Arna Press,
11 октября 2024
в 13:58
Жітіқарада 11 қазан күні таңертең өрт шығып, бес баланың өмірін қиды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТөтенше жағдайлар қызметі мен облыс басшылығының мәліметінше, сағат 04:29-да жеке тұрғын үйден өрт шығып, оның салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып кеткен.«7 минуттың ішінде құтқарушылар оқиға орнына жетті, үй толығымен өртке оранды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және үйінділерді тазалауға кірісті.
Arna Press,
08 октября 2024
в 19:18
ТЖМ құтқарушылары Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті оқшаулады және сөндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының эвакуацияланған 18 тұрғыны үйіне оралды.Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланды, өрттің ауданы анықталып жатыр. Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.«Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды. ҚР ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламадаҚазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстарына 557 адам мен 88 бірлік техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, ҚР ТЖМ және ІІМ ҰҰ 4 әуе кемесі жұмылдырылып жатыр.Өртті сөндіруге Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары, ТЖМ 52859, 68303 әскери бөлімдерінің және жергілікті атқарушы органдар қатысуда.«Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102-ден астам тонна көлемінде су төкті.
Arna Press,
08 октября 2024
в 19:18
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, студенттер, қала тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа сквер — жайлы демалыс орны ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың белсенді өмір салтын насихаттайтын кеңістік болмақ.
Arna Press,
01 августа 2024
в 17:58
Семейде құтқарушылар саябағының салтанатты ашылуы өтті. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сквер аумағында балалар, ойын және демалыс алаңдары бар. Жақын орналасқан көп қабатты үйдің қасбетінде тақырыпқа сай түрлі-түсті мурал салынған. Тақтатас төселіп, абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілді.Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауында жаңа сквердің қоғамның қауіпсіздігі үшін өмірлерін қатерге тігетін жандарға құрмет пен ризашылықтың белгісіне айналатынын атап өтті.
Arna Press,
26 июля 2024
в 12:18
Абай облысында суда жеті адам құтқарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей қаласының Ертіс өзенінде патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев қалалық жағажай аумағында жеті адамды құтқарды. Оның ішінде ағыс алып кете жаздаған 14 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім.Аз уақыт аралығында 1982 жылы туған ер адам мен қалтқыларға жүзіп өздігінен жағаға қайта алмаған әйел құтқарылып, жағаға жеткізілді.Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.Сурет: ҚР ТЖМ
Arna Press,
25 июля 2024
в 15:58
2024 жылдың 24 шілдесінде Павлодар облысындағы «Майқайыналтын» кенішінде жарты жыл бұрын жерге құлаған автобус табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Кеше кешкі уақытта қазу жұмыстары кезінде құтқару автобусы табылды, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр мен жел) құлау қаупі төніп тұрғандықтан, жұмыс өте сақтықпен жүргізілуде. Іздеу шаралары бүгін сағат 05:00-де қайта жанданды. Қазіргі уақытта біз көліктің алдыңғы жағына жеттік, оның бетінде бампер мен дөңгелегі көрінеді».
Arna Press,
18 июня 2024
в 11:58
Павлодар облысының құтқарушылары туристі таудан түсірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Баянауыл ауданында жедел-құтқару жасағының күшімен биіктігі 600 метрге жуық таудан 1999 жылы туған ер адам құтқарылды.Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған.Оған медициналық көмек кажет болмады.Сурет: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Arna Press,
13 июня 2024
в 12:08
Еліміздің төрт облысында өрт сөндірушілер жалынды жойды. Оқиғалардың бірінде үш бала құтқарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде 1 ш.м. алаңда тұрмыстық заттардың жануы орын алды. Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін жергілікті тұрғындар өз күшімен өртті сөндірді.
Arna Press,
11 июня 2024
в 13:58
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Құтқарушылар балаларға ерекше көңіл бөлуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері ТЖМ қызметкерлері бассейндерде 20 мыңнан астам баланы жүзуге үйретті. Бүгінгі күні еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар.
Arna Press,
08 июня 2024
в 19:38
Құтқарушылар Атырау облысындағы тас жолда өртенген автокөлікке көмекке келді. Онда шетелдің үш азамат болған, олар дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапОқыс оқиға Мақат ауданында болған.Атырау-Ақтөбе республикалық маңыздағы тас жолдың 31 шақырымында жеңіл автокөлік өртенді.«Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Өзбекстанның үш азаматын өрттен құтқарды.
Arna Press,
28 мая 2024
в 11:18
Қарасай ауданында Үлкен Алматы шыңы аймағында таудан түсіп бара жатып адасып кеткен 20 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық топтың көмегімен дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.«Жедел іздестіру тобының жүргізген шараларының арқасында ер адам Алма-Арасан шатқалынан табылды, оған медициналық көмек қажет емес болды», — делінген хабарламада.Сурет: ҚР ТЖМ
Arna Press,
20 мая 2024
в 11:48
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Петропавлда су басқан қалған 29 аула аумақтарын сору жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулігіне 153 320 текше метр су сорылды.
Arna Press,
10 мая 2024
в 11:58
Мамырдың 10-на қараған түні ҚР ТЖМ құтқарушылары Шымбұлақ шыңына шығу барысында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомстваның хабарлауынша, 9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілген.Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсеткен.
Arna Press,
25 апреля 2024
в 10:48
Облыста кейінгі тәулікте үйлерді су басу жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.КТК телеарнасының мәліметінше, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының су басқан аудандарында полиция мен құтқарушылар аумақтарды тексеріп, үйде қалып қойған тұрғындарды іздеуді жалғастыруда.
kapital.kz,
04 апреля 2024
в 13:26
Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 300 млн теңге бөлді.Банк басшылығы мемлекеттік қолдау шаралары және де кәсіпкерлер мен мүдделі азаматтардың көмегі апаттан зардап шеккендердің тезірек үйлеріне оралуына оң ықпал етеді деп үміттенеді.«Мыңдаған қазақстандықтардың бастарына қиындық түскенде, біз қалайша қол қусыра отырамыз.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 16:18
Көкпекті ауданынан МИ-8 тікұшағы қар құрсауынан 29 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов оқиға орнында.
Tengrinews,
25 января 2024
в 13:43
Майқайыңда автобуспен бірге шұңқырға құлап, табылмай жатқан адамдардың жақындары көріпкел шақыртты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Көріпкел Майқайыңға арнайы келген. «Мен сиқыршы емеспін, әйтсе де адамдарға мен керек болдым. Шақырған соң қарап отыра алмай шығып кеттім. Жоғалғандар табылып, туыс-туғандары тыныштансын.
Крыша,
24 января 2024
в 14:17
23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінді. Эпицентрі қаланың оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде, Қырғызстанмен шекарада болған. Бірнеше минут бойы 5 балға дейінгі жерасты дүмпуі сезіліп тұрды.Мегаполис қауіпті аймақта тұрғаны бәрімізге аян, сондықтан мұндағы әр адам кез келген уақытта зілзалаға дайын болуы керек.
Arna Press,
18 января 2024
в 19:58
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қаңтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қар көшкіні қаупі бар аймаққа кіруді шектеу бойынша, демалушылар мен туристердің өтуін шектеу үшін қар көшкіні қаупі бар учаскелерге автокөліктердің өтуіне ПД қатарынан блокбекеттер қойылды: Кіші Алматы өзені бассейнінде (Эдельвейс», «Шымбұлақ» ТШК жоғары), Үлкен Алматы өзені бассейнінде («Аюсай» бөгетінен жоғары)», — деп хабарлайды Алматы ТЖД.Қар көшкіні кезеңінің басталғаннан бері жолдардың бұрын жабылған учаскелерінде және жету қиын жерлерде жалпы көлемі шамамен 27 мың текше метр болатын 23-тен аса өздігінен қар көшкінінің түсу жағдайы болды.
Arna Press,
17 января 2024
в 13:08
Алматыда 19 см қар жауды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 16 қаңтар күні сағат 22:30-дан 17 қаңтар күні таңғы сағат 08:30-ға дейін Алматы қаласында 19 см қар жауды.Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.«Түнде 421 бірлік арнайы техника жұмыс істеді, таңертең 425 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 146 құм таратқыш және 1143 жол жұмысшысы.» Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыСағат түнгі 02:30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен 13 колонна қар күреумен айналысты.«Таңғы сағат 05.00-ден бастап 168 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарлар қардан тазартылуда, бұл жұмыс қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.
Arna Press,
07 января 2024
в 11:38
Жапонияның батысында қатты жер сілкінісі болғаннан кейін 124 сағат өткен соң құлаған үйден жасы 90-дар шамасындағы әйел тірідей шығарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТараған жаңалықтарда құтқарушылар көгілдір пластикпен аймақтың көрінісін жауып жатқаны көрсетілген. Әйел еш жерде көрінбейді.Алғашқы 72 сағаттан кейін тірі қалу мүмкіндігі төмендейді.
Arna Press,
04 января 2024
в 13:58
Павлодар облысында құтқарушылар мінген автобус шахта маңындағы шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құтқару жұмыстарының барысы туралы Zakon.kz тілшісіне кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы хабарлады.Штабтың мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасуда.
Arna Press,
26 октября 2023
в 14:59
Аягөз қаласында үй өртеніп, оның ішінде болға төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал түсті.
Arna Press,
19 октября 2023
в 11:28
Олжас Мұхтаров Абай облысы ТЖД 1-ші Мамандандылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Кәсіби мерекенің қарсаңында Arnapress.kz тілшісіне жұмысының қызығы мен ерекшелігі жайлы айтып берді.Олжас Мұхтаров бұл салаға 2015 жылы келді. Әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келген жігіт, полиция қызметкері боламын деген арман қуып құжаттарын жинай бастаған.
Arna Press,
19 октября 2023
в 10:38
Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді.
Arna Press,
18 октября 2023
в 16:38
ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында Абай облысындағы төтенше жағдайлар гарнизонына 19 жаңа автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Техника республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынды.Жаңа көліктер адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуға қажетті заманауи өрт сөндіру, жедел медициналық, байланыс және навигациялық құралдармен, жоғары тиімді өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған.
Arna Press,
10 октября 2023
в 17:08
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 45 адамнан құрылған күштер мен құралдар тобын әзірлікке келтірді.
Arna Press,
22 августа 2023
в 17:18
Түркістан облысы әкімдігі өкілі Сырдария өзенінде 11 адам қаза тапқан оқиғаның мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 21 тамызда сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Arna Press,
12 июля 2023
в 15:28
Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылуға барған. Бір мезетте көзден ғайып болғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты. Іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», делінген хабарламада.Айта кететін жайт, шомылу маусымы басталғаннан бері бұл жетінші қайғылы оқиға.
Arna Press,
03 июля 2023
в 17:08
3 шілде күні сағат 13:06-да «112» пультіне қалалық Полиция басқармасының кезекшісінен ер адамның аспалы көпірінің конструкциялары шығып бара жатқаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына құтқару бөлімшелері мен Абай облысы ТЖ департаментінің психологы дереу шықты.Құтқарушылар келгеннен кейін 2001 жылы туған ер адам мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгені анықталды.