Шара барысында Семей қаласы әкімінің орынбасары Азамат Сәлімбаев жас сарбаздарды құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді. Өз сөзінде ол бұл күннің маңызы мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.

«Құрметті жас сарбаздар! Сіздер бүгін қасиетті әскери ант қабылдап, Отан алдында адал қызмет етуге серт бердіңіздер. Бұл – үлкен жауапкершілік пен ел алдындағы парыз. Біз сіздерге сенеміз. Сіздер еліміздің тәуелсіздігін, халқымыздың бейбіт өмірін қорғау жолында аянбай еңбек етесіздер деп сенеміз. Қызметтеріңіз жемісті, әскери борыштарыңыз абыройлы болсын!» – деді қала әкімінің орынбасары.

Сарбаздар Қазақстанның әр өңірінен – Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарынан, сондай-ақ Абай облысының өзінен шақырылған.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями