Популярные темы

Мемлекет: новости — страница 18

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді

Arna Press, 06 сентября 2023 в 17:48

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, барлық түрлі саладағы меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаймақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты.

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты
Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы.

Үржар ауданында 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған

Arna Press, 05 сентября 2023 в 19:18

Үржар ауданында 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған
Абай облысы әкімдігінің Ішкі аудит қызметі қаржылық бақылау жүргізіп жатыр -, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы әкімі аппаратында Ішкі аудит қызметі құрылған сәттен бастап 6 бірдей тексеріс жүргізді. Құны 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты мен мемлекет активтері тексерілді.

В Темиртау подвели итоги проекта «Жасыл ел-2023»

EKaraganda.kz, 05 сентября 2023 в 17:45

В Темиртау подвели итоги проекта «Жасыл ел-2023»
В текущем году в трудовом отряде «Жасыл ел» трудоустроено 468 молодых людей в возрасте 14-35 лет из Темиртау, что на 64% больше, чем в прошлом году (300 человек в 2022 году). Из них 150 бойцов были задействованы в первом сезоне, 206 бойцов во втором сезоне и 112 бойцов в третьем сезоне. В процессе набора большое внимание уделялось подросткам из социально уязвимых слоев населения, около 40% участников — подростки, нуждающиеся в особой поддержке со стороны государства, в частности, многодетные семьи — 41, неполные семьи — 28, малообеспеченные семьи — 2, категория «кандасы» — 92, дети-сироты — 19, люди с ограниченными возможностями — 1 и категория NEET -5 (всего 188 детей).Продолжительность рабочего времени для лиц до 16 лет составляла 4 часа, включая обеденный перерыв, а рабочее время бойцов 16-35 лет — не менее 6 часов.За счет увеличения месячного расчетного показателя зарплата бойцов от 14 до 16 лет составила 70 тысяч тенге, от 16 до 35 лет — 105 тысяч тенге.В рамках проекта убрано 289 территорий города Темиртау и поселка Актау, что охватывает около 256 га земли.Работы по уборке проводились в парках и скверах города, на прилегающих территориях социально значимых объектов, на территориях многоэтажных жилых домов.По итогам сезона молодые люди были награждены благодарственными письмами, а лучшие бойцы – памятными подарками.В рамках проекта для бойцов «Жасыл ел» было организовано 48 мероприятий.

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді

Arna Press, 05 сентября 2023 в 13:18

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді
Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды», – деді Президент.Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.«Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деді Президент.Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды«Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», – деді Президент.Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.Сурет: Aqorda.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді

Arna Press, 04 сентября 2023 в 17:08

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді
Үкімет «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжат бойынша, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналады.Министрліктің мынадай ведомстволары бар:Міндеттері:Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:Құжат 18 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қайта құру Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес іске асырылады.2 қыркүйекте Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.Сурет: Zakon.kz
Показано 30 новостей из 2 018