Популярные темы

қытай: новости

Семей мен Өскеменге халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

Arna Press, 03 августа 2026 в 15:18

Семей мен Өскеменге халықаралық рейстер ашылуы мүмкін
Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы басшылығының кездесуінде талқыланды.Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

PUBG-дің әлемдік жұлдыздары алғаш рет Қазақстанға келеді

SportInfo, 22 июля 2026 в 10:56

PUBG-дің әлемдік жұлдыздары алғаш рет Қазақстанға келеді
29 шілдеден бастап Астана бірнеше күнге әлемдік киберспорттың басты орталықтарының біріне айналады. Елордаға өнерін миллиондаған жанкүйерлер осы уақытқа дейін тек ірі халықаралық турнирлердің тікелей эфирлері арқылы ғана тамашалап келген әлемнің үздік командалары келеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қазспортинвест» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан балуандары Будапештте 12 медаль жеңіп алды

SportInfo, 20 июля 2026 в 14:36

Қазақстан балуандары Будапештте 12 медаль жеңіп алды
Венгрия астанасында 15-19 шілде аралығында өткен Имре Поляк, Янош Варга және Иштван Козма мемориалы мәресіне жетті. United World Wrestling күнтізбесіне енген маусымның қорытынды рейтингтік турнирінде Қазақстан құрамасы еркін, әйелдер және грек-рим күресінен барлығы 12 медаль – 2 алтын, 3 күміс және 7 қола жүлде иеленді.

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатын құрлықтың үздік үш құрамасының қатарында аяқтады

SportInfo, 25 июня 2026 в 14:56

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатын құрлықтың үздік үш құрамасының қатарында аяқтады
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатын соңғы жылдардағы ең үздік нәтижелерінің бірімен аяқтап, бес сайыс түрінен екі алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Турнирдің басты қорытындысы тек бес жүлдемен шектелмейді. Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет ерлер және әйелдер арасындағы жалпыкомандалық есепте бірдей үшінші орынға ие болды.

Бибісара Асаубаева — Norway Chess Women 2026 халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы

SportInfo, 05 июня 2026 в 10:46

Бибісара Асаубаева - Norway Chess Women 2026 халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы
Отандасымыз Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті.

Ақтөбеде 21 елден келген 210 ойыншының қатысуымен халықаралық шахмат фестивалі басталды

SportInfo, 04 июня 2026 в 11:06

Ақтөбеде 21 елден келген 210 ойыншының қатысуымен халықаралық шахмат фестивалі басталды
2026 жылдың 3-11 маусым аралығында Ақтөбеде «Владимир Дворковичті еске алу – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат турнирі өтуде. Жарысқа әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 19 мая 2026 в 18:06

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Стенд атудан Әсем Орынбай Әлем кубогында топ жарды

SportInfo, 05 мая 2026 в 17:36

Стенд атудан Әсем Орынбай Әлем кубогында топ жарды
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында жалғасып жатқан әлем кубогында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. «Скит» сайысында сынға түскен Әсем Орынбай финалдық кезеңде қарсыластарын артқа қалдырып, чемпион атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іріктеу кезеңінен сүрінбей шыққан 8 спортшы финалда бірнеше айналым бойы өзара сайысқа түсті.

«Бақты — Аягөз» жобасы: 1200 жаңа жұмыс орны ашылады

Arna Press, 28 апреля 2026 в 11:38

Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы қарқынды талқыланып, жобаны іске асыру барысы бақылауда, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновпен кездесу өткізіп, маңызды инфрақұрылымдық бастамаларды пысықтады.Жиынға өңірлік басқарма басшылары, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының әкімдері және мердігер компания өкілдері қатысып, теміржол құрылысы мен вокзалдарды жаңғырту мәселелері жан-жақты қаралды.«Бақты — Аягөз» теміржол желісі Абай облысының экономикалық дамуына тың серпін береді.

«Классик» Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

SportInfo, 08 апреля 2026 в 21:16

«Классик» Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақта қытайлық Руи Люмен қола медальді сарапқа салды. Алғашқы үшминуттықта Қытай балуаны 1:0 есебімен басым түсті.

8 наурыз мерекеге орай гүлдер қай елдерден тасымалданатыны белгілі болды

Arna Press, 03 марта 2026 в 14:08

8 наурыз мерекеге орай гүлдер қай елдерден тасымалданатыны белгілі болды
Қазақстанға әкелінетін гүлдердің қай мемлекеттерден жеткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізге 77,6 млн АҚШ долларына 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігі импортталған.

Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Arna Press, 18 февраля 2026 в 17:28

Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Елімізде ара шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласының стратегиялық әрі табысты бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл туралы Аrnapress.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды2025 жылы қазақстандық балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, 1 477 тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 603 тонна болған еді.

Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады

SportInfo, 15 февраля 2026 в 00:06

Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында конькимен жүгіруден әйелдер арасында командалық із кесу жарысының ширек финалы өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко өнер көрсетті.

Могулшы Анастасия Городко 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына дейін жетті

SportInfo, 14 февраля 2026 в 18:06

Могулшы Анастасия Городко 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына дейін жетті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасында параллельді могул жарысы өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті. Үш спортшының ішінде жарыста ең жоғары нәтижеге Анастасия Городко қол жеткізді.

Үстел теннисінен Азия кубогында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды

SportInfo, 04 февраля 2026 в 12:06

Үстел теннисінен Азия кубогында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды
4-8 ақпан аралығында Қытайдың Хайкоу қаласында үстел теннисінен 35-ші Азия кубогы өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардың топтағы қарсыластары анықталды. Ерлер, 3-топ. Томокази Харимото (Жапония). Вонг Чун Тин (Қытай Гонконгы).

«Қорғас» ШЫХО уақытша жабылады

Arna Press, 02 февраля 2026 в 16:08

«Қорғас» ШЫХО уақытша жабылады
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін уақытша жабылады деп хабарлайды Arnapress.kz «Қорғас» ШЫХО әкімшілігіне сілтеме жасап.Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне және осы кезеңде «Қорғас» ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты болмақ.Аталған уақытта Қазақстан тарапында туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.«Қорғас» ШЫХО 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қалыпты режимде жұмысын қайта жалғастырады, – деп хабарлады әкімшілік.Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

3 жылдан соң Ақсауттағы бәйге жүйрігі әлемдік рекордқа енді

Arna Press, 29 января 2026 в 14:48

3 жылдан соң Ақсауттағы бәйге жүйрігі әлемдік рекордқа енді
Жетісудың «Бақторы» атты жүйрігі 2023 жылы Ақсуатта өткен 140 шақырымдық аламан бәйгеде 6 сағат 12 минутта мәре сызығын кесіп өткен болатын. Ал, биыл бұл нәтиже ресми түрде тіркеліп, жүйрік әлемдік рекорд иегері атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіАлтай мен Атырау, Қордай мен Торғайдың арасындағы аузында өлеңі, астында жүйрігі бар жұрт Тарбағатайға аламан бәйгеге ағылды.

ҚР Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Arna Press, 29 января 2026 в 11:48

ҚР Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.Орнына Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.

8 айда 435 медаль: Абай облысындағы спорт мектебінің нақты нәтижесі

Arna Press, 24 января 2026 в 14:28

8 айда 435 медаль: Абай облысындағы спорт мектебінің нақты нәтижесі
КММ «Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» 2025 жылдың сәуір айында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қаулысымен құрылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мектептің негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, олардың дене шынықтыруын дамыту және халықаралық деңгейдегі спортшылар даярлау.«Қазіргі таңда мектепте 7 спорт бөлімі жұмыс істейді: ескек есу слаломы, су добы (водное поло), жүзу, футбол, баскетбол, волейбол және футзал.

Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды

SportInfo, 02 декабря 2025 в 12:36

Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды
Биылғы біріншілік — үш стиль бойынша ұлттық құраманы жасақтау мен іріктеудегі шешуші кезең. Келер жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындары, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттары күтіп тұр. Чемпионатқа қатысушылар арасында: төрт дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жамиля Бакбергенова, U23 әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, кадеттер арасындағы әлем чемпионы Нилуфар Раимова, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова, U23 әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы, жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Курбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді, грек-рим күресінен бес дүркін әлем жүлдегері Алмат Кебиспаев және басқа да белгілі спортшылар бар.

Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Малайзияны жеңді

SportInfo, 21 октября 2025 в 20:26

Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Малайзияны жеңді
Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан Бахрейнде өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының топтық кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді. 21 қазанда ұлттық құрама Малайзия командасына қарсы кездесу өткізді. Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.

Жағажай волейболы: ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады

SportInfo, 21 октября 2025 в 10:16

Жағажай волейболы: ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясында жағажай волейболынан іріктеу сайысы басталды. 20 қазанда ұлттық құрама топтық кезеңде төрт матч өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Қыздар құрамасынан Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет алдымен Шри-Ланканы 2:0 есебімен жеңді.

БӘМ-2025: Қазақстан шахматшылары Албанияда екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды

SportInfo, 16 октября 2025 в 17:46

БӘМ-2025: Қазақстан шахматшылары Албанияда екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 4‑15 қазан аралығында Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Youth Chess Championships 2025) керемет жетістікке қол жеткізді. Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нургалиев күміс медальді қанжығасына байлады.

Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрама командасы Әлем чемпионатына қатысады

SportInfo, 08 октября 2025 в 17:06

Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрама командасы Әлем чемпионатына қатысады
24-30 қазан күндері Қытайдың Уси қаласында WT таеквондодан ересектер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Дүниежүзілік біріншілікке әлемнің 179 елінен 991 спортшы тіркелген. Жылдың ең басты додасында Қазақстан намысын 18 таеквондошы қорғайды. Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың қалай іріктелгенін айтып, Уси даянгында бақ сынайтын таеквондошылар есімін атады: «Әлем чемпионатына іріктеудің бірінші кезеңі, әрине, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты болды.

Кім жылдам?: спорттық құзға өрмелеуден Қытайда өтетін Әлем кубогының кезеңіне алдын ала шолу

SportInfo, 11 сентября 2025 в 14:06

Кім жылдам?: спорттық құзға өрмелеуден Қытайда өтетін Әлем кубогының кезеңіне алдын ала шолу
12-13 қыркүйек аралығында Қытай елінің Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Бұл байрақты дода әлем біріншілігінің алдындағы соңғы сын болмақ. Толығырақ Olympic.kz материалында. Бірер күннен кейін Гуйян (Қытай) қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі басталады.

Қазақстан құрамасының боксшыларының әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Arna Press, 04 сентября 2025 в 13:28

Қазақстан құрамасының боксшыларының әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
4 қыркүйекке қараған түні өткен жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасының боксшыларының 2025 жылы Ливерпульде өтетін әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы бірлескен алғашқы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты басталды.
Показано 30 новостей из 80