Популярные темы

Абай облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Дата: сегодня в 16:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында

23–25 қаңтар аралығында облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және авариялық жағдайлар деңгейін төмендету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның өткізілуі адам шығынына әкеп соққан ауыр жол-көлік оқиғаларының жиі тіркелуіне байланысты.

Сонымен қатар, жол полициясы күн сайын жол жамылғысының жағдайын бақылауда ұстайды. Ерекше назар жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерге аударылады.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға, мұқият болуға және жолда өзара сыйластық танытуға шақырады. Әрбір адамның қауіпсіздігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығының тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями