Arna Press,
17 октября 2024
в 12:38
Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде қоғам мен полиция арасындағы берік байланысты бейнелейтін мурал жасалды деп, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Суретші балаларға құрмет көрсетіп тұрған атты полицейді бейнелеген. Бұл жұмыс қазнетте танымал болып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен роликке балама ретінде жасалған.Бұл бейне азаматтарды күн-түн демей қорғап жүрген полиция қызметкерлері өздерінің басты миссиясы — қоғамымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүргенін бейнелейтін маңызды нышан.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Arna Press,
16 октября 2024
в 18:49
Астанада Айтматов көшесінде қозғалыс толықтай қамтамасыз етілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Сығанақ көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін созылған жолдың жаңа бөлігі сегіз жолақты магистраль болып есептеледі», — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Былтыр қозғалыс тек төрт жолақпен қамтамасыз етілген: екеуі бір бағытта, екеуі қарсы бағытта.
Arna Press,
16 октября 2024
в 18:49
Елдің солтүстік облыстарына ғана суық антициклон ықпалын тигізедіСиноптиктер Қазақстанда 17, 18 және 19 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапАуа райы болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ықпалынан жауын-шашын күтіледі: 17 қазанда оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қар түрінде жауын-шашын; Батыс аймақтарда жаңбыр күтіледі, 18 қазанда қатты жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды.«Елдің солтүстік облыстарына ғана суық антициклон ықпалын тигізеді, бұл жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және ауа температурасының жоғарылауына әкеледі, республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, таулы аймақтарда көктайғақ болады», — делінген хабарламада.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
16 октября 2024
в 17:39
Ауданға қарасты Қарақол, Таскескен, Елтай ауылдарында жастарды спортпен шұғылдануға, бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған спорт залдары ресми түрде ашылды деп, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЗалдар «Батыр боламын» қоғамдық қорының бастамасымен ашылды.
Arna Press,
16 октября 2024
в 15:18
Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады,-деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бейбіт бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді.Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді.Бұл жолы Бейбіт соның есесін қайырды — 6:4, 6:1.Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.Сурет: ktf.kz
Arna Press,
16 октября 2024
в 15:18
Үржар ауданы, Қарақол ауылының 3-сынып оқушысы Айша Дәлелхан бақбақ гүлінен түрлі өнімдер жасауда. Ол жетекшісімен бірге халық медицинасында қолданылатын бақбақтың емдік қасиеттерін терең зерттеп, оны тағам ретінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жоба барысында Айша бақбақтың ерекшеліктері мен пайдасын ашып, жапырақтарынан пайдалы салат жасап, гүлдерінен табиғи бал және тәтті тосап әзірлеуді үйренді.
Arna Press,
16 октября 2024
в 15:18
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) жеке және заңды тұлғаларға SIM-карта сатуды шектеуді ұсынды, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгін мәжіліс отырысы барысында депутаттар елдегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кету тақырыбын көтерді.
Arna Press,
16 октября 2024
в 10:48
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстандағы TikTok платформасы елдің талаптарына сай болса бұғатталмайтынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапОның қандай талаптар екенін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әбдіқалықов түсіндіріп берді.
Arna Press,
15 октября 2024
в 20:28
2024 жылғы 15 қазанда Талғар әкімі мен оның орынбасары өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен айырылды. Енді тағы бір шенеуніктің: Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев отставкаға кеткені белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы аудан әкімдігінің сайты хабарлады.«Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы және оның орынбасары Бидаев Айбек Дүйсембекұлы «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
15 октября 2024
в 19:18
Бүгін Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда барысында доллардың тағы да қымбаттауы байқалды. Доллар 3 теңгеге жуық қымбаттады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,90 теңгеге көтеріліп, 487,42 теңге болды.
Arna Press,
15 октября 2024
в 17:48
Кеген Тұрсынбаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген Үкіметінің баспасөз қызметі хабарламасында.1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Arna Press,
15 октября 2024
в 17:48
Бүгін 15 қазан Бозтаев көшесінде Renо ауыр жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды деп, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, бұл көліктің жол бөлігінде аударылуына әкеліп соқты.
Arna Press,
15 октября 2024
в 16:38
Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапБұл туралы 2024 жылғы 15 қазанда Талғар ауданы әкімдігінің хабарламасында белгілі болды.«Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бахыт Куатбекович, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», — деп жазылған ресми ақпаратта.Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда.Күрішбеков Талғарды 2022 жылдың жазынан бері басқарып келеді.
Arna Press,
15 октября 2024
в 14:18
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2024 жылғы 15 қазанда Үкімет отырысында үшінші ай қатарынан Қазақстанда экономиканың өсуінің жеделдегенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапСпикер ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 4% -ды құрағанын айтты.«Қабылданған шаралардың арқасында үшінші ай қатарынан өсу көлемінің жеделдеуі байқалады.
Arna Press,
15 октября 2024
в 12:18
Синоптиктер 15 қазанда еліміздің кей өңірінде нөсер жаңбыр, қар жауатынын, тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман.
Arna Press,
14 октября 2024
в 20:48
Арнайы рұқсат беру құжатынсыз такси болып жұмыс істеген Ақсу қаласы тұрғының ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Такси» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақсу қаласының Камзин көшесінде полицейлер 45 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген Toyota Camry маркалы автокөлік тоқтатылды.«Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, материал сотқа жіберілді», — дейді Ақсу қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.Мұндай жағдайда қылмыстық жаза қарастырылмаған, жеке тұлғаға 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
14 октября 2024
в 19:28
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мен іссапарда жүрдім. Дегенмен департамент директоры іссапарға жіберілді, ол басынан аяғына дейін жүрді, жерлеу рәсіміне де қатысты.
Arna Press,
14 октября 2024
в 19:28
Азаматтық авиация комитеті біздің елден ең көп рейс жасалатын 10 бағытты атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап«Қазіргі уақытта Қазақстаннан аптасына 778 рейс жиілігімен 132 бағыт бойынша 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады (қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар орындайды –авт.еск.).
Arna Press,
14 октября 2024
в 19:28
Синоптиктер Қазақстанда 15, 16 және 17 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Метеорологтардың айтуынша, суық антициклон елдің солтүстік аймақтарына әсер етуді жалғастырады. Жауын-шашын тоқтағанымен, термометр бағандары алдағы түндерде минус мән көрсетеді.
Arna Press,
14 октября 2024
в 16:38
Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті.Активтерді табысты өткізудің бір мысалы болып Алматы қаласындағы жер учаскесі табылады, ол «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінен 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан төрт есе артық сатылған.Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтілуде.Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
14 октября 2024
в 14:38
2018 жылдан бері KAZ Minerals Aktogay ЖШС арнайы оқу орындарында сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін 70 миллион теңгеден астам қаржы жұмсап, Абай облысындағы үш колледж үшін 214 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдық сатып алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Компания өзі жұмыс істейтін аймақтағы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға басымдық береді.
Arna Press,
14 октября 2024
в 13:58
Елімізде «Сheese open 2024» халықаралық ірімшік байқауы өтті. Оған Абай облысынан ірімшік жасау шебері Екатерина Паязитова қатысып, өнімі «Қазақстанның үздік ірімшігі» атағына ие болды деп, — хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Байқау 2 кезең бойынша өтті.
Arna Press,
14 октября 2024
в 12:18
Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тасжолының бір бөлігі жабылды, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 14 қазанда сағат 08:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы(Екатеринбургке) -Алматы» автожолының 1610-1855 шақырымы аралығындағы Ақсу-Аюлы — Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», — делінген хабарламада.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
11 октября 2024
в 20:58
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мессенджерлерде жіберіліп жатқан ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасындағы ақаулар туралы хабарлама жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды.«Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз.
Arna Press,
11 октября 2024
в 19:58
Астанадан Көкшетауға дейінгі жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.«Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астанадан Көкшетауға дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», — делінген хабарламада.Ведомство бұл учаске 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де жабылғанын мәлімдеді.Сурет: gov.kz
Arna Press,
11 октября 2024
в 18:58
Ақтөбе облысы прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін, әуесқой спорт командаларынан алынған бюджетке түсуі керек қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапСоңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.«Спорт мектептерінің басшылары 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсаған.
Arna Press,
11 октября 2024
в 18:58
Алматыда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапАлматыда барлық тұтынушыға тарифтер 15 қазаннан бастап өзгереді.«Орташа тариф 29,04 теңге болады, яғни 3,7 пайызға өсіп отыр.
Arna Press,
11 октября 2024
в 17:48
Қазақстанда доллардың 11 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,37 теңгеге төмендеп, 487,37 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 11 қазандағы ресми бағамы — 490,84 теңге».kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 484,93 теңгеге, ал сату 488,24 теңгеге тең.
Arna Press,
11 октября 2024
в 17:48
Түркістан облысының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне 10 млн теңге қарызы бар Toyota Corolla автокөлігі бойынша дабыл түсті деп, — хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапПолиция «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы анықтаған көлікті Сайрам – Ақсукент тас жолы бойында тоқтатады.Белгілі болғандай, көлікті сақтандыру полисі бойынша әйел басқарған.
Arna Press,
11 октября 2024
в 16:08
Полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы климаттың өзгеруіне байланысты ауа райын мұқият бақылап отыруды және жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескертеді,-деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Полиция қызметкерлері қысқы дөңгелектерге ауысуды уақытылы жоспарлаған жөн деп кеңес береді.