Arna Press,
21 августа 2025
в 19:28
Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мұндағы асфальт жабынын ауыстыру жұмыстары 16 тамызда басталған болатын. Ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтын жолдың ескі асфальт қабаты қырып алынып, орнына қалыңдығы 6 см жаңа тасты-мастикалық асфальт төселді.
Vera.kz,
16 июня 2025
в 00:09
vera.kz хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы миллиардтаған қарызбен және жұмысшыларсыз қалды.Цехтарда иіру және тоқу машиналарының даусы мүлде естілмейді – жым-жырт, ал станоктардың жанында жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орнында – ғимарат ішін мекендеген көгершіндер. Қазіргі таңда Оңтүстіктегі толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы «Azala Textile»-дің көрінісі осындай.БОЛАШАҚ ПЕН АҚИҚАТФабрика 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.
Arna Press,
20 мая 2025
в 14:18
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Алтай қаласында 20-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика салаларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты.
Arna Press,
24 февраля 2025
в 13:38
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады.
Arna Press,
12 февраля 2025
в 14:08
Қазақстанның әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан 4×5 шақырым эстафетада IX қысқы Азия ойындарында күміс жүлде иеленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Медаль үшін күресте ұлттық командамыз Жапония құрамасынан озып, бірақ Қытай командасына жол берді. Жүлдегерлер қатарында: Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина.Бұған дейін қазақстандықтар басқа спорт түрлерінде де көзге түсті.
Магнолия,
16 декабря 2024
в 17:28
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.
Akorda.kz (KZ),
02 декабря 2024
в 13:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
25 ноября 2024
в 17:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
14 октября 2024
в 19:28
Азаматтық авиация комитеті біздің елден ең көп рейс жасалатын 10 бағытты атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап«Қазіргі уақытта Қазақстаннан аптасына 778 рейс жиілігімен 132 бағыт бойынша 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады (қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар орындайды –авт.еск.).
Arna Press,
09 октября 2024
в 19:28
Қазақстаннан қанша елге тікелей рейс бар екені белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгінде әңгіме әлемнің 32 елі туралы болып отыр.Тікелей ұшуға болатын елдер тізімі:Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Қатар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, РФ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Тайланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Греция.Қазақстаннан халықаралық бағыттар саны 132-ден астам әуе бағытын құрайды; аптасына қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар 778 рейсті орындайды.Көлік министрлігі «шет мемлекеттердің авиациялық билік орындарымен ынтымақтастықты кеңейту туралы тұрақты негізде келіссөздер жүргізіп отыратыны» нақтыланды.Сурет: ашық дереккөздерден
Akorda.kz (KZ),
01 октября 2024
в 11:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
21 августа 2024
в 11:28
Абай облысында ҚХР Тарбағатай аймағының «Шыңжаң – жақсы жер» атты концерті өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәдени шара Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының қол жеткізген достықты нығайту, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.Шарада сөз алған Тарбағатай аймағының партия комитетінің басшысы Лю Е шекаралас аймақтар арасындағы байланыстың жаңа кезеңге қадам басқанын айтып, бүгінгі мәдени шараны соның бір айғағы екендігін алға тарттыАл Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 1992 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнағаннан бері экономика, саясат, мәдениет және білім салаларын қоса алғанда, түрлі ынтымақтастықта айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.«Абай облысы мен Тарбағатай аймағы арасында да берік байланыс орнағанын жыл басынан бері өткізілген кездесулер мен жасалған екіжақты келісімдер дәлелдейді.
Arna Press,
09 августа 2024
в 00:18
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне Орталық Азия ренессансы туралы мақала жазды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫОрталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.
Arna Press,
08 августа 2024
в 18:28
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 8 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасапСауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,23 теңгеге көтеріліп, 477,14 теңгені құрады.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,55 теңгеге (+0,47) дейін көтерілді.Ақша айырбастау орындарында доллар 475,7-477,7 теңгеге, еуро 520,5-524,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.Сонымен бірге, 8 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,29%-ға арзандап, барреліне 78,10 долларды құрады.NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,19%-ға төмендеп, барреліне 75,09 долларды құрады.Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,62 теңге, еуроны 519,23 теңге, рубльді 5,52 теңге деп белгілеген болатын.
Arna Press,
07 августа 2024
в 21:48
Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына бес күн қалды. Қазіргі көрсеткіштерге сәйкес, бірінші орын үшін АҚШ пен Қытай арасында қызу тартыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.Әзірге АҚШ спортшылары көш бастап тұр, олардың қоржынында 86 медаль бар: 24 алтын, 31 күміс және 31 қола.ХОК ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, американдықтардың басты бәсекелестері-Қытай спортшылары-жалпы есептің екінші орынында.
Arna Press,
29 июля 2024
в 11:38
Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Кеше дздошы Елдос Сметов (60 келі) Қазақстан құрамасына алғашқы алтын салса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды.Ал бүгін, 28 шілдеде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) та соңғы Олимпиадасында қола медаль еншіледі.Осылайша, Қазақстан құрамасы үш медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.Алғашқы орында Оңтүстік Корея (үш алтын, екі күміс, бір қола), екінші орында Аустралия (үш алтын, екі күміс) тұр. Үздік үштікті үш алтын, бір күміс, бір қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеді.Сурет: olympic.kz
Arna Press,
11 июля 2024
в 12:28
ҚХР ШҰАА делегациясы Абай облысына сапары аясында өңірдің туристік әлеуетімен, «Аягөз – Тачэн» үшінші теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күн тәртібінде Бақты шекара бекетінде инфрақұрылымын салу және жүк кедендік ресімдеу жөніндегі жоспарларды үйлестіру және т. б. мәселелер қаралды.Қытайлық тарап сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен кездесті.
Akorda.kz (KZ),
03 июля 2024
в 21:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
01 июля 2024
в 21:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
01 июля 2024
в 21:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
01 июля 2024
в 21:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
27 июня 2024
в 19:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
22 июня 2024
в 00:08
Қазақстан қор биржасы (KASE) 18 маусымда сағат 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 4,92 теңгеге көтеріліп, 457,98 теңге болғанын хабарлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,65 теңгені (+0,38) құрады.Ұлттық банк еуро бағамын 484,99 теңге, рубльді 5,12 теңге деп бекітті.Ақша айырбастау орындарында доллар 458,5-460,9 теңгеге, еуро 490,4-494,3 теңгеге, ресей рублі 5,12-5,28 теңгеге сатылуда.Ал 18 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы $0,27-ға төмендеп, $82,35 құрады.Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI мұнайының фьючерстері қазір барреліне $0,27 (0,34%) арзандап, $78,18 құрады.
Arna Press,
19 июня 2024
в 19:28
Қазақстан қор биржасында (KASE) 19 маусым күні сағат 15:30-да валюта нарығындағы құралдардың саудасы жабылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,6 теңгеге көтеріліп, 459,75 теңгені құрады.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да аздап көтеріліп, 63,1029 теңгені құрады.
Arna Press,
19 июня 2024
в 16:38
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қытайлық «Luyi Country Hongyao Furniture Co.Ltd» компаниясы өкілдерімен кездесті. Аталған компания әлемге жиһаз жасаумен танымал, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімдігі былтырғы орман өртінің зардаптарын жою мақсатында инвесторларды тартудың жол картасын әзірледі.
Arna Press,
17 июня 2024
в 19:28
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,88 теңгеге көтеріліп, 452,92 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 62,27 теңгені (+0,27) құрады.Ұлттық банк еуро бағамын 482,21 теңге, рубльді 5,05 теңге деп бекітті.Ақша айырбастау орындарында доллар 453,5-455,1 теңгеге, еуро 485-488,6 теңгеге, ресей рублі 4,96-5,02 теңгеге сатылуда.Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы сәуір айынан бері өткен аптадағы максималды өсімнен кейін 17 маусымдағы сауда-саттық барысында төмендеп жатыр.Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне $82,35 құрады, бұл алдыңғы сауданың жабылу сәтінен $0,27 (0,33%) төмен.
Arna Press,
13 июня 2024
в 19:38
Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Екінші орында 2 алтын, 1 күміс иеленген қытайлық Тайпей командасы тұр. Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді. Құрлық додсында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары 1 алтыннан еншілеген. Қазақстан құрамасы:Сурет: olympic.kz
Arna Press,
12 июня 2024
в 19:48
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,82 теңгеге көтеріліп, 451,77 теңгені құрады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,16 теңгені (+0,28) құрады.Ұлттық банк еуроның бағамын 483 теңге, рубльді 5,05 теңге деп бекітті.Ақша айырбастау орындарында доллар 451,1-452,7 теңгеге, еуро 484,5-488,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,07 теңгеге сатылуда.Ал, 12 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,47 долларға қымбаттап, 82,39 долларды құрады.Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Lite мұнайының бағасы 0,57-ге қымбаттадыСурет: Zakon.kz
Arna Press,
30 мая 2024
в 19:18
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,83 теңгеге қымбаттап, 444,79 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп 61,19 теңгені (+0,30) құрады.Ұлттық банк Еуро бағамын 480,32 теңге, рубль – 4,94 теңге деп бекітті.Ақша айырбастау орындарында доллар 444,7-446,3 теңгеге, еуро 480,5-484,5 теңгеге, ресей рублі 4,91-4,99 теңгеге сатылуда.Сонымен қатар, 30 мамырдағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,25%-ға төмендеп, барреліне 83,2 долларды құрады.NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілде айындағы бағасы 0,2%-ға төмендеп, барреліне 79,06 долларды құрады.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
28 мая 2024
в 16:48
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасының құрылысын тағы кімге сеніп тапсыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Энергетика министрлігі басшысы қазір ведомство өкілдерінің АЭС салу мәселесі бойынша тұрғындармен және мүдделі тараптармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті.