Популярные темы

Семейде заңсыз балық тасымалдау фактісі анықталды

Дата: сегодня в 17:58


Семейде заңсыз балық тасымалдау фактісі анықталды

Семей қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 сәуір күні сағат 21:30 шамасында қала орталығында қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. 

Тексеру барысында ВАЗ-21099 маркалы автокөлік тоқтатылып, көлікте заңсыз ауланған 18 келі балық тасымалданғаны анықталды.

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға, ау құралдарын қолдануға және өзге де заңсыз әрекеттерге қатаң тыйым салынады. Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды қорғауды басты міндет ретінде айқындап, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарға табиғатқа ұқыпты қарау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ескертеді. Заңсыз балық аулау деректері анықталған жағдайда, дереу полицияға хабарлау арқылы экологиялық құқық бұзушылықтың алдын алуға болады.

Фото: Абай облысы полиция департаменті баспасөзі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями