Популярные темы

Әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өтті

Дата: 16 декабря 2024 в 14:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өтті
Стоковые изображения от Depositphotos Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Т.Джузбаеваның қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.
Семинар барысында С.Т.Джузбаева мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің іс – әрекеттеріне қатысты БАҚ, сондай – ақ түрлі интернет – ресурстар мен әлеуметтік желілірдегі жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жүргізілетініне назар аударды. 
Мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі жөнінде айтып, түсіндірілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарына қатысуға, бәс тігуге және құмар ойын мекемелеріне баруға тыйым салынатындығы туралы заңнамаға енгізілген шектеулер жөнінде атап өтті.
Департаменттің  қызметкерлері барлық қойылған сұрақтарына толық жауаптар алды.
С.Магзимбекова – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями