Популярные темы

Мемлекет: новости — страница 13

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады

Arna Press, 26 октября 2023 в 15:00

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады
Мемлекет осал топтағы азаматтарға берген жалдамалы баспананы халық көп ұзамай жекешелендіре алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етті.

Семейлік ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын президент қолынан алды

Arna Press, 25 октября 2023 в 17:58

Семейлік ұстаз
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Семей қаласы №7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шүкежановаға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республика күні қарсаңында өз кәсібіне берілген, шығармашыл, үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маманға Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.Алма Сайдахметовна №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1983 жылғы 1 қыркүйектен бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Заңсыз құрылыстың зардабы. Алматыда 80-нен аса жер үй сүрілмек 24 октября 2023, 16:53

Tengrinews, 24 октября 2023 в 17:03

Заңсыз құрылыстың зардабы. Алматыда 80-нен аса жер үй сүрілмек
                24 октября 2023, 16:53
Алматыда заңсыз құрылыстың салдарынан 80-нен аса баспана сүрілуі мүмкін. Жер алып, үй салу үшін аэропорттан рұқсат алған Қонаев тұтыну кооперативіндегі бұқара бас жоспардың өзгеріп кеткеніне наразы. Тұрғындардың сөзінше, қайта жоспарлау кезінде баспаналары қызыл сызық бойына өтіп кеткен. Әкімдік пен қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан мардымды жауап ала алмаған бұқараның базынасын Massaget.kz тілшісі біліп қайтты.

Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті

Arna Press, 24 октября 2023 в 15:28

Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті
Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.Енді олар жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Мұндай мүмкіндік жауынгерлік қабілеті мықты сарбаздарға берілді. Олардың барлығы былтыр күзде ғана әскерге шақыртылған.Жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі.

Қазақстандық оқытушылардың жалақысы айтарлықтай көтерілуі мүмкін

Arna Press, 24 октября 2023 в 15:28

Қазақстандық оқытушылардың жалақысы айтарлықтай көтерілуі мүмкін
Университет оқытушыларының жалақысы көтерілуі мүмкін, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ол комитет депутаттары республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін атап өтті.«Әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджеттің жобасына арнайы түзетулерді ұсынды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды

Akorda.kz (KZ), 23 октября 2023 в 09:06

Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Президент ҚР Құтқарушылар күнімен құттықтады

Arna Press, 19 октября 2023 в 10:38

Президент ҚР Құтқарушылар күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді.

Астана әуежайы шетелдік компанияның басқаруына өтеді

Arna Press, 18 октября 2023 в 11:58

Астана әуежайы шетелдік компанияның басқаруына өтеді
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Инвестор елорда әуежайының қызметіне жан-жақты баға беріп, кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және жалпы әуе айлағының тиімділігін арттыру үшін жедел басқаруды өз қолына алады.
Показано 30 новостей из 2 013