Arna Press,
05 июня 2024
в 13:08
Абай облысының Бизнес және сервис колледжінде «Profi Camp» жазғы демалыс лагерінің бірінші маусымы басталды. Ашылу салтанатында балаларды ертегі кейіпкері қарсы алды, көңіл-күйлерін көтеріп, билеп, ойын ойнатты. Лагерьдің бірінші күні бағдарламасы бойынша балалар үстелде кәсіби қызмет көрсетумен танысты, өздері үшін спирограф құрастырды, биологиялық орталыққа барды, ойын-сауық тренингтеріне қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Profi Camp» бейінді белсенді демалыс лагерінің екінші күні — Мемлекеттік рәміздер күні балалар ҚР Әнұранын орындап, «Мен-патриотпын» квестіне қатысты.Кәсіби шебер-сыныптарда оқушылар этикет пен қонақтарды қабылдау негіздерін үйренді, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық, тамақ қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелерінің негіздерімен ойын түрінде танысты.Колледж 8-14 жастағы балаларды кәсіби демалыс лагеріне қабылдайды.
Arna Press,
05 июня 2024
в 12:28
15 маусым күні Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында снаряд лақтырудан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Аталған сын Олимпиадаға іріктеу болғандықтан, рейтингілік ұпайлар беріледі. Спортшылар ядро лақтыру, диск, балға және найза лақтырудан бақ сынайды. Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды.
Arna Press,
05 июня 2024
в 10:58
Ұлттық банк «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректермен алмасу орталығының қызметін және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚҰБ басқарма қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жоба Антифрод-орталық қызметін жүзеге асыру және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асырудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.Антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болып табылады.
Arna Press,
04 июня 2024
в 18:18
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық.
Arna Press,
04 июня 2024
в 18:18
ҚР Ұлттық Банкінің статистикасына сәйкес, 2024 жылдың сәуір айында халықаралық ақша аударымдары жүйесі ХААЖ) арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 67,8 млрд теңге сомасына 209,4 мың транзакцияны құрады, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте транзакциялардың жиынтық көлемі 2024 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 759,4 мың, ал транзакциялар сомасы – 243,9 млрд теңгені құрады.
Arna Press,
04 июня 2024
в 17:08
ҚР ӨҚМ утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті.«Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Arna Press,
04 июня 2024
в 16:08
Елімізде жергілікті өнімнің көлемі 15 пайызға да жетпейді. Ал өңірлер бойынша өндіріс орындарын көбейту керек. Жамбыл облысына барған Сенат депутаттары өңірдің өндіріс нысандарымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Халық қалаулылары жергілікті өнімді сыртқа шикізат қып шығаруды азайту керектігін айтты.Дегенмен депуттаттарды өнеркәсіптің дамуы бойынша облыста оң динамика қалып тастып отырғаны қуантты, деп жазады qazaqstan.tv.Бүгінде Жамбылда жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 259 млрд. теңгені құраған.Ал өңдеу өнеркәсібі саласында 588 кәсіпорын жұмыс істейді.
Arna Press,
04 июня 2024
в 14:58
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Шарада тарихқа үңіле отырып, қазақ сарбаздарына үндеу жасады. Сондай-ақ, жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жас сарбаздар Отан қорғау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап алғанын айтты.«Ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет. Әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы «Ердің туы – намыс» деген. Өздеріңіз сияқты отаншыл әрі намысты ұландары бар Қазақстанның келешегі жарқын екені анық.
Arna Press,
04 июня 2024
в 14:58
Тоқаев еліміздің Беларусь Республикасындағы елшісін ауыстырды. Жаңа қызметке Тимур Жақсылықов отырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 4 маусымда Ақорда мәлімдеді.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.Сурет: akorda.kz
Arna Press,
04 июня 2024
в 13:58
Семей қаласының орталық алаңында өткен ауқымды патриоттық флешмобты ерекше атап өтуімізге болады. Алаңда бір мезетте мыңнан астам семейліктер мемлекеттік Әнұранды шырқады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарбаздар, тәртіп сақшылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Arna Press,
03 июня 2024
в 19:28
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан нарығында бір жыл ішінде ненің қымбаттағанын және ненің арзандағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылғы мамырда айлық инфляция деңгейі баяулап, 0,4% құрады (ағымдағы жылғы сәуірде – 0,6%).
Arna Press,
03 июня 2024
в 16:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты.
Arna Press,
03 июня 2024
в 11:48
Түркістан облысында фитосанитарлық бақылау бекеттерінде елге Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген залалданған қызанақ табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 2 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлімдеді.«Ағымдағы жылы шет мемлекеттерден 1075 автокөлікке тиелген15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін көлемі 29,522 тонна болатын8 автокөлікке тиілгенқызанақ өнімдері өз еліне кері қайтарылды», — делінген ведомство хабарламасында.Сонымен қатар, өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізілген.«Нәтижесінде,Түркіменстан Республикасына — 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына — 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен«қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталып, өнімдерді кіргізуге тыйым сала отырып, кері қайтарылды».ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіБұдан бөлек, жыл басынан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған.Сурет: pixabay
Arna Press,
03 июня 2024
в 10:48
«Қазгидромет» РМК дүйсенбі, 3 маусымда Қазақстанда ауа райы қалай болатынын айтып, жалпы болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Болжамға сәйкес, солтүстік және орталық аймақтарды қоспағанда, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.«Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Arna Press,
01 июня 2024
в 19:38
Үржар ауылының Балалар саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мереке аясында саябақта субұрқақ іске қосылды. Білім бөлімі балалар арасында Отан, отбасы, бейбітшілік тақырыбында сурет байқаулары мен көңілді эстафеталар, спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Arna Press,
31 мая 2024
в 21:18
2024 жылы 31 мамырда Алматыда ғалымдармен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алайда, Президенттің айтуынша, ол үшін біз экономиканы терең трансформациялауымыз керек.
Arna Press,
31 мая 2024
в 20:18
2024 жылы 31 мамырда Алматыда жұмыс сапары кезінде ғалымдармен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстанның жарқын символы кім екенін атады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оның айтуынша, стратегиялық бағдарымыз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған.«Еліміздің барлық азаматы, әсіресе жастар мұны жақсы түсінуі керек және реформалардан шет қалмағаны абзал.
Arna Press,
31 мая 2024
в 19:28
Аудан прокуратурасы Бесқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің қызметінде өрескел бұзушылықтар салдарынан 4,5 млн теңге мемлекет кірісіне түспегенін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған факті бойынша бөлім басшысына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.Алайда, бөлім басшысымен прокурорлық қадағалау актісін қарау мерзімін бұзғаны орын алды.Осыған байланысты мерзімдерді бұзғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
31 мая 2024
в 15:18
31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл ел Президентінің 1997 жылғы Жарлығымен бекітілген ресми еске алу күні. Бұл күні бүкіл елде өткен ғасырдағы ең ауыр оқиғалардың жазықсыз құрбандарына құрмет көрсетуге арналған іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Arna Press,
31 мая 2024
в 15:18
ЕО-ға мүше 27 мемлекет Қазақстан мен қазақстандық әуетасымалдаушыларынан ЕО елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеу алып тасталған.Комитеттің бұл отырысының алдында 2009 жылдан бері жүргізілген көптеген жұмыстар, сондай-ақ ЕО сарапшыларымен 2024 жылғы ақпанда сәтті жүзеге асырылған Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігі жүйесінің жұмысына техникалық бағалау жүргізілген.2022 жылы отандық әуекомпанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болған.
Arna Press,
31 мая 2024
в 15:18
Қазақстан Ұлттық Банкі бүгін, 2024 жылғы 31 мамырда маңызды мәлімдеме жасады. Бұл базалық мөлшерлемеге қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,50% деңгейінде белгіледі.
Arna Press,
30 мая 2024
в 20:08
Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау жағдайын тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі.
Arna Press,
30 мая 2024
в 19:18
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,83 теңгеге қымбаттап, 444,79 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп 61,19 теңгені (+0,30) құрады.Ұлттық банк Еуро бағамын 480,32 теңге, рубль – 4,94 теңге деп бекітті.Ақша айырбастау орындарында доллар 444,7-446,3 теңгеге, еуро 480,5-484,5 теңгеге, ресей рублі 4,91-4,99 теңгеге сатылуда.Сонымен қатар, 30 мамырдағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,25%-ға төмендеп, барреліне 83,2 долларды құрады.NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілде айындағы бағасы 0,2%-ға төмендеп, барреліне 79,06 долларды құрады.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
30 мая 2024
в 17:48
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, спортты қаржыландыру саласындағы мемлекеттік қаражатты ұтымсыз жұмсауға және жымқыруға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Орталық деңгейде сыртқы талдау Туризм және спорт министрлігінің қызметінде, өңірлік деңгейде, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларында жүргізілді.«2018 жылдан бастап спорт саласының бюджеті 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады.
Arna Press,
30 мая 2024
в 17:48
Батыс Австралия университетінің ғалымдар тобы ең көп таралған жәндіктердің бірінің, «неміс» тарақанының шығу тегі туралы 250 жылдық жұмбақты шеше алды. Тарақанды «қызыл» немесе прусак деп те атайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Австралиялық биолог Тео Эванс «неміс» тарақанының Blattella germanica атауына қарамастан, шығу тегі мүлдем Германиядан емес екенін айтты.Өз уақытында Швед биологы Карл Линней бұл түрді үлгілер жиналған жердің атымен атады.Ғалымдар жәндіктердің шығу тарихы 1200 жыл бұрын басталып, Шығыс Үндістаннан батысқа қарай жүргенін анықтады.
Arna Press,
30 мая 2024
в 15:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті және барша хорват халқын Хорватия Республикасының ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Бүгінде Хорватия Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Arna Press,
30 мая 2024
в 15:18
29 мамырда футболдан Қазақстан Кубогы-2024 ұтыс ойынының алғашқы екі жартылай финалдық жекпе-жегі өтті. Осы матчтардың бірінде «Ақтөбе» «Елімай» командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.КПЛ-2024 турнир кестесі көшбасшыларының кездесуі Батыс Қазақстандағы стадионда өтті. ҚР кубогының тағы бір жартылай финалдың жеңімпазы, қостанайлық «Тобыл» және «Атырау» кездесуінен белгілі болады.
Arna Press,
30 мая 2024
в 14:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы бұйрығымен босқын куәлігінің үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) тұрады.Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады, мұқабасы көк түсті.Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.Босқын куәлігінің беттері «KAZ» ою-өрнегі» элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.Бұйрық 2024 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Arna Press,
30 мая 2024
в 11:08
«Қазгидромет» РМК 30 мамырда Ақтөбе, Шымкент, Атырау және Алматы қалаларында ауа райының қолайсыз ластануы күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).Бұған дейін «Қазгидромет» Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
29 мая 2024
в 18:58
Қазақстанның сауда флотында қанша кеме бар? Бұл туралы ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысында айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Депутат Самат Мұсабаев Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту туралы баяндама жасап жатқан министрден қазіргі уақытта Каспий теңізінде Қазақстан туын ілген қанша жүк кемесі барын сұрады.«Каспий теңізінде Қазақстан туы астында барлығы 18 кеме бар, олардың 13-і «Қазтеңізкөлік флотына» тиесілі, қалғандары жеке компанияларға.