Семей тұрғындары жазда қай жерге шомылуға, суға түсуге болады, қай жер қауіпсіз? Немесе қай аймаққа шомылуға болмайды? Осы сұрақтарға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Қасенов Ернар және Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бураханова Ақтоты жауап берді деп Arnapress.kz хабарлайды
«Семей қаласында шомылу маусымы 1 мамырдан басталып, 31 тамызда аяқталады. Қала аумағында су айдындарында жаппай демалуға арналған 3 орын белгіленген.
Олар: «Заря» коммуналдық жағажайы, «Пристань» коммуналдық жағажайы және Затон аумағы»
«Қала аумағында суға түсуге қауіпті әрі жаппай демалуға жабдықталмаған келесі орындар анықталған:
* Мұрат кенті маңындағы қазаншұңқырлар;
* Нахаловка кенті аумағы;
* Өзен вокзалы маңы («Чайка»);
* Понтон көпірі аумағы (сол жағалау);
* Педагогикалық институт маңы;
* «Парус» ауданы;
* Мирный кенті аумағы;
* Восход кентіндегі қазаншұңқырлар;
* Бейбітшілік аралы
* Бейбітшілік аралы (Ертіс өзені жағалауы);
* «Восточный» саяжайлары маңындағы Ертіс өзені;
* Жоламан кенті маңындағы Ертіс өзені;
* Бобровка кенті аумағы;
* Мелькомбинат маңындағы Ертіс өзені.
Егер осы жерлерге суға түсетін болса адамдар онда айыппұл төленеді»
«Ертіс өзенінде 68303 әскери бөлімі, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы және департаменттің жеке құрамы күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Құтқарушылар таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін кезекшілік атқарады.
Ал тұрғындарға жағажай аумағында таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін суға түсуге рұқсат етілген. Кешкі сағат 18:00-ден кейін жағажайға кіруге тыйым салынады»
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press