Популярные темы

Семейде №21 және №56 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді

Дата: сегодня в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде №21 және №56 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді

Семей қаласында маршруттық желіні оңтайландыру және тұрғындардың көптеген өтініштерін ескеру мақсатында 2026 жылғы 23 ақпаннан бастап №21 және №56 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.

№21 маршрут бойынша соңғы аялдама «Ұшақтар» шағын ауданынан Қасқабұлақ көшесіне, яғни Семей-Заменка автожолының қиылысына ауыстырылады.

Автобустар Борли көшесімен екі бағытта қатынап, одан әрі қолданыстағы қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады.

Ал №56 маршрут «Авиаторлар қалашығы» бағыты бойынша №17 СВА аялдамасынан Усть-Каменогорская көшесі мен 16 линия көшесінің қиылысына дейін бұрынғыдай өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қозғалыс Восточный кенті бағыты бойынша жалғасады.

Енгізілген өзгерістер 23 ақпаннан бастап күшіне енеді. Жолаушыларға жаңа қозғалыс бағыттарын алдын ала ескеріп, сапарларын жоспарлау ұсынылады.

Фото: Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями