Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы финалдық бәсекелер басталып, келесі кезеңге өткен 8 спортшының есімі анықталды. Елімізден сынға түскен үш спортшымыз да ТОП-20-ға кірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұпай қорытындысы:
Юлия Галышева — 72.34 ұпай
Анастасия Городко — 72.15 ұпай
Аяулым Әмренова — 68.47 ұпай
Аруларымыз енді 14 ақпан күні Олимпиада бағдарламасына жаңадан қосылған параллельді могулда жүлдеге таласады.
Айта кетейік, 33 жастағы Юлия Галышева фристайл-могулдан 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері саналады.
По сообщению сайта SportInfo