Arna Press,
08 августа 2024
в 18:28
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 8 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасапСауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,23 теңгеге көтеріліп, 477,14 теңгені құрады.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,55 теңгеге (+0,47) дейін көтерілді.Ақша айырбастау орындарында доллар 475,7-477,7 теңгеге, еуро 520,5-524,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.Сонымен бірге, 8 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,29%-ға арзандап, барреліне 78,10 долларды құрады.NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,19%-ға төмендеп, барреліне 75,09 долларды құрады.Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,62 теңге, еуроны 519,23 теңге, рубльді 5,52 теңге деп белгілеген болатын.
Arna Press,
08 августа 2024
в 10:18
Қазақстандық кинотеатрларда кәмелетке толмағандардың киносеанстарға кіруін бақылау күшейтілді. Қазақстандықтар кинотеатрларға балаларды олардың ересек аға-әпкелерімен бірге кіргізбейтіндігіне шағымданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы кинотеатрларының бірінде бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 132-бабына сәйкес жүзеге асырылатынын айтты.
Arna Press,
07 августа 2024
в 23:18
Өскемен тұрғыны селфи жасамақшы болып, Үлбі өзеніндегі көпірден құлап кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. ,Оқиға туралы полиция мен құтқарушыларға дүйсенбіде сағат 22:30 шамасында хабарланған.«Алайда арнайы қызмет келгенге дейін қала тұрғыны жағалауға өз бетімен шыққан», — делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.Қыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлерге тапсырылған.
Arna Press,
07 августа 2024
в 21:48
Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына бес күн қалды. Қазіргі көрсеткіштерге сәйкес, бірінші орын үшін АҚШ пен Қытай арасында қызу тартыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.Әзірге АҚШ спортшылары көш бастап тұр, олардың қоржынында 86 медаль бар: 24 алтын, 31 күміс және 31 қола.ХОК ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, американдықтардың басты бәсекелестері-Қытай спортшылары-жалпы есептің екінші орынында.
Arna Press,
07 августа 2024
в 20:48
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап өтілгендей, экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігі негізгі капиталға және еңбек өнімділігіне инвестициялардың еселенген ұлғаюы болады, бұл жоғарғы және орта қайта бөлу тауарлары шығарылымының ұлғаюымен қатар жүреді.«Ресурстарды орнықты пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен, сондай – ақ Сот төрелігі мен құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жақсартумен ұштастыра отырып, мемлекеттің бастамалары әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталатын болады», — делінген құжатта.Жоспарды іске асырудың негізгі қағидаттарыҚұрылымдық жаңару және экономиканың тұрақты өсуі — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарын орындауға байланысты болатын іргелі міндет.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды.
Arna Press,
07 августа 2024
в 10:28
ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылғы 6 тамызда өткен Үкімет отырысында колледж студенттері үшін жақсы жаңалықпен бөлісті. Олардың стипендиясы көтерілді, деп хабарлайдыArnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.Спикердің айтуынша, типтік (техникалық және кәсіптік білім беру) жүйеде мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Arna Press,
06 августа 2024
в 23:28
Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов 6 тамызда Жазғы Олимпиада ойындарында құзға өрмелеуде өнер көрсетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz.сайтына сілтеме жасап.Іріктеу сайысында Маймұратов 4,89 секунд нәтиже көрсетіп, Олимпия ойындарының рекордын жаңартты.Айта кетейік, Әмір осы бағдарламада Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының жалғыз спортшысы.Ол ең кейінгі әлем чемпионатында 27-ші, Азия ойындарында жетінші орынға ие болған еді.Сондай-ақ, бүгін, 6 тамызда сынға түскен қазақстандық балуан Жадыраев Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды.
Arna Press,
06 августа 2024
в 22:38
Қазанда коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу ережесі күшіне енеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 1 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары күшіне енеді.Жаңа қағидаларға сәйкес, коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған сәттен бастап 30 күн ішінде борышкерге оның міндеттемені орындау талаптарын өзгертуге өтініш беру құқығы туралы хабарлауға міндетті болады.«Азаматтардың биылғы 1 қазанға дейін сатып алынған берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер берешекті реттеу рәсімін өткізу туралы міндет енгізілген сәттен бастап 20 күн ішінде (биыл 1 қазан) өз борышкерлерін міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы тиісті өтініш беру құқығы туралы хабардар етуге міндетті болады», — делінген хабарламада.Борышкер хабарламаны алғаннан кейін кез келген уақытта міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ берешекті реттеудің өз нұсқаларын көрсете отырып, коллекторлық агенттікке тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Өтінішке міндетті түрде кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелерін орындай алмайтындығын куәландыратын растайтын құжаттар қоса берілуі керек.Егер борышкер мәліметтер мен құжаттарды толық көлемде өткізбесе, онда коллекторлық агенттік 10 жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді сұратады, бұл ретте борышкердің оларды ұсыну мерзімін 5 жұмыс күні деп көрсетеді. Құжаттарды тиісті мерзімде ұсынбау – борышкердің өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз.Толық құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін коллекторлық агенттік өтінішті күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және мыналар туралы:қарыз алушы ұсынған міндеттемелерді орындаудың талаптарына өзгерістермен келісетіні;міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсынысы;бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тартатыны туралы жауапты ұсынады.«Шешім қабылдау кезінде коллекторлық агенттік борышкерлер санаты (мысалы, ресми жұмыссыз, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері), қажетті құжаттар тізбесі және борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар айқындалатын ішкі құжаттарды басшылыққа алады.
Arna Press,
06 августа 2024
в 21:38
Жаңа бағдарлама бойынша ипотека алу үшін құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Тамызда Семей әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде жас мамандар мен түрлі салада жұмыс істейтін жас отбасылар қатыса алады», — деп хабарлады Семей әкімдігі.Қала билігі алдағы бірнеше күнде қатысу шарттарын жариялайды. Құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады.Былтыр мұндай бағдарлама Семейде өткен.
Arna Press,
06 августа 2024
в 21:38
Алматы мен Атырауда адамды бет-әлпетінен тану үшін бейнебақылау камераларына жасанды интеллект қосылды, — деп хабарлайдыArnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапБерік Асыловтың айтуынша, Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейткен. Прокурорлар биыл халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдаған.Ал қазір бұл жұмысқа жасанды интеллект тартылды, бірақ әзірге екі қалада ғана.«Біз биыл тамызда Алматы мен Атырау қалаларында қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және із-түссіз жоғалғандарды бірден танитын ЖИ элементтерімен IT-қосымшасын бейнебақылау камераларына қостық.
Arna Press,
05 августа 2024
в 15:28
Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жарыс бәйгенің 4 түрі бойынша өтті: Құнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйге, жалпы жүлде қоры — 24 900 000 теңге.«Бұл бәсеке — бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі, ал бір жағынан осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу есебінде өтіп жатыр.
Arna Press,
05 августа 2024
в 14:38
Қазгидромет 5 тамыз, дүйсенбіде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, бұршақ жауады, республиканың солтүстік-шығысында және шығысында нөсер болады.
Arna Press,
05 августа 2024
в 12:58
ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылдың шілдесінде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
EKaraganda.kz,
05 августа 2024
в 12:15
Осматривает локомотив: В моей семье буквально все причастны к железной дороге. Супруга у меня работает на станции, сын начальником станции сноха тоже железнодорожник, доча тоже на станции работает, зять машинистом локомотива братья у меня практически все железнодорожники, машинисты и их жены то же самое.ТАЛГАТ АБЕНОВ, заместитель начальника карагандинского эксплуатационного локомотивного депо: — Помню, бабушка, мама моего отца, говорила, что даже в те трудные годы во время Великой отечественной войны они выжили благодаря железной дороге именно железная дорога их прокормила, вырастила.Это медали отцовские.
Arna Press,
02 августа 2024
в 17:58
2 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Спикер файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесін қарау жоспарланып отырғанын хабарлады.«Енді білесіздер, биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып жатыр, яғни бұл бұлтқа негізделген цифрлық қолтаңба.
Arna Press,
01 августа 2024
в 20:58
Елорда тұрғыны жоқ жеміс-жидектерді сатумен айналысқан, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Елорда тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында 20 жастағы алаяқты анықтады. Белгілі болғандай жас жігіт ғаламтордан жаңа піскен жидектердің фотосуреттерін жүктеп алып, содан кейін OLX сайтында оларды сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған.Алаяқтың қармағына ілінген клиенттерге ол «дайын тапсырыстардың» фотосуреттерін жіберіп, курьер арқылы жеткізіп береміз деген сылтаумен ақшаны алдап алып, содан кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.Қазіргі уақытта полицейлер оның елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас 5 фактісіне қатысы барын анықтады.Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды абай болуды және ақпараттың дұрыстығына көз жеткізбей жатып бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауды ескертеді.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
01 августа 2024
в 20:58
Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі Қазақстан халқының санын жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам тұрған. Осылайша, соңғы жарты жылда қазақстандықтардың саны 126 мың адамға жуық артты.Еліміздегі халқы ең көп бес аймаққа Алматы (2 258 253 адам), Түркістан облысы (2 150 796 адам), Алматы облысы (1 545 564 адам), Астана (1 472 027 адам) және Шымкент (1 238 969 адам) кіреді.Сондай-ақ, Жамбыл (1 223 670 адам) мен Қарағандыда да(1 134 776 адам) миллионнан аса адам тұрады. Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 573 637 адам) қалаларда тұрады. Қалған 7 586 070 қандастарымыз ауыл тұрғындары.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
01 августа 2024
в 20:08
Биыл Абай облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 204 грант беру жоспарлануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Субсидияланатын (уақытша) жұмыс орындарында 5 789 адам жұмысқа орналастырылды, бұл есепті кезеңнің жоспарынан 107,8%-ға артық болса, жылдық жоспардың 98,6%-ын құрайды.
Arna Press,
01 августа 2024
в 20:08
Алматы мен Астанадағы пәтер жалдау нарығында белсенді алыпсатарлық пен бағаны көтеру кезеңі басталуға жақын, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жалдамалы пәтердің құны әдетегідей Алматыдан бастап қымбаттамақ. Бұл таңғаларлық жағдай емес, себебі республиканың ең ірі қаласында бүгінде 186,6 мың студент оқиды.
Arna Press,
01 августа 2024
в 17:58
Семейде құтқарушылар саябағының салтанатты ашылуы өтті. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сквер аумағында балалар, ойын және демалыс алаңдары бар. Жақын орналасқан көп қабатты үйдің қасбетінде тақырыпқа сай түрлі-түсті мурал салынған. Тақтатас төселіп, абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілді.Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауында жаңа сквердің қоғамның қауіпсіздігі үшін өмірлерін қатерге тігетін жандарға құрмет пен ризашылықтың белгісіне айналатынын атап өтті.
Arna Press,
01 августа 2024
в 17:08
Бүгін Семейде тоғызыншы қабаттың терезесінен бала құлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол екі жаста. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде. ТЖМ тағы да еске салады:Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
01 августа 2024
в 17:08
Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әртіске қатысты сот нақты қашан өтетіні белгісіз.«Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Еске салайық, Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылған болатын.Іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Arna Press,
01 августа 2024
в 14:38
Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау стандарттары мен талаптарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұсынылып отырған басылымда бейнебақылау жүйесі — бұл бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық-техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ өзара ақпарат алмасатын бағдарламалық немесе аппараттық басқару құралдарының жиынтығы.Қазіргі редакцияда бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі мен оның қауіпсіздігі туралы бейнелерді алуға арналған, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар, бірлесіп жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы.Құжат 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Қазақстанда білім туралы аттестаттың жаңа түрі берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Магнолия,
31 июля 2024
в 18:38
СОТ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАМАҚ ЕМЕС. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімін республикамыздың барлық соттарына орындау міндеттелген және бұл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қатаң бақылауында. Осындай бағыт-бағдарламалар негізінде іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы талаптың нақты орындалуы Тараз қаласы №2 сотында күн тәртібінен түспейтін басты мәселе, шешімін табуда кезек күттірмейтін өзекті тапсырма.
Магнолия,
31 июля 2024
в 18:38
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Arna Press,
30 июля 2024
в 20:58
Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
30 июля 2024
в 11:58
Синоптиктер 30 шілдеде Алматыда, Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман болады.
Arna Press,
29 июля 2024
в 16:58
Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жолаушылардың тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақтылы жинамауына жиі шағымдануына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілген.«Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанайжәне т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті.
Arna Press,
29 июля 2024
в 14:18
Абай облысында аялдамадағы жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Семей қаласындағы аялдамалардың бірінде 53 жастағы күдікті облыс тұрғынының сөмкесінен әмиян ұрлап кеткен. Әйелдің әмиянында 31 мың теңге болған. Қаскүнемді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері анықтады. Ұрланған сөмке иесіне қайтарылды.Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Arna Press,
29 июля 2024
в 11:38
Ақтауда никаб киіп, «қару» ұстаған қыздар жұртты шошытты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап сілтеме жасап.lada.kz жазуы бойынша Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшыларының назарына никаб киген екі қыздың ойыншық автоматтарымен көшеде жүрген Tik-Тok-тағы видеосы түсті.