Стоковые изображения от Depositphotos
Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше өңірде тасжолдар ішінара жабылды. Соның салдарынан 700-ден астам адам жабылған жолдардан пойыздармен тасымалданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Адамдарды тасымалдау Сарыбел, Макинка, Ельтай, Ақкөл, Ерментау, Екібастұз және Курорт-Бурабай станцияларынан ұйымдастырылды.
«Жолаушыларды тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Компания қолайсыз ауа райы жағдайында азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және аса қажеттілік болмаса сапардан бас тартуға шақырады», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Щучинск қаласынан шығаберісте 260 көлік құралының тұрғаны хабарланған болатын. Қалалық жылыту пунктіне құтқарушылар 73 адамды, соның ішінде 29 баланы эвакуациялаған.
Сурет: «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press