Arna Press,
23 февраля 2026
в 16:08
Жамбыл облысы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Жоғары Сот кеңесіне сілтеме жасапОтырыс барысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушыны қызметінен босату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау жөніндегі ұсыныстары қаралды.Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысы қызметінен босатылды.1Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы1 Заңының талаптарына сәйкес Астана қалалық соты, Алматы қалалық соты және Жамбыл облыстық соты төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстар қаралды.
Arna Press,
21 февраля 2026
в 16:18
Бұған дейін редакциямыз жазған Қарағайлыдағы пәтер тұрғындарының мекенжайдағы «дроб» пен «блок» мәселесіне қатысты түйткілдеріне байланысты Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев халықпен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Қарағайлы шағынауданына арнайы барған қала басшысы тұрғындардың жай-күйімен танысып, көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерін тыңдады.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 19:18
Қысқы олимпиадалық спорт түрлеріндегі спортшыларға жүйелі мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы министрлік өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzҚаржыландыру ел ішінде және шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етуге, жарыс бағдарламаларын әзірлеуге, психологиялық дайындыққа және жаттығу үдерісін ұйымдастыруға бағытталады.Министрліктің мәлімдеуінше, мұның барлығы отандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарға еркін қатысуына және жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.«Мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өтуге болады.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 18:08
Семей қаласында маршруттық желіні оңтайландыру және тұрғындардың көптеген өтініштерін ескеру мақсатында 2026 жылғы 23 ақпаннан бастап №21 және №56 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.№21 маршрут бойынша соңғы аялдама «Ұшақтар» шағын ауданынан Қасқабұлақ көшесіне, яғни Семей-Заменка автожолының қиылысына ауыстырылады.Автобустар Борли көшесімен екі бағытта қатынап, одан әрі қолданыстағы қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады.Ал №56 маршрут «Авиаторлар қалашығы» бағыты бойынша №17 СВА аялдамасынан Усть-Каменогорская көшесі мен 16 линия көшесінің қиылысына дейін бұрынғыдай өзгеріссіз жүреді.
Tazabek,
20 февраля 2026
в 17:54
Tazabek — Одним из пунктов утвержденного плана работы Кабинета министров на 2026 год по реализации Национальной программы развития Кыргызской Республики до 2030 года является запуск собственного производства автономных маневровых тяговых агрегатов «Локоробот».Согласно документу, до 15 сентября планируется создать условия для организации собственной производственной базы.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 14:28
Абай облысы аумағында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның нақты дәлелі – Шар қаласына қарасты Көшек ауылы тұрғындарының «Алкогольсіз ауыл» республикалық жобасына бірауыздан қосылуы деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап2026 жылғы 16 ақпанда өткен жалпы ауылдық жиында Көшек ауылы ресми түрде «салауатты ауыл» мәртебесіне ие болды. Іс-шара Жарма ауданы аумағындағы мектеп ғимаратында ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, білім беру саласының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты.Көшек — 40 ауладан тұратын, 170 тұрғыны бар шағын әрі берекелі елді мекен.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 13:28
Түркістан облысында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі сілтеме жасапҚаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, тергеуді ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген. «Басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.
Arna Press,
19 февраля 2026
в 17:18
Редакцияға Семей қаласының бірқатар тұрғындарынан, әсіресе 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарынан мектепте тегін ұсынылатын ыстық тамақтың дәміне қатысты өтініштер мен шағымдар түскен еді. Олардың айтуынша, бастауыш сыныптағы кей балалар асхана тағамын «дәмсіз» деп бағалап, ішуден немесе жеуден бас тартатын жағдайлар кездеседі.Осыған байланысты Arnapress.kz тілшісі қалалық білім бөліміне ресми сұрау жолдаған болатын.
Arna Press,
19 февраля 2026
в 15:18
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzВедомствоның мәліметінше, аталған фактіге байланысты қажетті тергеу амалдары басталған.
EKaraganda.kz,
19 февраля 2026
в 11:55
На кадрах видео, опубликованного в сети, видно, что пострадала верхняя часть вагона. Искры летели буквально во все стороны.Как сообщили в пресс-службе ДЧС, сообщение о пожаре поступило в 21:50. Горела пластиковая потолочная обшивка вагона на площади 0,2 квадратных метра. Позже пламя потухло самостоятельно, помощь огнеборцев в тушении не потребовалась.В АО Qarmet, градообразующем предприятии города, сообщили, что сегодня трамвайное движение на линии уже с 5 утра, а горевший вагон находится на ремонте.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 17:28
Семейде әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетім балалар жаңа баспаналы болды. Қалалық шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты деп хабарлайды Аrnapres.kz Абай облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынған. Солардың бірі — Ұшақтар кентіндегі 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 16:08
Автобус жүргізетін әйелдер елімізде некен-саяқ, солардың бірі — Семей қаласының 5‑ші маршруттың жүргізушісі Айжан Көксейітова. Аrnapress.kz тілшісі оның еңбек жолымен танысып қайтты.«Мен Шар ауданы, Жайма ауылында дүниеге келдім. Сол ауылда 11 жыл оқып, 1991 жылы мектепті бітірдім. Кейін Шәкәрім университетінде ауылшаруашылық өнімдерін басқару мамандығын тәмамдадым, бірақ диплом сол қалпы қалды – еңбек жолым басқа салада басталды», — дейді Айжан.Кейін өзіне жеке микроавтобус сатып алып, оны жүргізуші жалдап, өзі кондуктор болған. «1996–1997 жылдары ол жолаушылар тасымалында кондуктор болып жұмыс істедім.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 12:48
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады деп хабарлайды Аrnapress.kz Тенгринюсқа сілтеме жасап.«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады комитет өкілдері.Жақсылық Омарға нақты қандай күдік тағылғаны әзірге нақтыланбады.
Arna Press,
17 февраля 2026
в 19:18
Абай облысына әкім болып Берік Уәли тағайындалғанына бір жыл толды. Осыған орай Arnapress.kz тілшісі өңір тұрғындары арасында «Аймақта өзгеріс байқалды ма?»деген сауалнама жүргізді. Онда түрлі пікірлер айтылды.Еске сала кетейік, Берік Уәли облысымызға 2025 жылы 17 ақпанда келген еді. Көпшілік қала келбетінің жақсарғанын атап өтті.«Жол жөнделіп жатыр, қала тазарды. Әкім өз жұмысын жақсы жасап жатыр.
Arna Press,
17 февраля 2026
в 18:28
2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР ТЖМ 1Сейсмологиялық зерттеу институты1 ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сілтеме жасапМамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісінің күші 2 балл болған.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 17:38
Жаңасемей ауданының полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданды деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Жәбірленушінің айтуынша, 2025 жылдың қараша айында бейтаныс әйел жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп сендіріп, оның сеніміне кірген.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 17:38
Елімізде жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Ведомствоның хабарлауынша, қалалық мобильдік пен логистика саласында бірқатар инновациялық жобалар жүзеге асырылмақ.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 14:58
Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында биылғы Рамазан айына қатысты мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzИмамның айтуынша, биылғы қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады. Ораза 29 күнге созылады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 13:08
Семей қаласының Қаржаубайұлы көшесінде, реттелетін қиылыстардың бірінде «Toyota Alphard» пен «Kia» автокөліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап55 жастағы Семей қаласының тұрғыны «Toyota Alphard» автокөлігін басқарған. Ол 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Kia» автокөлігін соқты.Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің алкогольдік мас күйде екені анықталды.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 11:58
Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылында ерекше қабілетімен көзге түскен бүлдіршін өсіп келеді. Небәрі 4 жастағы Әли Адамбек ойша күрделі есептер шығарып, екі және үш таңбалы сандарды қиналмай есептейді. Көбейту амалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін орындайтын балақайдың дарыны көпшілікті тәнті еткен.
Arna Press,
13 февраля 2026
в 19:38
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ерекше әлеуметтік бастама қолға алынбақ. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай өзінің Facebook парақшасында жариялаған игі шара туралы Arnapress.kz тілшісіне айтып берді.Оның сөзінше, өзі басқарып отырған компания наурыз айында дүниеге келген және ұлына Кенесары есімін берген алғашқы он отбасыға 400 мың теңге көлемінде жөргекпұл табыстауды жоспарлап отыр.«Алда наурыз айы, Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді.
Arna Press,
13 февраля 2026
в 13:18
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке күндерінде жолаушылар ағынының артуына орай 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындап, сұранысы жоғары бағыттардағы пойыздарға 230-дан астам тіркеме вагон қосады деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасапЖолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Бұл шаралар мереке күндерінде билет алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған делінген хабарламада.Қосымша пойыздардың қозғалысы:• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1«* Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз* Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурызБарлығы: 6 рейс• №204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент«* Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз* Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурызБарлығы: 8 рейс• №205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол«* Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз* Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурызБарлығы: 6 рейсБилеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу немесе Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасына жүгіне аласыз.Фото: жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
13 февраля 2026
в 12:18
Абай облысының Үржар ауданында, Абылайхан көшесінде полиция қызметкерлері BMW маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде 38 жастағы жергілікті тұрғын болған деп Arnapress.kz Полиция департамерті баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.Жүргізушімен тілдесу барысында тәртіп сақшылары одан алкогольдің өткір иісін байқаған.
Arna Press,
13 февраля 2026
в 12:18
Ауқымды жоба Абай өңірінің рухани келбетін айшықтап, мәдени-көпшілік шараларда шырқалатын заман талабына сай лирикалық әуендерді дүниеге әкелуді мақсат етеді деп хабарлайды Arnapress.kz мәдениет басқармасына сілтеме жасап.Байқау екі бағытта өтеді: «Киелі Абай елі» — өңірдің рухани болмысын ашатын патриоттық ән жазу; «Trend әуен» — мәдени-көпшілік шараларға арналған заманауи лирикалық ән жазу.Байқауға 18 жастан асқан кәсіби ақындар, композиторлар мен әншілер қатыса алады. Өтінімдер 2026 жылдың 30 наурызына дейін ocnt.oblastabay23@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.Қорытынды гала-концерт Семей қаласында өтеді.Жүлде қоры әр бағыт бойынша бір жеңімпазға — 5 000 000 теңге.
Arna Press,
12 февраля 2026
в 18:18
Ғашықтар күні қарсаңында интернет-алаяқтықтан сақ болуға үндеді деп хабарлайды Аrnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Мереке алдында көптеген тұрғындар сүйіктісіне ерекше сыйлық іздеп, онлайн саудаға жүгінеді. Дәл осы кезеңде жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы жарнамалар көбейіп, алаяқтар да белсенді әрекет етеді.Ведомствоның мәліметінше, интернет-қылмыскерлер жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтарды арзан тауарлармен қызықтырып, ақшасын иемденуге тырысады.Осыған байланысты ІІМ келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:• тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алу;• әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерді ашпау;• шектен тыс төмен баға ұсынылса, сақ болу — бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;• сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұрау;• бейнеқоңырау арқылы дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді талап ету (алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген сурет жібереді);• төлем жасау кезінде ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармау.Сонымен қатар ІІМ өкілдері бөгде адамдарға ешқашан құпиясөзді, SMS арқылы келетін кодты, CVV кодты және банк картасының толық мәліметін бермеуді ескертті.Фото: жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
12 февраля 2026
в 10:18
Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында жекелей есептегі Қазақстан чемпионатының жалауы көтерілді деп хабарлайды Arnapress.kz федерацияға сілтеме жасапЕл біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 140 спортшы қатысуда. Павлодар облысының намысын 10 спортшы қорғап жатыр. Жарыс 11–17 ақпан аралығында өтеді.
SportInfo,
11 февраля 2026
в 19:56
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы финалдық бәсекелер басталып, келесі кезеңге өткен 8 спортшының есімі анықталды. Елімізден сынға түскен үш спортшымыз да ТОП-20-ға кірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұпай қорытындысы:.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 18:18
Милан–Кортинада өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының қыздары финалдық кезеңге шықты деп хабарлайды Arnapress.kz Qazsport-қа сілтеме жасапЕкінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Юлия Галышева 5-орын, Анастасия Городко 7-орын иеленді. Ал Аяулым Әмренова 10-сатыға тұрақтады.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 17:08
Керекулік 9 тіл меңгерген, полиглот Айханым Окасова 17 жасында өз еңбегі арқылы бастапқы жарна жинап, Астана төрінен пәтер алғанын Arnapress.kz тілшісіне айтып берді. Айханым өз қуанышымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.«Мен қарапайым отбасында өстім. Бүгінгі жетістіктерімнің артында үлкен еңбек пен отбасымның, әсіресе анамның қолдауы тұр.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 14:38
Бұған дейін сайтымызда жазған, 12 ақпан күні Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындарының қатысуымен өтеді деп жоспарланған «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының Абай облысы филиалының төрағасы Дәулет Сметов: «Құрметті қонақтар мен ресми өкілдердің жұмыс кестесі өзгеруіне байланысты, сондай-ақ, Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы, термешілер Одағының ұйымдастырушы тарабы шешіміне сәйкес кейінге шегерілді.