Стоковые изображения от Depositphotos
Көкпекті ауданынан МИ-8 тікұшағы қар құрсауынан 29 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды.
Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов оқиға орнында. Жедел республикалық және облыстық штаб жұмыс істейді.
ТЖД ақпараты бойынша жалпы 110 адам құтқарылды. Оның ішінде тікұшақпен 73 адам, жоғары өтімді техниканың көмегімен 37 адам.
Ал Полиция Департаментінің ақпараты бойынша, арнайы техника мен полицияның қызметтік машиналары трассада тұрып қалған адамдарға әлі жете алмады.
Сағат 13:15-те МИ-8 тікұшағындағы құтқарушылар Қалбатау ауылына 29 әйелдер мен балаларды, эвакуациялады.
Жарма ауданының әкімдігі «Жол болсын» кафесінде жылыту пунктін ұйымдастырды. Сағат 13:20-да ТЖМ тікұшағы екінші рейске кетті.
Көкпекті ауданындағы боранға байланысты қонуды жүзеге асыру мүмкін емес. Полицейлер басқа жүргізушілермен бірге колоннамен жүріп отыр.
По сообщению сайта Arna Press