Қазақстанда мемлекеттік органдардың азаматтар өтініштерін қарау сапасын арттыру және негізсіз қайта жолдау деректерінің алдын алу бағытында жұмыстар күшейтілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Осы мәселелерге арналған кеңес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшылығымен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде өтті.
Жиында мемлекеттік органдардың өтініштерге формалды жауап беруі, оларды бірнеше рет басқа ведомстволарға жолдауы және азаматтардың мәселелерін шешудегі жауапкершілігі талқыланды.
2026 жылғы 8 қарашадан бастап өтініштерді үш реттен артық қайта жолдаған жағдайда мемлекеттік органдар өз шешімінің құқықтық негізін жазбаша түсіндіруге міндетті. Бұл талап азаматтардың өтініштерін сапалы қарауға және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Кеңес қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге өтініштердің туындау себептерін жан-жақты зерделеу, жүйелі мәселелерді шешу және азаматтарға өтініштері бойынша нақты әрі мазмұнды жауап беру тапсырылды.
Фото: Жасанды интеллект арқылы
По сообщению сайта Arna Press