Популярные темы

Абай облысы әкімінің келгеніне бір жыл: тұрғындар байқаған өзгеріс

Дата: вчера в 19:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысы әкімінің келгеніне бір жыл: тұрғындар байқаған өзгеріс

Абай облысына әкім болып Берік Уәли тағайындалғанына бір жыл толды. Осыған орай Arnapress.kz тілшісі өңір тұрғындары арасында «Аймақта өзгеріс байқалды ма?»деген сауалнама жүргізді. Онда түрлі пікірлер айтылды.
Еске сала кетейік, Берік Уәли облысымызға 2025 жылы 17 ақпанда келген еді. 

Көпшілік қала келбетінің жақсарғанын атап өтті.

«Жол жөнделіп жатыр, қала тазарды. Әкім өз жұмысын жақсы жасап жатыр. Жұмысы берекелі болсын. Көп нәрсе салынып жатыр. Семейіміз көркейіп келеді», — дейді тұрғындардың бірі.

«Қалада көп жаңа ғимараттар салынды, маған ұнайды», – деп оң бағасын берген тұрғында да кездесті.

«Ничего не изменилось, пока изменений не видим», – дейді біреуі.

Кейбір тұрғындар қаланың дамуына күмәнмен қарап, әзірге нәтижелерді байқамағанын жеткізді.

«Талай нәрседе өзгеріс болды, жаңа мықты райондар салып жатыр, қаланың тазалығын білмеймін. Жақсы ұнайды», — деп бағалады.

Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)

«Поворот налево сделал, больше ничего глобального такого ничего не замечаем», — деген пікір де кездеседі.

Ал енді бірі: «Аллею сделали, в городе чисто. Старается, наверное, для народа. Молодец», – деп пікір білдірді.

«Я сама пенсионер. Была пенсия 100 тысяч, проезд был бесплатный. Теперь сняли. Особых изменений не вижу», – дейді қала тұрғыны.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы мамыр айында облыс әкімі өңірдің дамуына қатысты жоспарымен бөліскен болатын. 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями