Стоковые изображения от Depositphotos
Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Кеше дздошы Елдос Сметов (60 келі) Қазақстан құрамасына алғашқы алтын салса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды.
Ал бүгін, 28 шілдеде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) та соңғы Олимпиадасында қола медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы үш медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.
Алғашқы орында Оңтүстік Корея (үш алтын, екі күміс, бір қола), екінші орында Аустралия (үш алтын, екі күміс) тұр. Үздік үштікті үш алтын, бір күміс, бір қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеді.
По сообщению сайта Arna Press