Популярные темы

Семейде мотокөліктің келісірен жол апаты болды

Дата: вчера в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде мотокөліктің келісірен жол апаты болды

Семейде мопед пен басқа да мотокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жыл басынан бері осындай 5 жол апаты тіркелген. Соңғы оқиғалардың бірінде 17 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, негізгі мәселе — кәмелетке толмағандардың жүргізуші куәлігінсіз және заң талаптарын сақтамай көлік басқаруы.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз мопед тізгіндеген жасөспірім анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңды өкілі баланы тәрбиелеу және оның әрекетін бақылау міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция ата-аналарды балаларының қандай көлікпен жүретінін, оны басқаруға құқығы бар-жоғын бақылауға шақырады. Мамандардың айтуынша, бір ғана жауапсыз шешім ауыр зардапқа әкелуі мүмкін.

Фото: ПД

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями