Популярные темы

семейде: новости — страница 2

Семейде алғашқы BINOM мектебінің құрылысы басталды

Arna Press, 21 июля 2026 в 15:58

Семейде алғашқы BINOM мектебінің құрылысы басталды
Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында 1400 орындық заманауи BINOM мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Іргетасын қалау рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, BI Group компаниясының өкілдері, BINOM мектептер желісінің басшылығы мен білім саласының ардагерлері қатысты.Жаңа білім ордасы – еліміздегі BINOM мектептер желісінің 10-мектебі және Астана мен Атыраудан кейінгі үшінші қаладағы жоба болмақ.

Семейде көлік капотына отырған жолаушы жауапқа тартылды

Arna Press, 21 июля 2026 в 13:48

Семейде көлік капотына отырған жолаушы жауапқа тартылды
Семей қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 14 шілде күні Қарағайлы шағын ауданында болған. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қозғалыстағы Toyota RAV4 автокөлігінің капотында отырған жолаушының видеосы анықталған.Тексеру нәтижесінде көлікті 22 жастағы қала тұрғыны басқарғаны белгілі болды.

Семейде екі көше жөнделіп жатыр

Arna Press, 21 июля 2026 в 11:28

Семейде екі көше жөнделіп жатыр
Семейде жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қазір орташа жол жөндеу жұмыстары Абай және Жангелдин көшелерінде жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Абай көшесінде 2,7 шақырым жолға жаңа екі қабатты асфальт төселіп, бордюрлар толық жаңартылады.

Семейде екі автобус бағыттары уақытша өзгереді

Arna Press, 20 июля 2026 в 17:28

Семейде екі автобус бағыттары уақытша өзгереді
Семей қаласында Абай көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты 20 шілдеден бастап №2 және №35 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.Жаңа бағыт бойынша автобустар «Shygys Mall» аялдамасынан кейін Шайжүнісов көшесімен жүріп, Жұмабаев, Найманбаев және Қ.

Семейде бірқатар мекенжайда су уақытша өшіріледі

Arna Press, 14 июля 2026 в 19:28

Семейде бірқатар мекенжайда су уақытша өшіріледі
15 шілде күні Пищевиков көшесі, 5 мекенжайындағы су құбырын жөндеу жұмыстарына байланысты таңғы сағат 10:00-ден бастап жұмыс аяқталғанға дейін төмендегі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей Водоканалға сілтеме жасап.Титов көшесі: 132, 134, 136, 140, 142, 144, 146, 148, 159;.

Семейде мотокөліктің келісірен жол апаты болды

Arna Press, 14 июля 2026 в 16:38

Семейде мотокөліктің келісірен жол апаты болды
Семейде мопед пен басқа да мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жыл басынан бері осындай 5 жол апаты тіркелген. Соңғы оқиғалардың бірінде 17 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Семейлік қария алаяқтарға алданды

Arna Press, 10 июля 2026 в 18:08

Семейлік қария алаяқтарға алданды
Семейде 87 жастағы зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Белгісіз адам WhatsApp арқылы хабарласып, өзін eGov қызметкері ретінде таныстырған. Ол банк шотын «қорғау» және алаяқтардың әрекетін болдырмау керек деген сылтаумен зейнеткерді көрсетілген нөмірге 2,5 миллион теңге аударуға көндірген.Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Полиция ескертеді:.

Семейде жолға шемішке қабығын тастаған жүргізуші жазаланды

Arna Press, 09 июля 2026 в 13:38

Семейде жолға шемішке қабығын тастаған жүргізуші жазаланды
Семейде Дулатов көшесінде шемішке қабығын жолға шашқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. Семей қаласында 35 жастағы жүргізуші Дулатов көшесімен келе жатып, теміржол өткелінде кезегін күтіп тұрған сәтте шемішке шағып, қабықтарын көліктің терезесінен тікелей жолдың жүру бөлігіне лақтырған.Оның бұл әрекетін қала тұрғыны бейнежазбаға түсіріп, Абай облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына жолдаған.

Семейде сегіз ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Arna Press, 07 июля 2026 в 14:18

Семейде сегіз ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Семей қаласында полиция қызметкерлері Восточный кенті аумағында жасалған бірнеше мүліктік қылмысты ашты, деп хабарлайды Arnapress.kz департаментке сілтеме жасап.Тергеу барысында сегіз ұрлық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды.Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдарына тұрғындардан жеке үйлерден, шаруашылық құрылыстарынан, гараждардан, салынып жатқан үйден, кілем жуу цехынан мүліктің ұрланғаны, сондай-ақ тұрғын үй ауласынан велосипедтің қолды болғаны туралы сегіз арыз түскен.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті анықталып, ұсталған.

Семейде жаңа «вафельді» жол таңбасы пайда болды

Arna Press, 07 июля 2026 в 11:08

Семейде жаңа
Семей қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында екі ірі қиылысқа жаңа «вафельді» жол таңбасы енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жаңа таңба мына мекенжайларда пайда болды:Шәкәрім даңғылы — Қабанбай батыр көшесі және Қабанбай батыр көшесі — Қаржаубайұлы көшесінің қиылысы.«Вафельді» жол таңбасы нені білдіреді?Сары түсті тор көзді таңба жүргізушілерге қиылысқа тек оны толық кесіп өте алатынына сенімді болған жағдайда ғана кіруге болатынын ескертеді.

Семейде 11 мыңнан астам абонент ыстық сусыз қалды

Arna Press, 07 июля 2026 в 11:08

Семейде 11 мыңнан астам абонент ыстық сусыз қалды
Семей қаласында Посмаков — Дулатов көшелерінің қиылысында магистральдық жылу желісінің тармағында апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz «Теплокоммунэнерго» МКК сілтеме жасап.Жылумен жабдықтау кәсіпорнының мәліметінше, диаметрі 57 мм құбырда ақау анықталған. Осыған байланысты 6 шілде күні сағат 19:41-де желі уақытша жабылды.Салдарынан 11 250 абонент, яғни 166 көпқабатты тұрғын үй ыстық сусыз қалды.

Алакөлдегі демалыстың көлеңкелі тұстары: жолдан бастап дәретханаға дейін

Arna Press, 26 июня 2026 в 17:28

Алакөлдегі демалыстың көлеңкелі тұстары: жолдан бастап дәретханаға дейін
Жаз мезгілі басталысымен Алакөлге ағылатын демалушылар саны арта түседі. Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі саналатын көлдің емдік қасиеті көпшілікке белгілі. Биыл Алакөлге Семейден Arnapress.kz тілшісі де барып қайтып, демалыс аймағындағы оң және теріс тұстарды өз көзімен көрді.Алдымен жол мәселесіне тоқталсақ.

Семейде Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік фестиваль өтті

Arna Press, 01 июня 2026 в 17:08

Семейде Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік фестиваль өтті
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласында «Бақытты бала — жарқын болашақ» атты балалар өнер фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz қалалық әкімдіктің баспасөзіне сілтеме жасап.Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Семейде Құрбан айт мерекесіне орай мал сататын және союға арналған орындар

Arna Press, 25 мая 2026 в 17:58

Семейде Құрбан айт мерекесіне орай мал сататын және союға арналған орындар
Құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа шалынатын малды сату және сою үшін арнайы белгіленген орындар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Тірі малды сатуға арналған арнайы орындар:«Северный» СЛО — Северный промузел көшесі, №2. «JOLAMAN» СЛО — Семей-Алматы трассасы, №7/1Мал союға арналған арнайы пункттер:«Семей–Вет» ЖШС — Космонавтов көшесі, №1 (Дальняя ауданы).

Семейде жазда шомылуға болатын жағажайлар

Arna Press, 22 мая 2026 в 17:28

Семейде жазда шомылуға болатын жағажайлар
Семей тұрғындары жазда қай жерге шомылуға, суға түсуге болады, қай жер қауіпсіз? Немесе қай аймаққа шомылуға болмайды? Осы сұрақтарға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Қасенов Ернар және Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бураханова Ақтоты жауап берді деп Arnapress.kz хабарлайды«Семей қаласында шомылу маусымы 1 мамырдан басталып, 31 тамызда аяқталады. Қала аумағында су айдындарында жаппай демалуға арналған 3 орын белгіленген.

Семейлік тұрғын алимент төлемегені үшін сотталды

Arna Press, 14 мая 2026 в 12:58

Семейлік тұрғын алимент төлемегені үшін сотталды
Семейде жеті жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Қала тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына қаржылай қолдау көрсетпей, он жыл ішінде бес миллион теңгеден астам қарыз жинаған.Сот шешімімен 38 жастағы азамат кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің есебіне қойылды.Пробация қызметінде сотталған азаматқа жазаны өтеу тәртібі, сот белгілеген шектеулер және оларды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік түсіндірілген.Ер адамның айтуынша, ол өз әрекетінің салдарын енді түсінген. Қазір ұлы 15 жаста, ал осы уақыт ішінде әке баласының өміріне араласпағанын және қажетті қолдау көрсетпегенін мойындады.«Бұрын алимент төлемдерін кейінге қалдырып, жауапкершіліктен қашуға болады деп ойлайтынмын.

Семейде Затон ауданындағы теміржол өткелі уақытша жабылады

Arna Press, 14 мая 2026 в 12:58

Семейде Затон ауданындағы теміржол өткелі уақытша жабылады
Семей қаласында теміржол өткелінің төсемін бөлшектеуге байланысты жол жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz. қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Осыған байланысты Затон ауданындағы Матросов көшесіндегі теміржол өткелі 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.Уақытша шектеулерге байланысты №8 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына да өзгерістер енгізіледі.Атап айтқанда:«Пристань» бағыты бойынша соңғы аялдама «Матросский пер.» аялдамасы болады,кері бағыттағы қозғалыс «Матросский пер.» аялдамасынан басталады.Фото: ЖИ және Қала әкімдігі баспасөзі

Семейде түнгі уақытта отшашу атқан тұрғын жауапқа тартылды

Arna Press, 12 мая 2026 в 15:08

Семейде түнгі уақытта отшашу атқан тұрғын жауапқа тартылды
Семей қаласындағы аулалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz Оқиға 10 мамырға қараған түні болған. Полиция мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны тұрғын үй маңында отшашу атып, тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Семейде 154 келіден астам марихуана тәркіленді

Arna Press, 08 мая 2026 в 11:28

Семейде 154 келіден астам марихуана тәркіленді
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі жеткізу арналарына қарсы күресті күшейтіп жатыр. Осы бағыттағы арнайы операция барысында Семей қаласында ірі көлемдегі есірткі қоры анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің жолын кескен.

Семейде уақытша ыстық су болмайды

Arna Press, 05 мая 2026 в 15:28

Семейде уақытша ыстық су болмайды
«Теплокоммунэнерго» МКК 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық аясында 2026 жылғы 12–22 мамыр аралығында қаланың оң және сол жағалауындағы магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілетінін Arnapress.kz қалалық әкімдік баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.Осыған байланысты көрсетілген кезеңде тұрғын үйлер мен бірқатар нысандарда ыстық су беру уақытша тоқтатылады.Сынақ нәтижесіне сәйкес, ақау анықталмаған учаскелерде ыстық су беру кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіріледі.

«Аялдамаға жету мұң»: Семейде Қарағайлы тұрғындары шағымы

Arna Press, 05 мая 2026 в 13:48

Қарағайлы ықшам ауданындағы «Северный» аялдамасына жету тұрғындар үшін үлкен мәселеге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz Редакциямызға Қарағайлы тұрғындарынан жол жағдайына қатысты шағымдар жиі түсіп жатыр. Жаңа тұрғын үй кешенінде инфрақұрылымдық кемшіліктер аз емес.Атап айтқанда, «Северный» аялдамасына баратын жолдың шаңы мен тозаңы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.«Қала әкімі бұл жолды жөндейміз деп уәде берген еді.

Семейде грек-римнен халықаралық турнир басталды

Arna Press, 05 мая 2026 в 10:18

Семейде грек-римнен халықаралық турнир басталды
Семей қаласындағы «Арена» стадионында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарыс қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне ұйымдастырылған.«Турнирге 15 жасқа дейінгі (U15) жас балуандар қатысуда.

Семейде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шаралар өтеді

Arna Press, 04 мая 2026 в 18:48

Семейде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шаралар өтеді
Семей қаласында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасап, Arnapress.kz хабарлайды.Аталған мереке — ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлік пен батырлықты ұлықтайтын маңызды күн.Мерекелік бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірнеше іс-шара жоспарланған:5 мамыр күні сағат 10:00-де Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Семейде автобустан өрт шықты

Arna Press, 30 апреля 2026 в 17:28

Семейде автобустан өрт шықты
Arnapress.kz тілшісі оқиға орнынан өтіп бара жатып, Семей қаласындағы Сеченов көшесінде орын алған өрттің куәсі болды. Осы орайда төтенше жағдайдар департаментінен пікір сұрағанымызда осындай жауап алдық.«Белгілі болғандай, бүгін Абай облысы ТЖД «101» пультіне аталған мекенжайда автобус жанғаны туралы хабарлама түскен.

Семейде Бірлік күніне арналған ауқымды фестиваль өтеді

Arna Press, 29 апреля 2026 в 11:58

Семейде Бірлік күніне арналған ауқымды фестиваль өтеді
Семей қаласында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Семей көктемі» мәдени маусымы аясында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты достық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Мерекелік шара Қарағайлы ықшам ауданындағы «Республика» алаңында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні алаң достық пен ынтымақтың, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысқан орталығына айналмақ.Фестиваль бағдарламасы аясында қонақтар үшін этноалаңдар, ұлттық тағамдар көрмесі, салт-дәстүр таныстырылымдары, балалар шығармашылығы көрмесі, қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылады.

Семейде көпір үстінде жол апаты болды

Arna Press, 29 апреля 2026 в 11:08

Семейде көпір үстінде жол апаты болды
2026 жылғы 29 сәуір күні Семей қаласындағы автокөлік көпірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 23 жастағы жүргізуші басқарған «Chevrolet» маркалы автокөліктің қозғалыс кезінде алдыңғы дөңгелегі жарылып кеткен.

Семейде заңсыз балық тасымалдау фактісі анықталды

Arna Press, 28 апреля 2026 в 17:58

Семейде заңсыз балық тасымалдау фактісі анықталды
Семей қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 сәуір күні сағат 21:30 шамасында қала орталығында қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Тексеру барысында ВАЗ-21099 маркалы автокөлік тоқтатылып, көлікте заңсыз ауланған 18 келі балық тасымалданғаны анықталды.Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға, ау құралдарын қолдануға және өзге де заңсыз әрекеттерге қатаң тыйым салынады. Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды қорғауды басты міндет ретінде айқындап, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарға табиғатқа ұқыпты қарау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ескертеді.

Семейде сирек ота: алып ісік науқастан алынды

Arna Press, 28 апреля 2026 в 17:58

Семейде сирек ота: алып ісік науқастан алынды
Абай облысындағы Ядролық медицина және онкология орталығында сирек кездесетін, күрделі әрі сәтті өткен операция жасалды, деп хабарлайды Arnapress.kz орталыққа сілтеме жасап. Алғашында еш белгі бермеген дерттің салдары күтпеген жағдайға әкелген. Дәрігерлер 47 жастағы пациенттен диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6 келіден асатын ірі ісікті алып тастады.

Семейде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Arna Press, 28 апреля 2026 в 11:38

Семейде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда
Семей қаласында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл шаралар жол қауіпсіздігін арттыруға және көлік қозғалысын реттеуді жақсартуға бағытталған. Алдымен негізгі көшелер, жаяу жүргіншілер өткелдері, сондай-ақ мектептер мен әлеуметтік нысандар маңындағы учаскелер қамтылуда.Мамандардың айтуынша, жұмыстар ауа райына байланысты жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.

Семейде антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде

Arna Press, 24 апреля 2026 в 14:08

Семейде антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде
24 сәуірде Семей қаласында №20 мекеме ауданында «Көктем-Антитеррор 2026» атты арнайы оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жжасап. Іс-шара облыстық терроризмге қарсы жедел штабтың бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп өтуде. Негізгі мақсат — түрлі қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығын арттыру.Оқу-жаттығу барысында шынайы жағдайларға барынша жақын сценарийлер пысықталуда.Айта кетейік, шара кезінде қалада уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Показано 30 новостей из 249