Arna Press,
24 апреля 2025
в 17:08
Биыл елімізде Ішкі істер министрлігі тарапынан «Профилактика жылы: Полиция заң мен тәртіпті күзетуде» деп жарияланды. Осыған орай Абай облысында «Жасөспірім» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Рейдтің басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Іс-шараның алғашқы 13 күнінде облыс аумағында 425 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша 35 ата-ана мен заңды өкілге әкімшілік іс қозғалған.Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына кіргізген 8 мекеме Кодекстің 132-бабы аясында жауапкершілікке тартылды, — деді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ернар Базаров.Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұдан бөлек, алкоголь өнімін кәмелетке толмағандарға сату бойынша 5 дерек, жасөспірімдердің спирттік ішімдік ішуінің 11 дерегі тіркелген. — Екі апта бұрын басталған рейдтік шараның аясында, қоғамдық орындарды ластауға қатысты да 11 құқық бұзушылық анықталған.
Arna Press,
17 апреля 2025
в 14:58
Абай облысында есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған жаңа кеңес құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Полиция департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы отырыс осы саладағы жаңа бағыттарды айқындап, қоғамдық күштерді жұмылдыруды мақсат етті.Кеңестің құрамы қоғамда ықпалы бар түрлі саланың өкілдерінен жасақталған.
Arna Press,
16 апреля 2025
в 15:18
Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мектептерде теракт ұйымдастырылып жатқаны жөнінде бейресми хабарламалар тарап кетті. Бұл ақпарат жалған және жұртшылық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құқық қорғау органдары бұл жағдайға шұғыл түрде назар аударып, таратылған мәліметтердің жалған екенін растады.
Arna Press,
15 апреля 2025
в 14:08
Облыста «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 150-ден астам жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілдерінің қадағалауынсыз жүрген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының аумағында жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында өткізілуде.Бұл шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау.
Vera.kz,
10 апреля 2025
в 16:49
Футбол клубы 2024 жылғы маусымға команда мен ойыншылардың жалақысын төлемеген, деп хабарлайды vera.kz«Тұран» футбол клубы 2024 жылғы маусымға ойыншылар мен бапкерлік штабына ондаған миллион теңге көлемінде еңбекақы қарыздарын төлеуі тиіс. Бұл қарыздар туралы бірқатар ақпарат көздері хабарлайды, соның ішінде Legalbet.kz және Prosports.kz.Бір қызығы, клуб салықтар мен зейнетақы аударымдарын уақытылы төлеп отырған, бірақ футболшылар мен бапкерлер өз ақыларын сол күйі алмаған.
Arna Press,
07 марта 2025
в 14:08
Курчатов қаласында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің жаңартылған ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Нысанды жаңғырту жұмысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын.Бұрын Шығармашылық үйі көп қабатты тұрғын үйде орналасып, тек 305 баланы қабылдай алатын.
Arna Press,
07 марта 2025
в 02:28
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Әр басталған нәрсенің өз соңы бар. Мен өз спорт түріме әуеде қалықтаудың ләззатын сыйлағаны үшін шексіз ризамын.
Arna Press,
25 февраля 2025
в 11:28
Абай облысында кәмелетке толмаған балалар арасында орын алған соңғы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Кеше әлеуметтік желіде, Семейдегі 343 квартал ауданында, кәмелетке толмаған бір топ бала ерекше қатыгездікпен басқа ұл баланы соққаға жықты. Араларында қыздар мен ұлдар болды.
Arna Press,
24 января 2025
в 14:21
Өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайған, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының жалпы орта мектеп директорлары және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семей қаласы ПБ ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Елдос Оразалин қала бойынша жасөспірімдер ортасындағы қылмыстың жай-күйі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.Ішкі істер органдары бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізуде, жұмыстың белгілі нәтижелері бар.2024 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қабылданған шаралардың арқасында Семей қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмысы азайған.Оқу орындарымен ынтымақтастық кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік берді.Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
05 января 2025
в 13:48
Әскери борышын өтеу – әрбір азаматтың қасиетті міндеті әрі ел тыныштығы мен болашағын қорғаудағы маңызды қадам. Әскер қатарына қосылу – бұл тек қызмет емес, патриоттық сезімді көрсетіп, ұлт алдындағы жауапкершілікті сезінудің жарқын үлгісі. Осы бағытта еліміздегі жинақтау пункттері маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Күзгі әскерге шақыру: Абай облысындағы жинақтау пункті.
EKaraganda.kz,
10 декабря 2024
в 12:25
В пятницу, 6 декабря, в Темиртауском дворце культуры на одной сцене выступили спортсмены, музыканты, танцоры и актёры – так молодёжи города представили разнообразные секции, в которых они могут проводить своё свободное время. Презентация спортивных и творческих кружков стала завершением масштабного марафона мероприятий по борьбе с наркоманией, запущенного прокуратурой города Темиртау, при поддержке акимата, Управления полиции и партии «AMANAT». «Все мы являемся свидетелями того, что наша молодёжь ошибается, вовлекаясь в преступную деятельность по распространению наркотических средств.
Arna Press,
05 декабря 2024
в 20:18
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және болдырмау мақсатында 2024 жылғы 5-7 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шараның негізгі мақсаты — оқушылар арасында жасөспірімдер қылмысының және құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу.
Arna Press,
13 ноября 2024
в 19:38
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.
Arna Press,
11 октября 2024
в 18:58
Ақтөбе облысы прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін, әуесқой спорт командаларынан алынған бюджетке түсуі керек қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапСоңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.«Спорт мектептерінің басшылары 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсаған.
Arna Press,
19 июля 2024
в 16:38
Журналистер Денис Теннің өліміне кінәлілер жазасын қай жерде өтеп жатқанын және неге жаза жеңілдегенін анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасына алты жыл өтті. 2018 жылғы 19 шілдеде спортшының көлігінің айналарын ұрламақ болған қарақшылардың бірі Нұралы Қиясов спортшыны аяғынан пышақ сұқты, салдарынан Денис Тен қаза тапты. Қылмыскерлер қанша уақытқа сотталды?
Arna Press,
11 июня 2024
в 11:28
Абай облысының 2024-2026 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаз айларында 10 450 баланы қамтитын 120 мектеп жанындағы лагерь мен қосымша білім беру ұйымдарында, мәдениет үйлерінде және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 299 бейіндік алаң жұмыс істейді.
Arna Press,
20 мая 2024
в 17:08
Абай облысында Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті. Дәстүрлі сайыс Шүлбі кентіндегі «Ұлан» патриоттық орталығының базасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aranpress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сынға түскен іріктеу турына 10 әскери-патриоттық клуб қатысты.
Arna Press,
20 марта 2024
в 11:48
Қазақстандық Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек Америка Құрама Штаттарында қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Еркін күрестен 2014 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында дүниеден озды. Біз отбасымызбен және достарымызбен қайғырып көңіл айтамыз», — делінген хабарламада.Жас спортшының АҚШ-та қайтыс болғаны белгілі болды.
Arna Press,
27 ноября 2023
в 12:48
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері әртүрлі бейіндегі оқу орындарында есірткінің заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы үнемі айтады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Студенттер арасында жүргізілген сауалнамалар олардың есірткі үшін берілетін жазадан хабарсыз екенін көрсетті.
EKaraganda.kz,
16 ноября 2023
в 16:15
В мероприятии приняли участие командование и военнослужащие Регионального командования «Астана», Департамента по делам обороны Карагандинской области, ветераны ВС РК и боевых действий на территории других государств, представители Акимата Карагандинской области, а также учителя и родители юных патриотов. — Сегодня я дал клятву и получил удостоверение.
Arna Press,
16 ноября 2023
в 10:38
Елімізде соңғы жылдары оқушы қыздардың босануы жиілеген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ranking.kz-тің мәліметінше, пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсармаған.«Бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады.
Arna Press,
11 октября 2023
в 10:38
Полиция қызметкерлері қарт әжені мазақтап, мазасын алған үш жасөспірім бұзақыны анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады.
EKaraganda.kz,
05 сентября 2023
в 17:45
В текущем году в трудовом отряде «Жасыл ел» трудоустроено 468 молодых людей в возрасте 14-35 лет из Темиртау, что на 64% больше, чем в прошлом году (300 человек в 2022 году). Из них 150 бойцов были задействованы в первом сезоне, 206 бойцов во втором сезоне и 112 бойцов в третьем сезоне. В процессе набора большое внимание уделялось подросткам из социально уязвимых слоев населения, около 40% участников — подростки, нуждающиеся в особой поддержке со стороны государства, в частности, многодетные семьи — 41, неполные семьи — 28, малообеспеченные семьи — 2, категория «кандасы» — 92, дети-сироты — 19, люди с ограниченными возможностями — 1 и категория NEET -5 (всего 188 детей).Продолжительность рабочего времени для лиц до 16 лет составляла 4 часа, включая обеденный перерыв, а рабочее время бойцов 16-35 лет — не менее 6 часов.За счет увеличения месячного расчетного показателя зарплата бойцов от 14 до 16 лет составила 70 тысяч тенге, от 16 до 35 лет — 105 тысяч тенге.В рамках проекта убрано 289 территорий города Темиртау и поселка Актау, что охватывает около 256 га земли.Работы по уборке проводились в парках и скверах города, на прилегающих территориях социально значимых объектов, на территориях многоэтажных жилых домов.По итогам сезона молодые люди были награждены благодарственными письмами, а лучшие бойцы – памятными подарками.В рамках проекта для бойцов «Жасыл ел» было организовано 48 мероприятий.
Arna Press,
28 июля 2023
в 15:08
Министр Асхат Оралов «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Азамат Сатыбалды ұзақ уақыт М.Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті. Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды.
Arna Press,
20 июля 2023
в 16:08
Абай облысының полицейлері ағымдағы жылдың 17-19 шілдесі аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Аталған іс-шара жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілуде» – деп хабарлады полиция департаментінде.Жедел-алдын алу іс-шарасының өткізілуі барысында ювеналды полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар жасаған 250-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.«Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 23 заңды өкілі жауапқа тартылды.
Arna Press,
08 июня 2023
в 15:08
6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жасар жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бұл жағдайға қатысты Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.Тексеру барысында жасөспірімдер арасында болған ауызша жанжалдың арты төбелеске айналғаны анықталды.
Arna Press,
07 июня 2023
в 16:28
Тбилисиде (Грузия) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында ITF Juniors J60 сериясының халықаралық турнирі өтіп, онда қазақстандық Әмір Омарханов екі номинация бойынша жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Қарағанды теннис мектебінің 15 жасар оқушысы Әмір Омарханов жеке және жұптық сында турнир жеңімпазы атанды.
Arna Press,
07 июня 2023
в 12:38
«Ұлы дода» деп аталатын ішкі біріншілік аясында бірнеше лига жасақталмақ, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәселен, жоғары лигада ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. Олар әр турда өзінің және қарсыласының алаңында ойнайды.Сәйкесінше, көрермендер 30-ға жуық матч тамашалай алады.